Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Рухани адамгершілік құндылықтар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.4.1.- тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдау
Сабақтың мақсаттары: Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін ажырата алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІ

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қырқүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау қағидалары

Зерттеудің өзектілігі: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитациялау) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу болса, екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік реабилитациялау іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес ( ББҰ, 1975 ж.) мүгедек - туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік, және ақыл-ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктерін өздігінше қамтамасыз ете алмайтын адам.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау – олардың құқығын, денсаулығын, әлеуметтік мәртебесін, әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.
1992 жылы бесінші мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 -сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік – денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы адамдар өмірінен А.Эйнштейн (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ұлы адамдар өмірінен.... А.Эйнштейн
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, маңызды ақпараттарды ажырата алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мағзом Сүндетов | Адам деген қызық

Күннің ыстығынан көгілдір аспанның түсі оңып, шақытып тұр. Жасыл жотаның үстіндегі сұрғылт ауыл ертеңгісін етек-жеңін жимай, көсіліп жатқандай еді, қазір ол да жиыла қалыпты. Өзен беттегі ойпат қана түс бермейді; анау ақ жібек белбеудей соқпақ болмаса, төңірек — қалың мия, қоянқарта, ажырық өскен жап-жасыл; бетімен көлеңке жүгіріп, толқынданып жатыр. Көктемде өзен арнасынан шығып осы өңірді ен жайлайды да, шілдеде дегдіп, жайқалған қауға айналады. Сонан қара күзге дейін бұ жерге орақ та түспейді. Шідерті колхозы шөпті алыстан шабады; бұған тимейді, ауылдың ұсақ жандығына арналған несібе.

Жалғыз аяқ ешкі соқпақ ауылдан шығып, жыландай ирелендеп өзенге қарай жорғалап барады. Бұл соқпақты су да, қар да, шоп те жұта алмаған. Талай-талай керуен сүрлеуі жоғалса да, соқпақ үзілмейді; қатын-қалаш, бала-шағаның жалаң аяқ табанымен тапталып тақырға айналған, тек өзенге жете бере түс беріп, күреңітіп бойына ылғал тартатыны бар. Әне, иінағашқа екі шелек су іліп, қызыл ала көйлекті, қара шашты қыз ешкі соқпақпен ауылға таман дірдектеп келеді; қыр мұрынды, ақ құба жүзі алаулап, тарының түйіріндей ұп-ұсақ тер кең маңдайында жылт-жылт етеді. Әлсін-әлсін ұялы бота көзіне түсіп кете берген екі-үш тал бұйраланған ерке шашын астыңғы ернін шүйіре жоғары үрлеп қояды. Бі лектей қос бұрымның бірі оң иықтан құлай, жауырынында тербелсе, енді бірі кеудесінде, жұқа көйлек астынан білінер-білінбес анар үстінде аунап, ойнап келеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0