XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді .....
Қасиетіңнен айналайын қазақ жері, сенің әрбір тауың мен тасыңда, суың мен нуыңда бабамыздың шоқ басып, шөңге қадалған табанының ізі қалған. Қызыл қаны мен маңдай терінің кермек иісі сақталған. Өз жерінде өгей болып өскен халқымның шемен боп қатқан қасіреті бара-бара қара тасқа айналып, шерлі жүректің шежіресінен сыр шерткендей. Азат өмірді аңсап өскен ата-бабаларымыз өз жерінде отырса да, басына үйі, бауырына қазаны бұйырмай, қаншама жылдар қайғы жұтып, қасірет тартпады дейсің. Алайда бұл жылдар ерен ерлікке, қайыспас қаһармандыққа толы болғанын біз бүгін сүйсіне еске аламыз да, аталар аруағына басымызды иіп тағзым етеміз. Тағзым жасай отырып, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Сырым, Амангелділер мінген тұлпарлардың тұяғының ізі қалмады ма екен деп, шақпақ тас пен шағыл құмға еріксіз үңілеміз.......
Елік Бердімұрат 1998 жылы туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығының студенті. Павлодар облыстық « ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» олимпиядасының жүлдегері. Көркемсөз оқу шебері.
Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішінде орын алған (1803-1892) бүкілхалықтық толқын – Жайық сыртындағы кең байтақ даланы қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып, қосылуды көздеген халық талпынысынан туған еді. Сырт жақтағы өздерінің туған- туыстарынан ажырап, әрі жан-жағынан, берісі Жайық өзені мен Каспий теңізінен бастап Еділ бойына дейінгі аралықта орыстың елдімекенімен, әскери бекініспен қоршалып қалған осынау қарапайым халықтың бұл талпынысының шыққан басты себебі Жайық сыртындағы қазақтар толықтай бостандықта өмір сүрді де, оларға орыс үкіметі мен Ордадағы басшылар тарапынан басыбайлы құл етіп ұстаудың қауіпі төнген жоқ . Жайық сыртына өтуге деген бұл талпыныс, әсіресе, малдары жаппай жұртқа ұшырап қырыла бастаған және басқа да көлденең қарсылықтардан халықты қайыршылыққа душар еткен шаруашылық дағдарысы тұсында ерекше қаулай түсті . 1818 жылы үкімет қазақтардың Нарыннан Кіші ордаға , яғни Жайық сыртына өздігінен өтіп кетуін тыю жөнінде жарлық шығарған соң олар өздерінің аса бытыраңқылық дәрежесіне қарамастан , линиядан “қарулы қолмен “ өтіп шығамыз деген ниетте болды. Орданың ішкі рулық құрлысына қатер төндірген Жәңгір ханның барлық шарасы – 1827-28 жылдардағы қоғамдық ауыртпалық және Қайыпқали сұлтан мен тағы басқалардың ”кешікпей қазақтар басыбайлы шаруаға айналып,Еділдің оң жақ жағалауына қоныстандырылады да сол жақта орыс казактарымен бірдей әскери борышын өтеуге жіберіледі “ деген лақап үгіті – бүкіл Орданы дерлік көтеріліске аяғынан тік тұрғызды. Алайда, арғы жаққа өтуге ұмтылған қараусыз халық бұқарасының барлық әрекеті Орал казактарына қарама- қайшы келді де, олар мұны көбінесе тыйып тастап отырды. Өздерінің әрбір сәтсіз әрекетінен соң шұбырған халық ескі қоныстарына қайтып оралып, уақытшатыныштала тұрса да, кезекті сыртқы дүмпу ықпал еткен кезде қайтадан көтеріліп, линияға қарай қайталап ....
Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Моңғолияның дербестігіне айырбасталды.....
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезіндегі ұлы империя үлестік мемлекетте отарлады жаулап алу системасын қарқынды түрде жедел қарқынмен өрбітті, соның нәтижесінде олардың қалтасына келіп құйылып жатқан олжалардың санында есеп жоқ болатын. Есесіне олар Африкада отарларын барған сайын қанап, халықты езгінің астына алды. Қулығына найза болаттың ұлы супердержава стстусындағы Англияның осы сөз қылған даьалар ішінде әлемдегі отарлар басқарудың ең негізгі құралына айналды. Англиядан басқа кәрі құрлықтың ең тырнақ алды мемлекеттері осы кезеңде отарлар иемденуді тым қарқындатқаны соншалықты, әлем картасының 70 – 80% өз пайдаларына шегініп үлгерді. Осы аталған уақыт шеңберінде Англия сияқты ірі держава Африкғадағы елдерде өзінің байырғы қарсыластары Германия, Испания, Португалиядан өң бойы озып, қара құрлықтағы 50 – ге жуық мемлекеттерді өзінің бауырына басып үлгерді. Осылайша Африка құрлығының барлық мемлекеттері Европаның державаларына жемдік болуларына тура келген еді. Жұмыстың өзектілігі: Біз сөз қозғап отырған жұмыс негізінен, өте күрделі, әрі көп ізденістер мен еңбектерді талап ететіні сөзсіз. Тақырып өзеге болып табылатын қырлар баса назар аударып айтар болсбақ әрине көп – ақ. Соның ішінде ревалюцияның қалайша тез арада бүкіл халықтық сипат алып, кең жайылуы, сонымен қатар алма – кезек орын алып отырған толқулардың ерекшеліктері және олрадың жетістіктері мен нәтижелері толық айтуымызға болады. Жұмыстың зерттелу тарихы әлемнің ең ерекше құрлығы сонымен африкадағы орталық езгіге қарсы ұлт – азаттық күрестер ғалымын не болмаса назарын өзіне аудармай қоймайды. Бұл жұмыс өте қызық. Ал енді осы қызықтың соңына түсіп, оны жаңа үлгілермен толықтыру ісінде көптеген ғалымдардың есімдегі тілге тиек етіп, атап шығуымызға болад ....
Тақырыптың өзектілігі. ХVIII – ХІХ ғасырлардағы болып өткен барлық көтерілістерден Кенесары бастаған көтерілістің ерекшелігі бүкіл үш Жүз қазақ шаруалары дерлік қатысты. Кенесары көтерілісіне феодалдық қозғалыс деп айдар тағу дұрыс емес. Бұл қозғалыстың басында кім тұрғанына қарамастан бұл көтеріліс ұлт – азаттық шаруалар көтерілісі сипатына ие. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. Курстық жұмыстың мақсаты : Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашып көрсету. Курстық жұмыстың міндеттері:
• Көтерілістің алғышарттарына талдау жасау; • Көтерілістің барысы және тарихи маңызын зерттеу; • Статистикалық мәліметтерге тарихи тұрғыдан назар аудару; • Көтерілістің жеңілу себептері мен сипатын ашып көрсету.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлтазаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты: - Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. - Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу. Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру. Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі. Көтерілістің негізгі мақсаттары: 1. Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау. 2. Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату. 3. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. ....
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді. Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті. Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. ....
Қазақстан Республикасы-қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы-қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды. ХХ ғасырдың басында Қазақстан, Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады......