Курстық жұмыс: Құқық | Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу принциптері

Қазiргi жағдайда Қазақстан Республикасындағы жүрiп жатқан экономикалық өзгерiстер, нарықтық қатынастың дамуы, жаңа туындаған құқықтық қатынастарды реттейтiн заңдардың қалыптасуы азаматтық сот iсiн жүргiзуде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуына прокурорлық қадағалау жұмысын күшейтудi талап етедi.
Осыған байланысты прокуратураның ролi елеулi түрде өсуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетiлгендей, прокуратура мемлекет атынан республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Осы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдарының құқықтар мен мiндеттер жүктелген. Сол құқығының бiрi сотта қаралып жатқан азаматтық iстерге қатысуы. Бұл прокуратура органдарының қызметiнiң бiр бағыты ғана. Прокуратура органдары азаматтық iс жүргiзiудiң барлық сатыларына қатыса алады. Оның соттағы азаматтық iс жүргiзуде қатысуына басты себептердiң бiрi болып азаматтың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, сондай-ақ сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу бiрнеше сатыдан тұратынын бiлемiз. Бұл сатылардың барлығы азаматтық iс жүргiзуде алатын орындары ерекше және әрқайсысы өзiнше маңыздылығымен ерекшеленедi. Осы жалпы азаматтық iс жүргiзуге прокурордың қатысуы менiң бiтiру жұмысының зерттеу объектiсi.
Азаматтық iс жүргiзуге қатысатын прокурордың процессуалдық жағдайы қандай? Бұл сұрақ бұрыннан берi процесуаллист ғалымдардың арасында пiкiр талас тудырып келе жатқан мәселелердiң бiрi.
Прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы ретiнде оның процессуалдық жағдайы қандай екендiгi, басқа қатысушылардан айырмашылығы қандай, оның азаматтық iс жүргiзудегi қатысу ерекшелiктерi, iске қатысу нысаны менiң осы жұмысымда зерттелiп қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі. Прокуратура органдарының қызметі кез келген саладағы заңдылықтың сақталуын қадаалау болып табылады. Сол себепті прокуратура органдарының қызметін жетілдіру жалпы заңдылықтың сақталуын дамытуға, құқық қолдану процесін барынша тиімді етіп ұйымдастыруға көмектеседі. Жұмыс барысында прокурордың заңдылықты қадағалау мақсатында азаматтық іс жүргізуге өз бастамасымен немесе тараптардың иалап етуі бойынша қатысуыныңы өзара айырмашылықтары, ерекшеліктер және ұқсастықтары қарастырылған. Сондай-ақ, прокрордың ІІ сатыда, апелляциялық негізде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс қарауға қатысудың құқықтық қажеттілігі, негіздері, іс бойынша шешім шығаруға тигізетін әсері баяндалған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Талап өндірісінің түсінігі және маңызы

Кіріспе
Талап өндірісінің құқығы және әр түрлі ұғымдар. Талап өндірісі туралы айтылғанда еңбек өнімдерінің тиісті нысандарын иеленумен шарттастықтағы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы сөз болады.
Талап – қоғам өмірінің шарты. Талап өндірісінің сипатындағы экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.
Талап өндірісі объективті және субъективті мағынада түсініледі. Объективті мағына бойынша талап құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдерін иелену, пайдалану және оларға билік ету қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Талап өндірісіне субъективті мағынасында – белгілі бір адамның нақты мүлікке қатысты құқығы болып табылады. Талап өндірісінің иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары тиеселі. Бұл құқықтар, дәлірек айтқанда, меншік иесінің құқық өкілеттілігінің яғни адамдағы талап өндірісінің мазмұнын құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Бата-тілек: Ер - азаматқа бата

Жазықсыз жаладан сақтасын,
Арқаңа ауыр жүк батпасын.
Сөйлесең шешуші сәттерде,
Сөзіңе ағайын тоқтасын.

Еңбегің еленсін әрдайым,
Арайлап жайнап бер таңдайын.
Ер болып туған соң анадан,
Ойлай жүр халықтың жағдайын......
Баталар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы

Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді.
Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз.
Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтағы мәміле институты

Диплом жұмысының мақсаты – азаматтық құқықтағы мәміленің мәнiн, мазмұнын ашу, олардың жасалу тәртiбiн қарастыру, кейбiр мәміленің түрлеріне қысқаша сипаттама беру.
Диплом жұмысының мiндетi – азаматтық заңнама бойынша мәмілені құқықтық талдау, Мәміле мен шартқа қатысты сот тәжiрибесiн жинақтау, осы тақырып бойынша проблемалық мәселелердi шешуге тырысу.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болма ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0