Өмірбаян: Бөлтірік Атыханұлы (1870-1928)

Бөлтірік Атыханұлы 1870-1928 жылдары өмір сүрген. Ақыны, жыршы, күйші. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында тұрған.

Құланаян Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне шұрайлы өлеңдерімен ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт, Үмбетәлі ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен.

Күйлері "Терме күй", Жыр күй", "Ән күй" шығармалары сақталынған. Ақын жырларының сақталуына үлес қосқандар Байниет Малыбекұлы, Қайырбек Мәңкеұлы, Садықожа Моштайұлы, Бура молда, Саурықов Сыдық, Әбдірасылов Шәуен ауыздан-ауызға жатқа айтып, ұрпаққа жеткізді. Академиктер Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, ғалымдар Сәрсенбі Дәуітов, Сағатбек Медеубеков ақын шығармашылығы туралы зерттеулер жазды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Гауһар Әлімбекова (1971 жылы)

Әнші- сазгер Гауһар Әлімбекова 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай өңірінде көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол гитарада ойнауды 9-сыныпта оқып жүргенде үйренген. Ең алғаш шығарған әні «Сағыныш сазы» деп аталады. Алғаш рет Гауһар жас сазгерлердің «Үкілі үміт» байқауында жарқ етіп көрініп, Исраил Сапарбай, Секен Тұрысбеков, Мұрат Құсайынов ағаларының батасын алды.
Гауһар Әлімбекова өзге әріптестері сияқты сахнаға орынды-орынсыз шыға бергенді ұнатпайды. Журналистерге де жиі сұхбат беруден бас тартады. Мұның себебін әнші бір сұхбатында былай түсіндіреді: «Ауыз толтырып, ел-жұртқа айтатындай тың жаңалықтар болмағаннан кейін, журналистерге қайта-қайта не айта бермекпін?! Бас тартатыным – сол. «Өнер жолы – ауыр жол» дегенді қайта-қайта қайталап, газет-журналға орынсыз жылтыңдап шыға бергенді жақтырмаймын».....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың композициясын анықтау «Дарабоз» Қ. Жұмаділов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың композициясын анықтау «Дарабоз» Қ Жұмаділов
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: әңгіменің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау
Көптеген оқушылар: кейіпкер іс-әрекетін тауып, оның өзгеру себебін салыстыра отырып бағалай алады.
Кейбір оқушылар: әңгіме мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгі жеңіс алауы

Туған ұлы күнінде қолбасшының
Зеңбіректер атылсын үні тынбай.
Той жасаймыз тау халқын түгел қырып,
Шырқалатын сан ғасыр ұмытылмай.
Солдаттармыз жол салған тыңнан етіп,
Құлын даусы шыңғырсын шыңға жетіп
1941 жылғы 22 маусым- тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Қырық бірінші жылдың жиырма екінші маусымында таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды. Солай дүниежүзін дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыс басталды. 5 жылға созылған қасиетті соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Сәбилер жетім қалды, қариялар балаларынан айырылды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біздің көше батыры

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі - менің жерлесім, Құлсары қаласының тұрғыны Әбдірахман Елубаев.
- Сәлеметсіз бе, ата! Маған сіздей ұлы адаммен кездескен, сіздей батырды көзбен көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы, соғыс туралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз соғысқа қалай шақырылдыңыз,қандай жерлерде ұрыстыңыз?......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Фотодағы бейтаныс адам

Атам мен әжемнің қолында тәрбиелендім. Кішкентайымнан атамның арқасынан түспейтін едім, бірге бұзау айдап, соңынан бір елі қалмайтынмын. Жаздың бір жайма-шуақ күндерінің бірі еді. Атамның үйінде өзім қожа, өзім би едім. Олардың бар ермегі мен болсам, менің ермегім – үйде жиналған ыдыс сөрелерін, әжемнің әбдіресін, атамның заттарын тамашалау. Әсіресе мені қызықтыратыны шаң басқан чемодандарды ашып, атамның ескі заттарын ақтарып, өзімше бір тексеріс жасау еді. Сондай кезекті тексерістердің бірінде қолыма фото тиді, фотодан атама ұқсайтын бір адамды көрдім. Сарғайып, бір шеті жыртылып та қалған ескі фото болатын. Қолыма алдым да, атама қарай жүгірдім. Қасына барып, кім екендігін сұрадым. Атам суретке ұзақ қарап, қасына жайғасуды ұсынды. Кейін: - Бұл менің әкем, - деп бастады сөз басын. Алмамбетов Сәрсенбек - Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1941 жылы соғыс басталғанда әскер қатарына шақырылады. Бірінші Украина майданында жаяу әскер бөлімінің 248моторланған атқыштар полкінде болып,Украина жерін жаудан азат етуге қатысқан. Польша жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде жүрек астынан оқ өтіп, екі рет жараланып, 1945 жылы елге оралады. Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерліктері үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Г.К. Жуков», «Жеңіске 40, 50 жыл» сияқты медальдармен марапатталған. Бүгінгі көк аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз - осы адамдардың арқасы. Сен атаңмен мақтануының керек, - деген болатын. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Мамандық таңдау - борышым

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.

Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Ұлттық патриотизм – елдікті сақтап қалудың негізі

Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт - азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан үшін күрескендер

Опасызда Отан жоқ,
Отанда опасызға орын жоқ
Б.Момышұлы
Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» деп, өз ойын айтып еді. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы өмірінен,тағдырымен тығыз байланысты. Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстокга Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі........
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.» -деген А.Байтұрсынұлы. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін- бірі құрметтеп, өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын міндеттеуіміз қажет.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын өкілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз егесін алып, өзінің дербес мемлекеттігін қалыптастыруда. Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.

Ел басымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының өзі жай емес. Ұлттың барша мұрасы саналы да салиқалы ұрпаққа аманат етіледі. Ал жастар оны өнбойына сақтамаса, өзімізден кейінгі ұрпаққа буын сабақтастырып кетпесе, біртіндеп сол ұлттың атауы да өшіп жоғалатыны туралы алаш қайраткері Мағжанның атап кеткені бекер емес екені белгілі.

Бүгінгі педагогика ғылымдырының алдында тұрған зор міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, Ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бүгінгі өскелең ұрпақымыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап өтті......
Эсселер
Толық
0 0