Өмірбаян: Сәбира Майқанова (1914 - 1994)

Сәбира Майқанова (1 қаңтар 1914, Сырдария ауданы – 14 ақпан 1994, Алматы қаласы) – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі.
Өмірбаяны
1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Ойнаған рөлдері
Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В.М. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И.П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Б.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиханы (А.Н. Островский «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), А.П. Чехов, («Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағайында») Марина, Көклән мен Мөржан, Мамық Майлин, «Майдан» (Әуезов, «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Қарагөзінде») т.б. рөлдерін ойнады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Айдос Бектеміров Жұмаділдәұлы (26 мамыр 1950 жылы)

Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров (26 мамыр 1950 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарғалы ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2016). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2003 жылдан).
1967ж. Алматыдағы Эстрада-цирк студиясын,
1973 ж. Мәскеу театр институтын,
1998 ж. Алматы театр және кино институтын бітірген.
1969 — 70 ж. “Қазақконцерт” бірлестігінде,
1970—71 ж. әскери борышын өтей жүріп, Орта Азияәскери округының ансамблінде,
1972 — 73 ж. республикалық “Гүлдер” ансамблінде өнер көрсеткен.
2003 жылдан бастап Әуезов театрының құрамында.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Сен де бір кірпіш дүниеге

Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы.

Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда» жолдауынан

Тынымсыз да тоқтаусыз тыныс-тіршіліктің текеметтей түрленген табиғатына, талпыныс пен тартыстың тегеурінді таласына, тағдырдың тосын сыйы мен тосыннан тулаған толқынына, тым тереңге тартқан темірқазығы мен теперішіне, «таяқтан» түйсіндіретін тағылымына, тояттамайтын тағаттарына, түңілте жүріп тірілтетініне, тар жол, тайғақ кешуінен өткізетіндігіне бірден бір себеп-таңдау.

Адам баласы дүниеге келіп, есін біліп, қоғамның жеке тұлғасына айналғаннан бастап ерте ме, кеш пе, жақсы ма, жаман ба, әйтеуір, оған таңдау жасауға тура келеді. Жеке өмірінің, карьерасының, азаматтық көзқарасының, ой-санасының, жалпы айтқанда, «мен қалай өмір сүруім керек?» деген сұрақ негізіндегі өре деңгейінің жауаптарды іс жүзінде әрекетке бастап, қалыптастыратын күші-осы таңдау. Жаңа да жасампаз, адам капиталы ерекше маңызға ие болған бүгінгі заманда бай да бақуатты, бақытты өмірдің негізі-адамның миында, ақыл-ойында, жаңашылдығы мен жеке бас қасиеттерінің артықшылығында, өзіндік «мені» мен даму жолын қалыптастыруында. Ең бастысы, осы айтылғандарды ортақ іске жұмылдырып, жүйелейтін механизм- еңбекқорлығында. Себебі, жетістіктің бір пайызы Микеланджелодан, тоқсан тоғыз пайызы еңбектен тұрады. Әлемдік тәжірибе-бұған дәлел. Міне, осындай таңдаулардың ішінде ең маңызды таңдаудың бірі-мамандық таңдау. Біреулер еріксіз таңдар, біреулер сүйіп таңдар, ол-маңызды емес, маңыздысы-мамандыққа деген махаббаттың бумеранг ережесіне бағынатындығында. Сондықтан оны таңдауда сенімді, ерікті болған дұрыс.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Патриот

Отан басына қиын-қыстау іс түскенде қиынның қиынынан қаймықпай еңбек еткен кісі - міне, нағыз патриот сол. Отан – ана барда шын жүрегіңмен сүйетін жер-суың, туған халқың, туған жерің бар. “Отан үшін отқа түс күймейсің” - дейді дана халық. Халық қашанда қалып айтпайды. Ел игілігін тасытуда еңбегімен ел құрметіне бөленген жайсаң жастар арамызда қаншама десеңізші?!
Патриоттық сезім әркімде бола бермейтін қасиет. Қазіргі кезде елі үшін жан беретін адамдар кемде-кем. Көбінесе сөзбен барлығы патриот, ал іспен болса олар аз. Біз патриот болуға міндеттіміз. Себебі: Қазақстанда тұрамыз, бейбітшілікте, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатырмыз. Бұған Президентіміздің де үлесі зор. Ол кісінің арқасында бүкіл әлемге танылудамыз. Адамдардың көрген қиыншылықтарына көмектесіп, қол ұшын беруде.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті.
Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерболат Тоғызақов Қасымұлы (1948 жылы 25 наурыз)

Ерболат Қасымұлы Тоғызақов (1948 жылы 25 наурызда Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Ерболат Қасымұлы Тоғызақов 1948 жылы 25 наурызда Алматыда дүниеге келген.
1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген
1974 жылы КСРО кезеңіндегі Госкин жанынан құрылған киноөндірісі ұйымдастырушыларының екі жылдық курсын аяқтады.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында әкімші болды және түрлі жұмыстарды атқарып жүрді.
2008 жылы Ермек Тұрсыновтың «Келiн» фильміне түсіп, дебютті қадам жасаған ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Күркіреп өткен бір соғыс

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес.
Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады.
Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк
Бауыржан Момышұлы
Соғыс... Қандай қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ шығар. Бұл оқиға адам баласы үшін ауыр, азапты күндерге айналды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 75 жыл толмақ. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Өзім соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласы, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейірімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Сол бір қиын заманда өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi берілдi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген үлкен құрмет! .......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Алашұлы тобы

Алашұлы тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
Топ мүшелері:
Атаханов Берік,
Рахмет Мақсат,
Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған.
Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Алашұлы тобының жеке парақшасы @alashuly_group
Топ мақсаты
Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды.
Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.
«Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Жалғас Толғанбай Қонысбайұлы (1970 жылы 23 мамыр)

Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай (1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай 1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда дүниеге келген.
1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірген.
1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Театр және кино институты) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рөлдері....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым

Біз тәуелсіздікті ақылмен,ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә.Назарбаев
Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып,көкейге талай сұрақтың келетіні рас.Біз өр Алтай мен Атыраудың сақтап қалған сарқыты,ғұннан қалған жұрнағы,үйсіннің жүріп өткен ізіміз.Біз қазақпыз!Ақ білектің күші,ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда,1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей Моңғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік. Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады.Шығыстан алтын күн нұрын төгіп,еркіндіктің самалы есті.Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлтты сейіліп,әнші бұлбұл шаттық әнін шырқады.
О,дүниеге жаңа сәби келді.Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы.Өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанғанда,осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде.Осы сәбидің ертеңгі тағдыры үшін жанын қиған.Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?!Ағы мен қарасы,жақсысы мен жаманы, жасағы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.
Ұлан байтақ жері бар,сабырлы да еркін халқы бар,үлкен мемлекетінің өзгеге ұқсамайтын тарихы,қалыптасу,даму жолы да ерекше болды.Атабабадан қалған ұлан- ғайыр жерді иіріп,дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,өзгеге көңілімізді анық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.Тәуелсіздік алып келген жетістікте, оң өзгерістер де мол.Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік!Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстырының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.Соның біріАстана. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген,тәуелсіздігіміздің түлегі.Отанымыздың жүрегі-Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай,тәуелсіздігіміз әйгілеп тұр.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға.Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күні ереуілге шықты.Қазақ елі басшысының қазақ болуын талап етті......
Шығармалар
Толық
0 0