Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты....
Сәлем сізге, сәлем сізге, Ұлы съезд астанам. Мен балаңмын еркін өскен Шаттық әнін шырқаған. Мен армансыз бұл жалғанда, Күлімдеген күнде өстім, Балаусалы балғындайын, Желкілдеген түрде өстім. Мен туғанда Октябрьде, Жарқыраған таң екен. Мен туғанда Отанымның, Төрт түлігі сай екен. Бесіктен - ақ қызықты өмір, Мені әлдилеп күлдірген. Бесіктен – ақ анам менің!......
Құлпырды құмайт, жапты орман Колхоздың еңбек даласын. Жарқылдап күлді бар адам, Аралап тоғай арасын. Сасырды сусыз қаңсыған Тотыдай тоқсан түлеткен Жаудырды ел алғыс - алғыстан Кесемге, сүйген жүрекпен. Аңызақ соққан күндіз - түн, Шөлдерге бітті жана тұр, Ырысы болды колхоздың Құм сауырын басты гүл......
"Туған елдің түтіні күйесіз" дейді ғой? Әсте, сұңқар да қиясын,торғай да ұясын аңсайтыны белгілі ғой. Себебі сол табиғаттың заңы осы. Ғұмыр-дариямызда өлшеусіз толқыны тербелген туған жер жайлы алыста тұрып-ақ жазарым жетерлік..Айтарым көп-ті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де менің өскен жерім жұмақ мекен. Жо-жоқ, бәрі айтатын "жұмаққа" емес менің "жұмағыма" төрлетіңіз ендеше.! Туған жер-адам табиғатының тынысы. Менің балалық шағымның жұмағына айналған бұл мекеннің ауасы түгіл шаңынан жұпар аңқиды. Шуылында бір жанға жайлы тыныштық бар. Ал,күздегі ескен самалынан бір сырды ұзуға тиіссің! Терезе бойындағы тал-теректен, шашылған жапырақ бетінен шабыт алуға мәжбүрсің! Мал-жанның, құс тіршіліктің, тау-тастың, құбылған ауа-райының бір күндік ішкі дауысынан хабарыңыз болар ма? Әнге баладым өз басым.Тұнып тұрған табиғаттың таланты.Тіпті бір шығарма дерсіз! Автор табиғат секілді. Еріксіз,себепсіз еліңе деген алай-дүлей белгісіз сезімдерің қаламыңа тұсауланбай, жүрегіңе үстемдік етпей тұрмайды-ау,сірә! Қанатты кеңге, қиялды шыңға апаратын бұл сезімнің рухы биік қашан да.......
Мраморлы Мавзолейдің, Кіріп келсем ішіне. Көзін жұмып жатыр Ленин, Дақ түспеген түсіне. Бұл: Ұлы жан, терең мұхит... Қалың ойға батқандай. Бұл әлемге күн нұрындай, Жаз бергендей — атқандай. Қолтығынан қызыл жұлдыз Шығып күлім қаққандай, Барлық әлем жан рахатын, Содан ғана тапқандай.......
Үй – адамның басты баспанасы. Адамзат баласы жұмыр жер бетіндегі тіршілік атаулының биігі – адам болып жаралып, таспен тасты үйкеп от жаққаннан, қайла ұстап қайратын жұмсағаннан бері үй жасауға құмар. Бұл құмарлық ыстық пен суықтан, түрлі сыртқы күштерден қорғануға деген биологиялық, қала берсе, қарапайым тұрмыстық қажеттіліктен келіп шықты. Есте жоқ ескі заманда баспана үңгірден басталып, кейін ұра, одан беріректе лашық, жаппа, киіз үй болып жалғасып, келесі сатыда іргетасы қаланып, керегесі көтерілетін қазіргі тұраққа келіп табан тіреді.
Қазақ тілінде «үй» сөзі «шаңырақ», «отбасы», «түтін», «үй іші», «отау» және «баспана», «қоныс», «тұрақ», «жай», «там», «пана» деген сөздерге синоним ретінде қолданылады. Алғашқы синонимдік қатардағы ұйытқы сөздің «отбасы» екеніне қарап қазақ атамыз материалдық құндылықтардың бәрін отбасы құндылығының алдына әкеп басын идіріп, соған қызмет көрсеткізіп, қажетіне жаратқанын аңғарамыз.
Үй әрбір адамға керек. Өң мен түсі түрлі-түрлі, ниеті мен пейілі әр қилы адамзат баласының бір бөлігі басқа түскенге баспақшыл деп немесе тағдырына наласын жаудырып тулақтай болса да тұрақ-жайға жете алмай зар, бір бөлігі барына қанағат етушілер, қалғаны баспанасы бар болу деген бақытты баяғыда-ақ ұмытып кеткендер. Тіпті кейде жылдар бойы жабық тұрған үйлерінің кілтін қайда қойғанын әлдеқашан есінен шығарып алғандар «кілтсіздерді» де кездестіреміз.......
Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы, Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі,-деп бір кездері Әбділда ақын жырлағандай Алланың берген саналы ғұмырын асқан парасаттылықпен пайымдап, тынымсыз тірлікпен терлеп, елеулі еңбекпен көгеріп, жан-жағын қаумалаған қауымға сыйластықпен сән түзеп, өзінен кейін өшпестей із қалдыруға бекініп, жай отындай жарқ етіп, мынау фәниден мезгілсіз мизам боп ұшып кететін, санада қаққан қазықтай қатталып қалатын ерекше жандарды таңды таңға ұрып жырлап біте алмайсың... Сондай жанның бірі әрі бірегейі Сарысу ауданының сары даласында Жаңа-арық деген өнегелі өлкесінде 1965 жылы шыр етіп дүние есігін ашқан, ес білген шағынан ортасында озық ойымен оңашаланған, зеректігімен зерделенген, қабақ шытып көрмеген, өмірде өзіндік қалпынан өзгермей, адалдық пен аңқылдаған ақ жүрек пейілінен айнымаған қайсар қыз Зияш Тұзақбайқызы. Бала күнінен әдеби кітаптарға аңсары ауып, тауып сөйлейтін сөзшеңдігімен ел құлағын елең еткізген есті қыз алтын ұя мектебінен түлеп ұшып арман қуып қазақи ұлттық құндылықтардың қаймағы бұзылмаған шырайлы Шымкенттің педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай тәмамдайды. Бірге оқыған курстас құрбы қыздары Зияшпен университет қабырғасында және жатақханада өткен әр күндерін тәтті ертегідей ерекше еске алып отырады.
Ол кездері жаңадан оқу бітірген жас мамандарды қолына бір жапырақ қағазын ұстатып ұстаздықтың ұлы ісіне белсене атсалысуға бағыт беріп, шалғай ауылдарға жіберетін болған. Машақаты мол мамандықты бір кісідей игеріп, игілікті істі иіруге икемділік танытқан инабатты бойжеткен Комунар мектебі яғни қазіргі Шоқай датқа атындағы орта мектепке жолданады......
Құлпыра берші, кен, дала, Гүліңді күнде терейін! Жапырағыңмен жасыршы, Қойныңа мен енейін! Жасауыңды жайнатып, Алдыма тегіс үйейін, Нәрестедей балдырған, Қуанып сақ-сақ күлейін. Құлпыра берші, кең дала, Қызығып күнде қарайын! Махаббат, шаттық бәрін де Бір өзіңнен табайын. Гүліңді құшып күн сайын, Кең бақшаңда жүрейін, Қанбағандай құмарым Тағы да сақ-сақ күлейін......
Кешіктің сен, Келмедің сен, зарықтым. Шыдар деген үмітіңді жаңа ұқтым. Күт демедің, Мезгілінде таппадың! Төрде тұрды, Орныңды көп сақтадым... Енді келіп өз қолыңды ұсындың, Өкініш жоқ... Жан сырыңа түсіндім. Кешір мені! Жұбайым бар қасымда, Саған жер жоқ біздің оттың басында. Сен кетерсің, Маған теріс қарарсың! Жүзі суық жат адамға санарсың. Қалар менің дастаным боп жазбаған Екі жалын бір жүректе маздаған.....