Қазақша эссе: Ата, Менің атам

Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған....
Эсселер
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Екібастұз қаласы

Екібастұз қаласы - Павлоодар облысындағы ең әдемі қалаларының бірі. Тіпті облыс қана емес, бүкіл еліміз, шет елдіктерге де жақсы таныс қала.Өйткені, Екібастұзда жер асты байлығы.....
Шығармалар
Толық
5,5 -3,5

Шығарма: Экология және денсаулық

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Рахмет, Ана!)

Ана! Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт!Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын бөлген Күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі.
Ананың махаббаты,ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір,жібектей нәзік,шынайы. Оның құшағы – ең жылы.Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?!Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Адамдар – барлығы өз аналарының .....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода , элегия , баллада , сонет , т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай ( аңшылық , төрт түлік , наурыз өлеңдері ), ескілікті наным-сенімге байланысты ( бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі ( салт , үйлену , мұң-шер өлеңдері), қара....
Шығармалар
Толық
20,5 -12,5

Қазақша реферат: Қазақтың күй өнері (жоспар)

Жоспар:

Кіріспе.
Күйшілік өнердің пайда болуы және дамуы.
Күйшілік аймақтар, олардың ерекшеліктері.
Қорытынды.

Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішігіңе
(Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы......
Рефераттар
Толық
15 -7

Қазақша шығарма: Ілияс Жансүгіров - лирик ақын

Жалпы ақындық қасиет адамға ерте қонатындығы, әдетте өлең шығару жас кезден басталатыны дүйім жұртқа мәлім факт. Бірақ сондай дарынға түрткі болатын игілікті жайт-ойы мен көңілін қозғар орта болмаса, оған қандай да бір жағдай жасасаң да, одан шығар нәтиже шамалы.
Ілиястың өскен ортасы да, өмір кешкен қоғамы да оның ең алғаш қалам тартып, ақындық жолға түсуіне түрткі болған, дарынын, ішкі талант құбылыс-қасиетін ашқан, әсемдік әлеміне жетелеген –Жетісу табиғаты мен өзінің туып-өскен жерінің сұлулығы. Әдетте, сұлулыққа тәнті болған адам ғана құштарланады, іңкәрлік сезімге бөленіп, толғанысқа, қиял-сезімге бой ұрады. Бұл жайтты Ілияс та басынан кешірген. Бойындағы сезімтал қасиеті оның ойын сан-саққа жүгіртеді, қинайды, әбден қалжырап, бәлкім қасындағы.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қамшы

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бір жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретінде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң....
Шығармалар
Толық
22,5 -12,5

Шығарма: Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұланғайыр ата-қонысының қалыптасуын, ата-бабаларымыздың елімізге, тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, батырларымыздың елі мен жерін, халқын сыртқы жауларынан қорғаған үлгісін жатқызамыз.
Елбасымыздың “ Нұрлы жол – болашаққа бастар жол “ атты Жолдауында “ 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы“ деп атады. “ Қазақ хандығының 550 жылдығын“, “ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын“, “ Ұлы Жеңістің 70 жылдығын“ ерекше атап өткен болатын. Бұл атаулы мерекелер 2016 жылы да аталып өтілмекші.
“ Соғыс басталды! “
Қандай қасіретті үн. Қазақтың мамыражай даласын қалың тұман басты. Тарихқа таңбаланған қаралы күндер бойы сіркіреген ажал рухы онымен тапталмайды. Арада қаһарлы 1418 күн откенде, бүгін бір ұрпақтың жанқиярлық ерлігі – Жеңіс те келіп жетті! Көктемнің көкорайлы сәтінде, бұлбұлы сайрап, құскөбелегі жадырап, жеңіс күнін олжалаған халқымыз әсем даланы “ Көктем “ биіндей құлпыртты. “ Жеңіс “ тойын тойлатты........
Шығармалар
Толық
0 0