Менің отаным - Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Осы елде өмірге келіп, білім қабылдап келеміз сонымен қатар қазақ тілінде сөйлеуді,қ азақ жұртының салт-дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын. Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген ақ жүрек махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.......
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне,оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі. Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды; Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді......
2016 жылдың жаз мезгілі. Алматының күйбелең қарбаласын артқа тастап, әсемдігімен көпті таң қалдырған Көлсай көліне бет алдым. Көңілде алабұртқан екі сезім ұштасқандай. Бірі оқушылық өмірді артта қалдырып, стіденттік өмірге қадам басқалы отырған қуаныш сезімі болса, енді бірі ҰБТ-дан аз балл жинап қалдым-ау деген өкініш сезімі. Көлсай көліне аттануымның басты себебі осы ҰБТ еді. Ата-анам барып сергіп қайт деп жіберген. Әке-шешемнің маған артқан үміттерін ақтай алмай қалдым-ау деген беймаза бір сезім тағы бар. Ол кісілер бұл өмірдің шағын ғана сынағы, ештеңе етпейді, сені оқытпағанда кімді оқытамыз деп жұбатқан. Неде болса барлығы артта қалды. Алда тек ....
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», - деп ақиық ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай сан соқтырған 70жыл бойы Кеңес үкіметінің қол астында болып, байлығы мен базарын иемденіп , болашағы мен бақытын болжай алмаған қазақ деген қарапайым халық едік. Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған дана да дана жан алға суырылып шықты.......
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Ақтамберді жыраудың толғауында «Аспанды бұлт құрсайды, Күн жауарға ұқсайды» деген тұстары бар ғой. Міне, бүгін дәл осындай көрініс байқалады. Сіркіреп жаңбыр да жауа бастады. Па, шіркін-ай, жауынның иісін-ай! Бұл иіс маған ауылдың топырағын сағынтады. Құстар да жылы жаққа ұшып үлгерген-ау, көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады.......
Мен жыл мезгілінің ішінде көктем мезгілін жақсы көремін. Көктем мезгілінің әсіресе наурыз айын ерекше жақсы көрем. Себебі наурызда анамның, әжемнің мейрамы 8 наурыз мерекесі бар. Ал 22-наурызда біз бәріміз «Наурыз тойын» тойлаймыз. Бұл біздің еліміздегі ең үлкен мерекеміз. Наурыз......
Көктем ... Шуақты көктем, шұғылалы көктем. Әсіресе, бұл көктемді бақ иелері мен дихандар қалай күтеді десеңізші! Көктем шығысымен олар жер ананың төсін гүлге орайды. Гүл. Біздің ата-бабаларымыз «жердің көркі - гүл» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Көктемгі бақтың ең әйгілі гүлі – қызғалдақ (тюльпан). Қаhарлы қыстан жалыққан адам көңіліне қуаныш сыйлап, сәулелі сезімді қытықтап оятатын да осы гүл. Сондықтан да бақ иелері өздерінің бақшасын гүлдендіруді қызғалдақтан бастайды. Сондай ақ, бұл гүл мектеп ауласында да әдемі көрік береді.......
Біздің ауыл – қалаға жақын орналасқан, жасыл желекке оранған шағын ауыл. Ауылымызда әртүрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп, онда түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып тұрады.......
Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгілде үш ай бар. Жылдың басы қаңтар айынан басталады. Қыста қар көп жауады. Өзен-көлдердің бетін мұз басады. Адамдар жылы киініп жүреді. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.......
Табиғат тылсым дүние, ол біді өзіне баурап алады. Табиғат өте әдемі оның көркіне көз тоймайды. Оның мөлдір бұлағы, ну орманы, сарқырап аққан тау суы ақының шабытын оятатын, суретшінің суретіне жан бітірітін осы бізді қоршап тұратын табиғат. Біздің табиғатымыз ол Жер – Ана, туған жер. Туған жер қасиетті кіндік қаның тамған қасиетті жер. Шыр етіп жерге түскен минутыңнан–ақ туған жердің исін сезе бастайсын. Туған жерді сан жылдардан бері ата-бабамыз біліктің күшімен, найзаның ұшымен анталаған жаудан қорғап ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Туған жердің табиғатын қорғау біздің парызымыз.......