Ертегі: Елеместің адамгершілігі

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді. Күні жетіп әкелері ауыр науқастан қайтыс болады. Бар жиған-тергенін балалары әкесін жерлеуге жұмсап, өздері панасыз қалады. Басқа амалдары қалмаған жетім балалар күн көру үшін алыс жолға аттанады. Ұзақ жүрген үшеуінің алдынан екі айрық жол шығады. Осы жерде таста қашалған сөздер бар екен. Онда екі бағыт көрсетілген: біреуі – барса келмес, екіншісі – барса қайтар. Ағалары.....
Ертегілер
Толық
0 0

Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы

Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ Диабет кезінде.
Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы - 2 апта. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (қмж): Табиғаттағы өзгерістер алғашқы адамдар өміріне қалай әсер етті (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмір
Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы өзгерістер алғашқы адамдар өміріне қалай әсер етті
Сабақ мақсаттары: Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен кәсібінің қалыптасуы мен дамуы турады біледі
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Адам ұрлаудың объектісі

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар конститутциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар күнделікті өмірде әртүрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.
Біздің респуликадағы адам бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына қол сұғуға жауаптылықты белгілейтін қылмыстық заңнама елдегі жүргізіліп отырған қылмыстылыққа қарсы саясатқа сәйкес дамытылып, жетілдіріп отырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясында көрсетіліп кеткендей қылмыстық заңнамада бастама заңмен қорғалатын ең қымбат әлеуметтік құндылық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтары алынуы керек. Адам бостандығына қол сұғушылықтан қорғаудың конститутциялық кепілдері біздің конституцияның бірнеше нормаларынан көрініс тапқан. Мысалы Конституцияның 1- бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Яғни біздің Негізгі заңға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеу

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Жауаптылықты жеңілдететін жағдайдағы адам өлтіру

Кіріспе
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемелекетпен қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әрқашан артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, ауырлық деңгейіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішіндегі адам өлтіру қылмысы ең ауыр санаттағы қылмыстар тобына жатады.
Ал нақты жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру қылмыстарына келетін болсақ, бұл да өте маңызды әрі күрделі сұрақ. Бұл салада даулы мәселелер өте көп....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен адамның таппаймын өнерлісін)

Мен адамның таппаймын өнерлiсiн,
Ерiнбей еңбек қылған көп жұмысын.
Iш жарып, iшек жалғап, сүйек қиып,
Жамайды ерiн, мұрын, түскен тiсiн.
Аэроплан‚ телефон‚ грамофон,
Электр, радий мен магнит iсiн.
Терең оймен тексермес надандарды
Дегiзген: «Сaйтанбысың, Тәңiрiмбiсiң?»....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріндегі жеке адамның даму тәрбиесі жөніндегі мәселелер

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың көкейкестілігі
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Курстық жұмыстың мақсаты....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

Кіріспе
Біздің курстық жұмыстың тақырыбы «Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері,яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда.
Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0