Телегей-теңіз қан майдан, Тебіренді қыз бен ұл, Зеңбіректер аңырады, Тітіренді ой мен қыр. Мен де аттандым жорыққа, Ыр жүрейік кел, достар. Жау алғанда жағадан, Жарақтанбай кім тұрар. Арқыра тұлпар аттарым, Ауыздығың қаршылдап, Аттанайық майданға Қызыл жабу жамшылап......
Мен оқушымын.Менің өмір жайлы толғаныстарым мен өзіндік философиям, көзқарастарым мен өмірлік ұстанымдарым әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен мен өткен жылы ғана 70 жылдығы тойланған еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне шын жүректен қуанып, соғыс атаулыға бар пейіліммен лағнет айтқандардың бірімін. Себебі менің арғы атам Көмеков Нәдір осы соғыста хабарсыз кеткен. Ауылдан аттанған атпалдай азаматтың із-түссіз жоғалуы деген нағыз қасіреттің қасіреті екен. Әжеміз өзі өмірден өткенше батысқа қарап телмірумен күнін батырып, таңын атырыпты. Үзілмеген үміт, сағыныштан сарытап болған сенім, азаматын аңсаған арман көкейді тескен күдікке бой бермеген. Белгісіздік жанын жеп, тағатсыздықтың тұңғиығына батқанда әжеміз ,тіпті, соғыстан аман келгендерге қызғана, «ерлікпен қаза тапты» деп қара қағаз келгендердің жанұясына қызыға қараған. Ай, пендешілік-ай десеңізші! Өлі-тірісін білмей, сананы сансыратқан сансыз сұрақтың жауабын таппағаннан, өмірден өтті деген хабарын естіп, армансыз жоқтағанның өзі де бір ғанибет екен –ау! Сол сұм соғыстың салған жарасы,міне, 75 жылдан бері әлі сыздап келеді. Ал ,бұл жара тек біздің әулеттің ғана көкірегіне түскен жоқ еді. Қаншама ана баласынан айрылып, аңырап қалды, қаншама әйел жарын,жастығын жоғалтты, қанша бала ботадай боздап, әке мейірімі мен ата батасынан шектелді. Жесірдің көз жасы мен жетімнің жоқтауы жер-дүниені тітіретті. Қара жердің қабырғасы қасіреттен қайысты. Ұлы ғаламның тыныштығы бұзылып, адамзаттың арына дақ түсті.......
Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше? Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес Ойыл-өзен! Терең де емес, енді емес, Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда, Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...
Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Талда бұлбұл, жерде гүл, Төгілді әсем ақты жыр. Толқыды үні терең сыр... Бөленді сазға ой мен қыр. Құшақтап адам баласын, Тербелді дүние сол шақта. Қыдырып таудың арасын Бір күй шықты аулақта... Құбылды сол кез кең дала, Жарқылдап барлық тіршілік. Сайрады орман, сай-сала, Құлақпен тыңда, жанмен ұқ! Басталды сауық, қосты саз Талда бұлбұл, тауда шал......
Өмір – теңіз, тағдыр – кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.
Халық нақылы
Өмір – әрбір адам баласы үшін бір рет берілетін сынақ. Өмір – сүру бәріне бірдей берілген мүмкіндік. Халық арасында «Өмірге адам болып келу – Алладан, ал өмірден адам болып өту – адамнан» деген тұжырым бар. Сондықтан әрбір адамның өмірінің мәнді болуы тікелей өзіне байланысты. Бірақ , өкінішке орай кейбір адамдар өз өмірлерін бағалай білмейді.
Өмір, ең алдыменен өз отбасымен құнды. Өзіңізге жақын: еркелетер мейірімді – анаңыз болса, асқартаудай арқа сүйер – әкеңіз болса, өз өсиетімен жөн сілтер – атаңыз болса, рухани адамгершілік тәрбиемен сусындататын ертегішіл – әжеңіз болса, әрдайым қол ұшын берер жанашыр – бауырларыңыз болса, - бұл өмірде сіз ең бақытты жансыз. Себебі,кей адамдар мен балалар үйіндегі балалар отбасының жылулығын сезбей де , білмей де өсіп келеді.
Өмір - жан-жағымызға жақсылық жасап, қуаныш сыйлауменен құнды. «Сыйлық алғаннан гөрі, сыйлықты өзгеге берген жақсы» демекші, бұл өмірде жақсылық жасаған сайын ол өзіңе Алладан екі есе болып қайтады. Бұл арқылы біз өмір – бумеранг екенін түсінеміз. Әйгілі психолог Виктор Франкл да өмір мәнін осылай түсіндіреді......
Жүректе тұрар жалқы үнің, Жанымнан жалын жігер күт. Ұстазым, сенің әр күнің, Әр сәтің тұрған бір ерлік!
Фариза Оңғарсынова
Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі еңбекке баулу пәнінің мұғалімі, менің сүйікті ұстазым Бабаханова Гүлнар Қорғанбайқызына арнаймын.
Ұстаз-таудан аққан өзен секілді, жер бетін нұрландыратын, шәкірттеріне шуақ сыйлайтын Күн-Ана.Мен үшін ұстаз –екінші ата-анам, болашаққа айқын жол сілтер ақылшы. Оның жүрегі мейірімге толы.Біздің ағаттықтарымызды кешіре біледі.. Сондықтан үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімімді ұстазым деп атаймын.
Ұстазым менің, ұстазым! Өзіңмен өткен қыс- жазым. Менің ұстазым-Гүлнар апайымның үні әсерлі, асықпай мәнерлеп сөйлейтін жан. Оның бойынан бізге деген қамқорлығы,аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады.Иә, апайым менің жанымды түсінеді, ренжітпей, қателігімді сездіреді. Бұл тек қана дүниетанымы терең және кең жүректі адамның қолынан келеді.Ол -нағыз ұстаз. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйеді......