Әңгіме: Алматы Бейжің ынтымақтастығы


19 маусым күні аспан асты елінің өкілдері ынтымақтастық ұсынысының жоспарымен таныстыру үшін оңтүстік астанамызға келді. Алдағы уақытта Бейжің қаласы туризмді дамыту комитеті Қазақстан-Қытай байланысын нығайтып, сауда-саттық пен туризм саласында айтарлықтай жетістікке жетуді көздеп отыр. Іс жүзеге асса, Алматы мен Бейжің арасындағы экономикалық үдеріс жаңаша дами түспек.

Аталған жоспар бойынша Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне сай туризм дамып, фармацевтика саласында дəрі-дəрмек өндірудің тиімді жолдары қарастырылады. 2015 жылдың 14 желтоқсанында Бейжің қаласында қол қойылған "ҚР ИДМ мен ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқарма арасындағы қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтық туристік сапарын жеңілдету және туристік лектің санын арттыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына" сай жүзеге асады.

Осы уақыт көлемінде Қазақстан-Қытай ішінде бірталай жоспарлар жүзеге асты. Оның ішінде сауда-саттық пен туризм саласы бойынша бірлескен жобалар жетерлік.Келешекте іргелес елдің тың жобасы жүзеге асса, ел тауарларын өзге де аймаққа сатуға жол ашылмақ.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін және ондағы Қазақстанның рөлі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды. Ұйым құрамында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше екі бірдей алып мемелекеттің, яғни Қытай мен Ресейдің болуы оның халықаралық деңгейде үлкен саяси беделге ие болуына және өңірдегі осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңестіре ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ қызметі ешбір елге қарсы бағытталмаған және ашық жағдайда жұмыс істеуге бағытталған. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық көлемінде жауап береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан- Қытай ынтымақтастығы

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
Азия қауіпсіздігі туралы айтқан кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл ұйым КСРО мен ҚХР арасындағы күрт егес жағдайында қиындықпен тамыр жайды. Кеңес-Қытай қатынастары қалпына келе бастағаннан кейін шекара ауданында сенім шараларын нығайту туралы мәселелерді қарау үшін бірлескен топ құруға шешім қабылдады. Бұл уағдаластыққа сол кездегі министрлер Э. Шеварднадзе мен Цянь Цичэнь өз қолдарын қойып ресімдеді. Топтың кеңестік бөлігінде сол кезде осы күрделі үдерістің алға жылжуына зор үлес қосқан тәжірибелі қытайтанушылар Генрих Киреев пен Виталий Воробьев жұмыс істеді.
КСРО тарағаннан кейін осы аса маңызды салада одан әрі жұмыс істеу туралы мәселе тұрды. Әлі есімде, 1992 жылы наурызда мені Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырып, жұмысты жаңа пішімде жалғастыру қажетттігі туралы ұзақ түсіндірген-ді: бір тарап – Қытай, ал екінші тарап – біртұтас делегацияға біріккен жаңа тәуелсіз мемлекеттер болмақ. Келіссөздерді осындай пішімде жүргізу жөнінде ҚХР – мен жарты жыл бойы қызу пікір талас жүрді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық

Кіріспе
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым - қатынас сонау Ұлы Жібек жолының кезінде ақ басталған. Ол кезде созылып жатқан шексіз далада көпестер көрші мемлекетерден бастап, алыс елдерді сауда сатықпен айналысып кезетін. Бүгінгі күні Қытай сол баяғы Ұлы жібек жолын жандандыруға мүдделі екені бәрімізге аян.
Қытай қазіргі таңда экономикалық, саяси және әскери жағынан алпауыт мемлекеттердің бірі болып отыр. Сонымен қатар ол ядролық держава статусына да ие. ҚХР Азия Тынық мұхиты аймағы және Оңтүстік Шығыс Азияда өзінің геоэкономикалық және геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда. Сондай - ақ ол Орталық Азиямен, оның ішінде Қазақстанмен экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. Оның геостратегиялық мүддесі десекте қателеспейміз. Қытайдың қарқынды жатқан экономикасының әрі қарай дамуы үшін көп мөлшерде көмірсутек қажет. Ол мұнайдың 60%- на жуығын Араб елдерінен алады. Осы маршруттың арақашықтығы да ұзын және бұл аймақ саяси тұрақсыз. Сондықтан Қытай Қазақстанның мұнай - газ секторында өзіндік орынды иеленгісі келеді. Ол осы салаға инвестицияны да құйып жатыр. Құбырлар салып, жаңа жобаларды іске асыруға ұмтылуда. Сондай - ақ екі елдің арасында сауда саттық қарқынды дамып жатыр. Аталмыш курс жұмысының өзектілігі - аспан асты елін Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүдделерін қарастырып, зерттеу. Курс жұмысының - мақсаты екі елдің экономикалық байланысы қандай дәрежеде екенін зерттеп, сараптамалық жұмыстарды жүргізу.
Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында атап кеткендей: «Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұрды. Бұл мемлекеттілікті қалыптастыру, ... демократияландыру үрдісін дамыту, ... сыртқы саяси курсты жандандыру ...» ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сценарий: Достығымыз жарасқан! (1 - мамыр достық күніне арналған ертеңгілік)

Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0