Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық, Ақылдың шолғыншысы – ойқұмарлық. Таза талап талпынып ойды айдаса, Байқалар көрнеу, таса, жоқ пен барлық. Азат ақыл ойланбай мида жатса, Шiрiп, тозып тартқызар ол бiр зарлық. ....
Көрiнiске шоқынған, Сопы бiздi не бiлсiн. Не десе де сыртымнан, Ренжiмеймiн, неғылсын. Ақ көңiлдiң кезiне, Не келсе де - жақсылық. Тура жолдың тезiне, Түскен көрмес тапшылық. Бiр жаяуды жүремiн, Ойын болар порым жоқ. ....
Кіріспе ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық, тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек. Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол м індеттер жүктеді. Ендігі жерде халықтық лирика бұқараның қоғамдық жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейнелеуге ұмтылды. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге әзір елгезек лирика жанрының маңызы бұл кезеңде ерекше өсті.....
Қайтер еді, жігіттер, Тым қымбатты кимесек. Мақтан үшін борышты Үсті-үстіне үймесек. Қаладағы байлардың Ыңғайына билесек. Аяғында қайтеміз, Банкрот боп күйресек. Орта кисек ұрса ма, Біз ешкімге тимесек.....