Қазіргі таңда қатты дамып кеткен жайттардың бірі, ол- әлеуметтік желі. Күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін алып кетіп жатады. Бесіктегі балаға да, еңкейген кәрімізге де әлеуметтік желі қызық. Бейне бір өмірдің мәні секілді. Ал біз бұл әлеуметтік желі арқылы қанша уақытымызды зая кетіріп жатырмыз.Тіпті ешбір бала далаға шығып бір- бірімен ойнамайды, үлкендеріміз немерелеріне ертегі айтудан қалды. Ал оқушылар мен студенттер көп кітап оқудың орнына осы әлеуметтік желіде бос уақыттарын өткізеді. Адам әрбір минутын бағалау керек. Өмірді бос әлеуметтік желіге үнілумен өткізбеу керек. Өзіне керекті, пайдалы іспен айналысу керек. Себебі «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені». Сондықтан адам әрбір уақытын тиімді жұмсау керек.
Адамдар әлеуметтік желіге не үшін кіреді? Барлығы неге тәуелді? - деген сұрақтар туындайды. Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық түрлі сайттар пайда болып жатыр. Олардың ішінде көп адамдар қолданатыны: Instagram, Вконтакте, Facebook, You Tube, Однокласники және басқалары. Бұл программалар несімен қызық? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. .....
1975 жыл. Біздің ауылда бір қарапайым отбасы бар еді. Тұрмысы нашар болатын-ды. Ол отбасының 2 баласы бар. Үлкені Зәуреш онан соң Дәрмен болатын. Анасы аурушаң, хәлі мәз емес-ті. Олардың жағдайы нашар болғанымен тату еді. Зәуреш бауырына жақсы қарайтын. Тәрбиесін өз мойнына алған.
Бір күні Дәрмен далаға шығып балалармен асық ойнап жатты.Сол кезде өзінен 2 сынып жоғары оқитын тәмпіш кемпірдің немересі Сәдір оның асықтарын қолынан жұлып алды.Бала да оған қасарысуда. Әрине, Дәрменнің Сәдірге күші жетпейді. Екеуі төбелесе бастады. Мұны көрген Зәуреш жан таласа жүгіріп жетеді де, Сәдірге дүрсе қоя береді. Тәмпіш кемпір келіп үлкен дау шығарады. Дау аяқталып, бәрі үйді үйіне тарқайды.Арада біраз күн өтіп, балалардың анасы аурудан көз жұмды.Бұл қасірет Зәурешке үлкен соққы болды.Зәуреш 17 жасқа келді. Әкесі көз жұмар алдында Зәурешті досының ұлына атастырды. Дәрменде өз теңін тауып қалаға кетті. Арада 6 жыл өтті. Қыздың 3 баласы болды. Алайда қуанышы көпке созылмай, күйеуіде жан тапсырды.Зәурешті өмірден түңілдірмеген 3 ұлы еді.Олардың аш қалған сәттеріде болды. Бірақ, тағдырдың онысына да төзді. Кіші ұлы Берік 2 жаста болса да, Зәуреш жұмысқа тұрды.Ақырындап балалары ер жетті. 2 ұлы отау құрды. 2006 жылы кіші ұлы да үйленіп,қызды болды. Көп ұзамай қалаға көшіп сонда жаңа өмір бастады......
....Осы сөз. Көңіліңді көтеріп, жүрегіңді тебірентіп, өзіңе күш-қуат беретін асыл қазына. Сонау ғарышта жүрсең де, туған жерің әрдайым есіңде болып, топырғын аңсайсың. «Туған жердей жер қайда, туған елдей ел қайда» демей ме кемеңгер халық. Халқымыздың басына түскен нәубет жылдарында «Елім-ай!» деп еңіреп , жүрегі қан жылап, тау асып, тарыдай дүниенің төрт бұрышына шашылған қайран қазағым! Сол кезден қанша су ағып, қанша жыл ауысты. Бірақ «Елім-ау!» деп еңіреп, зар тартқан үн ақын ағаларымыздың қолындағы қалам тартуына себепкер болды да, болып келеді.Туған жеріне деген ыстық сағыныш сезімі, перзенттік ыстық ықыласы, қанына сіңген «балалық борыш» деген терең ұғым – бәрі де талай керемет туындылардың дүниеге келуіне себепкер болды. Тағы бір даналықта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл » делінген. Өзімнің арғы ата-бабаларым сонау 19 ғасырдың 60-шы жылдарында ақ патшаның отаршылдық саясатының салдарынан көп қиыншылық көріп, бірақ төзімі таусылған кезде Алтай тауларын асып Монголия еліне кетуге мәжбүр болды. Иә, сол кеткен сәтте қандай сезімде болды десеңші! Ата-бабамыздың төл жеріне, туған топырағымен қауышу мүмкіндігі тек бір ғасырдан астам уақыттан кейін әкелерімізге бұйырады. Жат елде жүрген жылдары балаларына өз ана тілін ұмыттырмай, ата салтын, ана сүтін қадірлеуді жас буын ұрпаққа сіңіре білген. Және елге оралған кезде өзімен сақталған бай мәдени қатпардың иегері бола тұрып, оны жергілікті халқының арасында насихаттап, тарата бастады. (Негізі үлгі аларлық жағдай)......
«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дегендей біздің ата-ағаларымыз, апа-әпкелеріміз, біздің өміріміз, бақытты келешегіміз үшін отқа төселіп, қиындыққа төзіп, бізге осында өмір әперді. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Соғыс ! Қандай суық сөз бұл! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат мерт болды, қанша бала әкесісінен, қанша бала анасынан айрылды .Өмірден мән кетіп , сұрықсыз бір дүниеге айналды . Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып , жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге , әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды. Сол күндері ата бабаларымыз бізге жемістің дәмін татқызу үшін жан аямай шайқасты. Сол жылы аталарымыз, апаларымыз, әпкелеріміз, ағаларымыз біз үшін күреспнгенде біз осылай отырар медік деген ой біздің ойымызға көп келеді. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. ......
Қиындық пен қуаныш қатар тұрар бір егіз, Төзе білсек, бәрін де оңайлықпен жеңеміз. Тар жол, тайғақ кешкен ата-бабам, Есімдерін мәңгілік ұмытпастай жүреміз, -деген өлең жолдарыммен, Жеңіс күніне арналған ой толғанысымды ақ қағаз бетіне түсірейін... Иә, Жеңіс туының желбірегеніне биыл 71 жыл толып жатыр. «Еліңді сүйсең ерлік істейсің» дегендей қазағымнан шыққан алып батырлар елі үшін жан пида қылды. Азапқа толы күндер, ұйқысыз түндер, бауыр еті баласы мен жан жарынан жырақта болу, әрине, өте қиын... Аспаны ашық, отбасы, бала қамымен тыныштықта өмір сүріп жатырған еліме, кенеттен қара бұлт үйірілді. Зардабы сан мыңдаған адамның өмірін жалмады. Сол бір төрт жыл еліме қасірет әкелді.Аналарымыз ауыр-ауыр жұмыстар атқарып, әкелеріміз, ағаларымыз майданда ел үшін талаң-тартыста болған. Ұлы Отан соғысына қатысушы батырлардың көбі Қазақстаннан шыққан қайсар ұл-қыздарымыз болатын. «Шешінген судан тайынбас» дегендей 18-19 жасар жастарымыз соғысқа өз еріктерімен барып, тәуекел етті. Олардың сол кездегі Отанына деген сүйіспеншілігі, қайсардай мінезі келер ұрпақты патриот болуға тәрбиелейді......
Гуілдеген жел — айдалада сарнаған, Желге серік мұңды дауыс зарлаған. Бота көзім, қазақ қызы есімде, Ескі күнің «өлдім, анажан»- даған. Сонда сенің жұбайың еді жалған ән «Туар Шолпан маған - дағы атар таң», Дегендей ең, толқынды еді өлеңің, Айлы түнде бар даусыңмен шырқаған. Кейде күй сап домбыраның қылына, Қосып үнін жүрегіңнің сырына, Орал, Алтай, Алатауды кездіріп, Батырушы ең Сарыарқаны мұңына.......
1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды.Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз. Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Тіпті біздің батыр ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасқан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауапсыздық,қан ішершілік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол соғыс жылдарында «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде:.....
Туғанмын бақыт құшақтай Өмірдің сәулет нұрында. Туғанмын азат анадан, Туғанмын совет жылында. Туғанмын жарық өмірге Деген анам «күл, бөбек!» Туғанмын қарап мен күнге Туысым ерек, бір бөлек. Туғанмын таңда, Самал жел Сипады жұмсақ қолымен. Өсірді анам, Есірді ел. Еңбектің сара жолымен. Сан жығылдым, Сан тұрдым,......
1941 жылдың 22-маусымында таңғы сағат төртте Германияның немісфашист басқыншылары елімізге күтпеген жерден ойран салды.Бұл олардың «барбаросса» жоспары бойынша іске асырған әрекеті еді.Бейқам жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасауы - неміс фашистерінің опасыздықтарын көрсетіп берді.1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттар қазақтар болды.Еркіндік үшін, артындағы ұрпақтары үшін жалаңаш кеуделерін оққа тосты. Соғыс - адамзат баласына қасірет пен қайғы әкеледі.Соғыс - әрбір отбасының шаңырағын шайқалтып,тағдырын мүлде басқа арнаға өзгертіп жіберді.Балалары әкелері мен үлкен ағаларынан айырылды..Әйелдер сүйікті жарынан айрылып,жесір қалады.Ал жау басып алған жерлерде,тіпті қасірет үлкен.Кәрі ата–әжелер небір қорлықтарды көрді.Әйелдер мен қыздар зорлыққа ұшырайды.Ол да басымыздан өткен қасірет. Ұлы Отан соғысында ерлігімен тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегильдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова ,Әлия Молдағұлова,Хиуаз Доспанова және басқа да батырларымыз бар.Олар ешқашан ұмытылмайды.Ел қорғаған батырды ардақ тұту-Отанын сүйген әрбір азаматтың парызы. Әрбір соғыстың салдары –шығын, оның ішінде адам шығыны.......