Елбасымыз әрі тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндетті атап көрсетіп, болашаққа айқын бағдарды анықтап берді. Мемлекет – адам. Егіз ұғым. Халық болмаса, мемлекет те жоқ. Мемлекеттің жандануы, ең алдымен халықтың моральдық және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Адами капитал.....
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз қанатын көкке жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда... Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне үлкен үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұландарының бірімін! Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!» - деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ тәулсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Жылдар бойы, көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайшылықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке-ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан тілеген. .....
Жаннат Жорақызы Қуанышева (Құдайбергенова) (1976 жылы 4 сәуірде Алматыда туған) — танымал киноактриса. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (1990). «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.
Өмірбаяны Жаннат Жорақызы 1958 жылы 4 сәуірде Алматыда дүниеге келген. 1972 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясында актриса. Қуанышева 30-дан астам кинофильмдерге түскен: "Махаббат тәмсілі" (1975), "Медеудегі кездесу" (1976), "Тоғызыншы ұлдан сақтан" (1984), "Тірі вакцина" (1987), "Қайсар" (1991), "Мені ұмыт" (1993), т.б. Сондай-ақ, тұңғыш отандық телесериялдар "Тоғысқан тағдырлар" мен "Қара шегірткеге" түскен.
1983 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2004 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актерлік бөлімінің бастығы. ....
Шейіттерді қастерле! Нанға сатпа арыңды! Қасиетті құрбандар жанын қиды ар үшін, Қойсам деймін ескерткіш, бұл солдаттық парызым! Александр Бек Соғыс... Қазақ жеріне түрлі қасіретімен келген апат Кеңестер Одағының құрамында болған 1941 – 1945 жылдары өз ізін, қасіретін ойсыратып салып кеткен еді. Бұл жолғы соғыс тек қазақ жұртын емес, бейбітшілікті, тыныштықты жақтаған КСРО-ның құрамында болған 15 республиканың орны толмас қайғысы еді. 1939 жылы 23 тамызда Шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Бұл соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Елдің жауынгерлік сапын кеміткен, әр шаңырақтың бас иесін мерзімінен бұрын ажал құштырған соғыс аталған жылдың 22 маусымы - барлық кеңес елдерінің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деген кеңестік идеялогиямен тәрбиеленіп келе жатқан Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді.......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Менің Отаным – Қазақстан Сабақ тақырыбы:Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай Оқу мақсаттары: 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру. 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады. Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады. Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады......
Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Отбасы Әкесі - Манеза Салахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады. Білімі Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда. Дүнген Жетістіктері 2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған ....
Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында туған) - театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1997 жылдан). Ерлан Малаев 1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген. 1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Театр және кино актері» бөлімін бітірген. 1997 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында. 2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.....
«Сүйінші, халқым, сүйінші! Сүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, аға-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке.» Т. Жароков Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Батыр ел үшін туады, Елі үшін өледі. Халық мақалынан Қаһарман қайсар рухты қазақ елі батыр халық.Ол шірене қалса,асқарасқар тауларына сүйенеді,айқын щалқар көліне,кең байтақ жеріне одан кейін азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар,Төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар,Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар Абылайдай бірлігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Аяулы мен Әлия мен Мәншүгімді,-деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім.Мәншүк Маметованың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды.Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. ......
« Сәрсенкүл апай ». Бүл Құрсай ауылының үлкені де , кішісіне де жақсы таныс алтын есім. Өйткені, Сәрсенкүл Жұмақова осындағы « Құрсай» сегізжылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Өзінің тынбай ізденуімен, жұмысты бар ынта-жігермен атқаруымен оқушылардың да , әріптес мұғалімдердің де ілтипатына бөленген құрметті ұстаз. Сәрсенкүл ажеміздің ұстаздық еткеніне 33 жыл болды. Ол жылдарда оның қолынан қаншалықты жас түлеп ұшып , еселі еңбегімен , ғылымдағы табыстарымен елге танылған азамат шықты. Олардың арасында Сәрсенкүл апайларының жолын қуып ,ұстаз болғандары қаншама. Тіпті апайларына еліктеп физика ғылымының соңына түскендері , бұл.....