Шығарма: Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар жайлы деректер

Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінің басында-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Мыңдаған жауынгеріміз жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралды. 23 тамыз - Ресей Федерациясы, Тверь облысы, Зубцов қаласының жау қолынан азат етілген күні. Сұрапыл соғыс айналып өтпеген бұл жер 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың жазында қарсылас қос елдің шабуылдары қызған жер. Елін қорғаймын деп жырақта қаншама жауынгер жер жастанса, олардың арасында белгісіздер тізімін толтырғаны қаншама. Биыл міне, 50-ге жуық боздақтың аты-жөндері анықталып отыр. Олардың арасында Қазақстаннан майдан даласына кеткен 6 азаматтың, 2-уі оңтүстікте туылғандар. Майданға аттанған күннен бері хабар-ошарсыз болған Байназаров Қайнарбұлақ ауылында туған. Арнайы топтар оның сүйегін тапты. Ал, өз кезегінде топ басшысына делегация ақсақалы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Ержанның арнайы сияпатын туыстарына табыс етті. Жарты ғасырдан кейін жақынын тапқан жанның бірі - Салқынбек Қалдаров. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туылған қария ұрыс даласында белгісіз кеткен әкесін сабыла 76 жыл іздейді Тек, Ұлы Жеңістің 68-жылдығы қарсаңында ғаламтор арқылы асқар тауы әкесі Қалдар Байбағысовтың қай жерде қаза тапқандығын естіп, ақтық демі таусылған жерге баруды ұйғарады. Жат жерде жатқан боздақтың есімі құлыптасқа қашалып жазылып, жауынгердің туған ауылынан бір уыс топырақ алынды. Соғыста қаза тапқан майдангер аталған ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан Гнилева деревнясындағы бауырластар зиратында жерленген. Ну орманның ортасындағы елдімекен картада болғанмен, бүгінде ол жерді тірі жан мекен етпейді екен. Тек Успенское поселкалық билігінің көмегі арқасында бауырластар зиратына барып, Салқынбек Қалдаров әкесінің басына құлыптасты арулап қойды. Осылайша елін, жерін жаудан қорғап, жат жерде қаза тапқан боздаққа туған жердің бір уыс топырағы 76 жылдан кейін бұырды........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Еліміздің аспанында азат күн

Соғыс -қантөгіс , кінәсіз адамдардың жапа шегуі және батырлардың біздер үшін , жас ұрпақтар үшін ,қазақ үшін ,қазақ даласы үшін өз өмірлерін қиюы.Соғыста ерлік көрсеткен батырлар өте көп.Мен сол батырлар үшін бас иемін. Соғысты батырлар жеңіспен аяқтау үшін барлық күш жігерін жұмсап,ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына қайғы-қасірет әкелді.Соғыста барлық қазақстандықтар Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны тарих беттерінен мәлім. Ел қорғауға қазақ батырлары белсен қатысып ,майданда небір ерліктерін ,үлгі өнегелерін көрсеткен.Соғыс кезінде барлығы майдан үшін , жеңіс үшін деп өшпес өнеге қалдырған.Ол сарбаздардың серті ұрпаққа мәңгі өнеге! Біз кең байтақ өлкемізді қаскөй жаулардан қорғауға тиіспіз.Сол соғыс үшін аналар күйеуінен,күйеулері әйелдерінен,әкелері балаларынан,балалары әкелерінен,ал біздің ел ақылгөй қарттарынан айрылды.Біз соғысқа қатысқан әр бір сарбазға бас иіуге тиіспіз.Біз қашанда ел мен жердің тәуелсіздігін ойлауымыз керек.
Ұлы Отан соғысы 1417 күнге созылды. Сол күндер бойы батырлар бейбітшілік үшін күрескен.Біздің ардагерлеріміз соғысты көрген .Сол соғыста көрген –білгендерін жас ұрпақтарға,бізге үйретеді.Олардың тәлімтәрбиесін біз бойымызға жинап ,өскенде саналы болып өсеміз.Қазақтың ержүрек қыздары Әлия мен Мәншүк,қайсар ұлдары Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаевтар батырлықтың , ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Айналайын

Жақында ғана «Аналайын» сөзінің мағынасын білдім. Сол сәтте өмірімде үлкен өзгеріс енгендей күй кештім. Осы уақытқа дейін бұл сөзді сан мәрте естісем де, назар аудармағаныма өкіндім. Марқұм болған әжем шашымды сипай «айналайын, құлыным менің» деп емешегі езіле қоңыр көздерімен елжірей қарағанда, мектеп кезінде жақсы бағамен қуана кіргенде, «ақылыңнан айналайын, ботам» деп айтқан анамның қуанышты жүзін көргенде, «айналайын, қара қызым менің» деп басымнан құшырлана иіскеп, еркелеткен әкемнің мойнына асылғанда – бұл сөзде тек еркелету ғана емес, соншама мейірім бар екенін білмеппін. Ал, бұл күні осы сөзді естуге құмар болып алдым. Үлкендердің сөз соңында «айналайын» деп бата берер ме екен, анам мен әкем де бұрынғыша «айналайынымен» еркелетер ме екен, мүмкін досым маған осы бір сөзді айтып, төбемді көкке бір жеткізер деп елеңдеп отырамын.

Демек, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиер сөзде тек ерекше мән-мағына ғана емес, ананың мейірлі алақаны да, әженің жағымды үні де, әкенің адастырмас ақылы да, атаның мейірімге толы көздері де, ағаның, әпкенің өз бауырына деген ерекше ықыласы да, жалпы үйдің үлкенінің балаға деген шексіз махаббаты бар екендігіне көзім жетті.

Бұрынырақтарда үйдің үлкендері ауруға шалдыққан жастарды аман алып қалу үшін, өздерін құрбандыққа атаған. Ол үшін ауырған адамды үйдің ортасына жатқызып, өздері үш рет айналып, есікке келгенде «айналайын» деп дауыстайды екен. Осыдан кейін ауырған адам жазылып, әлгі айналған кісі ауруға шалдығады немесе қайтыс болып кетеді дейді. Тағы бір оқығанымда көне түркілердің осы дағдысымен атақты Бабыр өзінің қанынан жаралған ұлы Құмайын ауырғанда оны үш рет айналып, мықты денсаулығына қарамастан қайтыс болыпты деседі. Содан қалса керек сөз қадірін түсіне білетін қазақ халқы балаларына «айналайын» деп еміренеді екен. Онысы «сенің жолыңда менің жаным құрбан» дегені ғой. Әй, менің жүрегі кең, дана халқым-ай........
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жыры

Мен соғысты көргенім жоқ!
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі – ол оқиғалардың халық тағдырымен тығыз байланыстылығында. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн салды. Соғыстың бар ауыртпалығын өз мойынымен көтеріп, қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының батырлары ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен, санадан өшпейді, тарихта есімдері қалады.
1941 жылы 22 маусымда таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан елдің шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Зұлым жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Қанды қасірет болған бұл соғысқа әлем халқының 80% қатысып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылып, 110 миллион адам қолына қару алды.
1418 күн мен түнге созылған бұл соғыста 27 миллионнан астам Кеңес адамы Отан үшін от кешіп, мерт болды, жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып – жесір, бала әкесінен айрылып – жетім атанды. Тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, тынбай еңбек етті.
Фашистік басқыншылар 1710 қаланы, 70 мыңнан астам елді мекенді өртеп, тұтқындардың дүние-мүлкін тонап, күлін көкке ұшырды. Өндірістік кәсіпорындар, 2000-ға жуық совхоз-колхоздар ойранға ұшырады. Ең бастысы, ешқашан орны толмайтын өте ауыр жарақат – ол адам өмірі болатын........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс салтанаты

Ұлы Отан соғысы Аспан мен Жер
арасын өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды Адамға Адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
күліп-атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте болар
кейде мейірімді адамнан аң. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Халқының ардақты азаматы

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. 71 жылдан бері байтақ Отанымыздың бейбіт аспаны аясында талай ұрпақтар өсіп, ер жетті. Әрине, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс жалыны біздің елімізге ауыр қасіретімен енді. Бірақ фашизм оты қанша жалынды болғанымен, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншіліктері оттай ыстық болып, асыл азаматтарымыздың қайтпас қайсарлықтарының арқасында жау жеңіліс тапты. Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталды. Елі, жері үшін жанын пида етіп, ерен ерлік көрсете білген ерлеріміз Егеменді ел болған Қазақстан жерінде де көптеп табылады. Солардың бірі - болмысынан әділ, шыншыл, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі жеткіншектер Б. Момышұлы жайлы сырларды қариялардың естелігінен, жазушылар шығармаларынан және де өзінің төл туындылары арқылы жақсы білеміз. Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар ( 8- гвардия ) дивизиясының құрамына алынып, батальон командирі болған.
И.В. Панфилов оның ерекше ержүректілігін, әскери тәжірибесін және де шыншылдық қасиетін жоғары бағалаған. Өр, өз дегенінен қайтпайтын Бауыржан Момышұлы үшін жас жауынгерлерге майдан тәртібін үйрету оңай емес еді........
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Мейірім

«Мейірім» дегенде менің ойыма адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым- қатынасы, жылы қараған жүздері, әдемі, мейірімге тола айтқан сөздері, бір –біріне деген жаны ашуы, көмектесуі оралады.

Бұл дүниеде адамдар бір- біріне мейіріммен қарап, сыйласып жүрсе, ешқандайда қасірет, жамандық болмас еді.Қазіргі таңда адамдардың бойында мейірімділік деген қасиет азайып бара жатыр. Соның салдарынан көкек аналар мен жігеріз әкелер бейкүнә сәбилерін мүлік сияқты тастап кетуде, ал көптеген имансыз жастарымыз өзін бағып-қаққан әке- шешесін қарттар үйіне өткізуде. Мұның бәрі имансыздықтан. Жүрегі иманға толы адам- мейірімді адам. Оның қолынан жамандық істеу келмейді. Бірақ мен барлығына бірдей топырақ тшашпаймын......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Бабалар ерлігі туралы үзік ой

Түні бойы мені ауыр зіл басып, көз ілмедім. Таң атқасын күшімді жинап, тысқа шықтым... Арайлап атқан таң. Әсем дала. Күлімдеген күн. Оң жағыма қарасам балалық шақтың қызығына түскен балалар. Сол жағыма қарасам, күйбең тіршілікпен айналысып жүрген адамдар. Аспанға қарасам қалықтап ұшқан құстар. Бәрі тамаша. Осының бәрі өмірге мән беріп тұрғандай. «Туған жердің ауасы да шипа» демекші, терең тыныс алдым да, осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырғаныма шүкіршілік еттім! Шүкіршілік еттім де өзімді билеген белгісіз сезімді ақ қағазға түсіруге асықтым. Ойлап отырсам, бізге осы тыныштықты сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз! Азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан батырлардың ерлігінің арқасында ғана қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана Ұлы Отан соғысын айтсақ та жеткілікті. Міне, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жетпіс бір жыл толып отыр.
Соғыс оты тұтанған сол бір замандағы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихында алтын әріптермен қалатыны хақ. Ел басына күн туып, шаңырақ шағылған сол сәттерде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дегенді жадына тоқыған атабабаларымыз атқа қонып, жаумен аянбай күресті. «Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашан арзанға түскен емес». Олар Отан үшін өмірлерін қиюға дайын еді. «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма-қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та сарандардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.» ......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Замануи білім – менің болашақ капиталым

Мен, Амангелді Дияр, Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы жедел оқиғалар заманында, белсенді төртінші өнеркәсіптік революция даму үстіндегі мемлекетте өмір сүрудемін. Замануи білім - менің бастапқы капиталым екенін саналы түрде түсінемін, оның негізінде болашақта өмірлік және кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Болашақта жоғары білікті маман болғым келеді. Әрине, бірінші сыныптан бастап ата-анам маған ұстамдылық, тәрбие, қайсарлық, ұқыптылық, тәуелсіздік, көшбасшылық деген қасиеттерді бойыма сіңіруде. Болашақта кез-келген кәсіптік мәселелерді тиімді шешуді үйрену үшін үнемі өзіммен жұмыс жасаймын және кейбір пәндер бойынша жеке қасиеттерімді дамытудамын.

Еліміздегі білім берудегі төңкерістер тиісті уақытта болып жатыр деп санаймын. Біз білім мен дағдылардың негізін жинай бастадық, өмірлік жағдайларды сабақтарда шешеміз, ол педагогикалық тілде «функционалдық сауаттылық» деп аталады екен. Білім беру капиталы жан-жақты дамыған, мәдениетті тұлғаны талап етеді. Замануи білім - адамның өмірлік табысы, күнделікті наны, жанның әл-ауқаты, рухани бай мәдениетінің дамуының кепілі болып табылады. Әрине, қазіргі әлемде сіз байып кете аласыз, бірақ «білімсіз кәсіпкер» ретінде қаншалықты ұзақ өмір сүруге болады?. Мен небәрі 14 жаста болсам да, кез-келген қоғамда білім деңгейім белгілі бір орынға ие болатынын анық түсінемін, сондықтан шапшан өзгерістер толқынынан қалмауды жөн көремін. Болашақта мен ата-ана болғанда, ұрпағымның мәселесін шешуге көмек бере алмайтын, ақыл-парасатсыз жағдайға душар болғанымды қаламаймын......
Эсселер
Толық
0 0