Ғұлама Шәкәрім Құдайбердиев жөне оның ұрпақтарының қилы тағдыры туралы артындағы шөпшегіне тікелей жататын Тобықты руының зерделі қызы Эльмира Назарқызы екеуіміздің ғылыми ізденісіміздің нәтижесінде Ұлы тұлғаның көп айтыла бермейтін өмір кереметтеріне көз жеткізе отырып, оқушы қауымға ұсынуды жөн санадық. Ғұлама Шәкәрім және оның ұрпақтарының қилы тағдыры. Географиялық рельефінің орналасуына қарай Ұлы Дала деп аталған ұсақ - шоқылы Сарыарқалы кең жазықтықта Ақ - Орда атанған тарихи мемлекеттің тарихи мұрагері Қазақ елінің өзіндік тілі, ғұрпы, салт - дәстүрлері, фольклоры мен әдебиеті көзге ұрып тұрғандай ерекшеленгенімен - анықтап зерделеген жанға әлемдік мәдениетпен сабақтасып жатқандығын бірден аңғару онша қиынға соқпасы анық. Екінші жағынан Қазақ шежіресінің ерекшелігі мен мақал мәтелдері, фольклоры ғаламдық диалектикалық философияның Азия бөлігіне, оның ішінде тек қазақ ұлтының өзіне ғана тән ой - толғау табиғаты бірден танылады......
Кіріспе Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор. Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.....
Адамның ең жақсысы Үш нәрсеге шоқынар, Мақтаны, асы нәпсісі - Шоқынғаны осылар. Асты билер жас болса, Мақтанар, баққа мас болса. Аулақта арам ас болса, Асаудан деме шошынар. ....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 6-сабақ Оқу мақсаты: А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау Сабақ мақсаты: Оқушылар: Шығарманың тілдік ерекшелігін талдап, автор стилін анықтайды.....
Мен кетемін, келеді тағы өмірге мендей, Олар мінді көреді, қисық жерін жөндей. Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы, Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес сенбей. ....