Шығарма: Соғыс бітті жеңіспен

Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Өсы шығармамды «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңнен бастағым келеді: сөзі: С. Мәуленов, әні: Т. Әбілхатич. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Германияның қарулы әскерi Белоруссия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы Отан соғысы басталыпты. Соғысқа елiмiзден 1 миллионнан астам азамат аттанып, 800 мыңы қайта оралып, 600 мыңы ерлiгi үшiн түрлi марапатқа ие болған едi.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз, адам баласы үшін ең үрейлі, асты қайғы - қасіретке толы ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырыпжоюға бағышталған. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... ...
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілікке желбіресін жеңіс туы

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәнгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Біздің ата – бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп; біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын.
Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынанн, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Ашаршылық пен ауыртпашылық бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан куннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бейбіт өмірге 75 жыл!

Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті алып берген аға буын алдында әрқашан қарыздар
Н.Ә.Назарбаев.
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
Ізі мен оғы жатыр тақырда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына,
Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі – Қазақтың батырлары! - деп қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай, сайын сахараны дүбірлетіп өткен батыр бабалардың ұрпағы, 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған қан майданда мұз жастанып, қар кешкен, нәзіктігіне қарамай алыптың ісін жасаған, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы, ерлік өнегесі – мәңгілік таусылмайтын әңгіме, айнымас шындық. Елі үшін жанын пида етуге даяр, зиялы, мәдениетті ата-ананың тәлімтәрбиесі Мәншүкті биік мұраттарға жетелеген. Жастайынан әкесіне еліктеп өскен, балалық арманынан ажырамаған Мәншүк оны іс жүзінде дәлелдейді. Әсіресе «Шығыс Шолпаны» атты деректі фильмінде «Егер менің әкемдей адал жан халық жауы болса, кім халық жауы емес?»- деп Сталинге дейін арыз жазып, майданға аттанған сәтінен әке алдындағы парызына деген адалдықты, өжеттікті көруге болады. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сыйлаған ең қымбатты ата-анасын қараусыз тастап, қарттар үйіне өткізіп, өмірінің жалғасы – ұрпағын сәбилер үйінде қалдырып жатқан жастар еріксіз есіңе түседі, олардың іс-әрекеттерінен қынжыласың, қорқасың, келешек жастар осындай жат қылықтан аулақ болса деп тәңірден де тілейсің.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – неткен керемет ұғым!

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Талай-талай қас батырлар жанын қыйып, қорғап қалған, талай арулардың махаббаты құрбан болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз - Қазақстан.
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басына азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздік- ұлттық тілдің , дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік- арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген эканомикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген мемлекеттен әлде қайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазқстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарыға жетті......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Бір кем дүние

Әдебиетіміздің айтулы өкілі Шерхан Мұртаза- әр шығармасында өмір шындығын шынайы суреттей білген шебер қаламгер. Жазушы қаламынан туған «Қызыл жебе», «Бесеудің хаты», «Сталинге хат», «Қара маржан», «Жүрекке әжім түспейді» сынды туындыларының қай-қайсысы болмасын, оқырманның ыстық лебізіне ие болған кесек шығармалар. Әсіресе, көпшіліктің көңілінен шыға білген «Бір кем дүниенің» орны тіптен бөлек. Бұл туындысында жазушы өмір жолындағы көрген-білгендерін, көңіл түкпіріндегі ойларын бүкпесіз баяндаған. Мұндағы аз сөзбен көп нәрсені аңғартатын әрбір ой-толғанысының негізгі түйіні «бір кем дүниеге» келіп тіреледі.

Мәселен, мына бір үзіндіде:
Өз пайдаңды ойлама,
Ел пайдасын ойла!
Өз пайдаң соның ішінде.
Бірақ бәрі солай ойламайды ғой.
Бір кем дүние,-деп, қара басының қамынан әрі аса алмайтын, елге титтей де пайда келтіруді ойлатпайтын өзімшілдікті жеткізеді.

Сондай-ақ, «Ашу бар жерде ақыл тұрмайды»,-депті Төле би. Адамдардың көбі ашушаң. Ақыл қайдан болсын. Бір кем дүние» деген ой-толғанысының астарында да терең мән жатқанын аңғару қиын емес. Ашу-дұшпанның түбі жақсылыққа апармайтынын меңзеп тұрғанын байқаймыз.

«Адамның жүрегінен от көрініп тұратын болса...
Жақсы адамдікі жұлдыздай жарқырап тұрса...
Жаман адамдікі күңгірт, қарайып тұрса........
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Аңызға айналған Қостанай қаласының көрікті жерлері

Жоспар
І.Кіріспе
1. Қойнауы астыққа толы Қостанай қаласы
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қала атауының шығу тарихы
2. Көк желек жамылған Қостанайдың көрікті жерлері
ІІІ.Қорытынды


Жүйіткіген жолдардың арасы,

Тобыл мен Торғайдың саласы

Бақыты – асыл дән, қалықтап құс әні,

Айтады ашылған Қостанай құшағы!

Серік Тұрғынбеков

Иә, шынымен де бүгінгі таңда алқабы астыққа толы алтын аймаққа айналған Қостанай – Қазақстан қалаларының ішіндегі ерекше шаһарлардың бірі.

Әдебиет тарихында өзіндік дара жолы бар, қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан Торғайлық талантты ақын Сырбай Мәуленов те Қостанай туралы:

Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Жеңіс күні)

Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.

Сүйінші елден сұрадық —
Жұбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген
Жарқырап қайғы-зар күлді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Ерліктің белгісіндей ару-ғұмыр

... Авторы есімде жоқ. ұмытпасам «Жас алаш» газетінен ғой деймін, «Мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна» деп аталатын мақаланы оқығам... Ресей елінің Самара облысындағы Үлкен Киннель өзенінің жанындағы тік жарқабақ пен сол жарқабақтың үстінде орнатылған солдат Анасы мен оның тоғыз перзентінің құрметіне қойылған керемет ескерткіш бар екен. Мақаланы оқыдым, ескерткішті көрдім де, қайран қалдым, қараптан-қарап көзіме жас тығылды. Өмір бойы күйеуі мен балаларының тілеушісі болып келген қайран Ана жүрегі ғұмыр бойы күткен үмітінің бір-ақ сәтте тасқа айналғанын көтере алмады ма, әлде барлық аналық мейірімін соғыс ұрлаған қатыгез тағдырына налыды ма соңғы –«қара қағаз» келген күні бұл өмірден жүріп кетіпті. Сол анаға, ерліктің Анасына қойылған ескерткіш сонау көкжиекке – балалары кеткен жаққа сол күйі қалт етпестен қарап тұр. Кеудесі шыраққа, жанары үмітке толы, келбетінде арманын сағынышқа суарған мұң бар секілденеді. Өз халқына деген шексіз махаббаттан тұратын төзім арқалағандай...
Ана мүсінінің үстімен мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна әлдеқайда тыраулап ұшып бара жатыр... Ана, қашан да Ана! Орыс солдаты Анасының жүрегіндегі асыл арманы, бойындағы ерлігі мұңы бір барлық Аналардың мұратымен астасып жатты. Қайнаған еңбек даласында жаулығы желбіреп, әлсін-әлсін көкжиекке көз тастап, бұлдыраған сағым арасынан қараңдаған сұлба іздеп үміттенген Аналардың бел қайысар қасіретін шертіп тарих беттері қан жылайды. Осы мақаланы оқи отырып, зілмауыр қасіретті, қайғыны нәзік иығымен арқалай білген қазақ әйелі,
«Бала дәурен өтті ғой құйындаған,
Балы менен шекері бұйырмаған», деп жылай жүріп, көкелерін сағына жүріп ержеткен соғыс жылдарындағы балалар, рухын құлатпаған, жігерлері жасымаған, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерліктерін еске түсірдім, түсірдім де «өзім жығылсам жығылайын, бірақ халқымның туы жығылмасыншы» деп өзін құрбандыққа шалған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының атынан бас иіп, тағзым еттім.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Аружан Саин (1976 жылы 10 тамыз)

Аружан Саин ( 1976 жылы 10 тамызда туған, Қызылорда, Қазақстан) — қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, "«Милосердие» ерікті қоғам" қайырымдылық қорының директоры.
Өмірбаяны
Аружан Саин Алматы қаласындағы №138 гимназияда білім алған. 1991 және 1992 жылдары географиядан республикалық олимпиядалардың жеңімпазы болады 1993 жылы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, география факультетінде, экология және мониторинг кафедрасында оқып шығады. 1994 жылы "Аружан және Компания" продюсерлік орталығын ашады. 2006 жылы «Милосердие» қайырымдылық қорын ашады. Қор балалар үйлеріне көмек, ауру балаларға көмек және Қазақстаннан да тыс жұмыс атқарады. 2009 жылы Алтын Журек премиясына «Инвалидтерге қамқорлық» номинациясы бойынша тағайындалды.
Мансап ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ерліктің лебі хаттарда Ұлы Жеңіске -75 жыл!

Жағалата қоңсы қонған ұлы Жайық өзенін
Бір ауылда өтті менің бал балалық кезеңім.
Дүниеден өткен екен мен екіде болғанда,
Нағашы атам есімде жоқ,көзін көрдім әжемнің.

Анашымның қоржынында мұрағаттай сақталған.
Кейінгі жас ұрпағына естелік боп жатталған.
Қан майданда аямаған өзін жаудың оғынан
Атам жайлы ерлік жазған леп еседі хаттардан.

Оққа тосқан кеуделерін майдангерлер қаншама,
Бұл сұм соғыс ауыр азап артып кетті баршаға.
Соның бірі менің атам отқа түскен елі үшін,
Белоруссия,Украинда,соғысыпты Польшада.
Аяғына таңба салған мәңгілікке өшпестей
Жойқын шайқас болған екен түбіндегі
Варшава Днепрді кешіп өткен тоғыз рет талмастан,
Жаудың оғы тисе дағы оң жақ,сол жақ жамбастан
Төңкеріліп суға кетсе астындағы қайықтар
Аман қалған сал-қайыққа жауынгерлер жармасқан,
Қиын кезде атам қару екі бетке тасыпты,
Жүзген кезде алдына бір ұшқан қарға салмастан.
Отан үшін отқа түсіп,жау тылында қалмастан.

Есіне алып сұм соғыстан қайтпай қалған боздағын.
Аналардың жүрегінде қалып қойған аз ба мұң?
Атам хатты өлеңдетіп анасына жазыпты,
Соған бәлкім,тартты ма екен,менің өлең жазғаным. .....
Шығармалар
Толық
0 0