Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Аңшы ата ізімен» (табиғат новеллалары) шығармасын (4 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Аңшы ата ізімен» (табиғат новеллалары) шығармасын
Оқу мақсаттары: 4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Кемеңгер атам, Мәшһүр бабам!

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шоқтығы биік, дара тұлғалардың бірі. Ол - ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен қазақ әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бес – он бес жас аралығында Алланың ғылымын, араб – парсы, шағатай, түрік тілдерін жетік меңгерген.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ойлары өзіндік бір деректілікке негіздейді, себебін түсіндіреді, құпия сырына үңіледі. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының « айдан – жарық, күнінен-раушан »түйінді ой - пікірлері айрықша маңызды . Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеушілердің айтуына қарағанда оның еңбектері шамамен 30 томдық еңбекті құрайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біз – бақытты ұрпақпыз!

Отаның үшін жасауың керек неше ерлік,
Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік.
Отаның үшін махаббат керек, махаббат,
Отанын сүймеу – есерлік!
Ғ.Қалибекұлы
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Аллаға шүкір ата- бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігімізге ие болып, 71 жыл Қазақтың ержүрек қаһармандарының арқасында біз бақытты, тәуелсіз, бейбіт, ашық аспан астында, сыйластықта өмір кешіп жатырмыз. Біздің Отанға деген махаббатымызды өлшеуге болмайды. Мен өз елімнің патриотымын. Патриотизм дегеніміз, өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгенділік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық.2016 жыл Ұлы Жеңістің 71жылдығы мен сұрапыл соғыстың басталғанының 75 жылдығы екені баршаға белгілі..«Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» деген ұлағатты сөз бар. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.....
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бейнелеу өнері | Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» педагогикалық негізге алдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Жырақта...

Ауыл өмірі.Ауыл таңы.Ауыл үні.Бұл қастерлі атаулар бір-брімен біте қайнасқан ұғымдар.Ауыл өмірінің қоңырқай тіршілігін,ауыл адамдарының арман қиялын тек қана ауыл баласы жан жүрегімен ұғына алады,барша түйсігімен түсіне біледі. Менің өлкем қашан да күн нұры азаймаған шуақты Оңтүстік,тарих қойнауынан үнсіз ғана сыр шертетін ұлы Отырар даласы.Ғылымның сан саласында өшпестей қолтаңбасын қалдырған,әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл - Фарабиді ,қазақтың қара күшін дүние жүзіне танытқан алып Қажымұқанды,құлағында күй,көмейінде саз ойнаған композитор Шәмші Қалдаяқовты,барша түркі елдерінің ақыны Мұхтар Шахановтарды туғызған топырақтан болу мен үшін үлкен бақыт.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н Ақышев
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, қажетті ақпаратты тауып оқиды
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, қажетті ақпараттарды тауып, түсіндіре алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Шығарма жұмысы

Сол күні абитуриенттердің жазған шығарма жұмысының қорытындысы өте кеш шыққан еді. Бұрын бұлай болмаған. Бұл кезде қас қарайып та кеткен болатын. Ал іштен әлі хабар жоқ. Оқу орнының ауласы қарақұрым адамға толы. Бұлар - шығарма жұмысының қорытындысын күтіп тұрған абитуриенттер мен солардың ата-аналары немесе жақындары. Сол көпшіліктің арасында бұл да өзінің жазған шығарма жұмысының қорытындысын күтіп отырды.

Ілгеріректе тіл-әдебиеттің мұғалімдігіне түсу үшін, абитуриенттерден шығарма жұмысын алатын. Өзі мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шығарма жұмысын жазғанды қалап тұрушы еді. Одан кейінгі бір ұнамды тапсырмасы - қазақ тілі сабағында сөйлем құрау тапсырмасы болатын. Ұстаз бұл тапсырманы үйге де береді немесе сыныптағы сабақ үстінде отырып та сөйлем құратады. Одан кейін тағы да бір тапсырма болды. Ол қазақ тілі сабағының үстінде мазмұндама жазу жұмысы еді. Бұл - шығарма жұмысына қарағанда орындалуы аса қиын емес көрінетін тапсырма. Өйткені мұнда ұстаз әлгінде ғана дайын мәтінді оқып берген. Енді осы мәтіннің желісінен шықпай отырып мазмұндап беру ғана қалған еді. Ал шығарма жұмысы бұған қарағанда күрделірек әрі онда еркіндік бар. Мектеп қабырғасында жүргенде өлең, әңгіме немесе мақала жазу сияқты жұмыстармен айналысқан емес. Ал шәкірттік күндеріндегі жоғарыдағы тапсырмалар есінде сақталып қалған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Мен өз отанымның патриотымын

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой ...Мүмкүн ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқар Алатаудай болар ма еді !?
Иә әр адамға өз отаны мен туған елінен қымбат ештеңе жоқ шығар. Мен де адал сәби жүрегіммен Қазақ жерін мақтан етемін! «Қазақстан» дегенде менің көзіме небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек , қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді !......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен-Қазақстанның патриотымын

Менің туған жерім – ұлаңғайыр, байтақ, кең жазира Қазақстан. Отаным, елім, туған жерім... Бұл сөздерде қаншама сыр бар.Туған жер дегенде жүрегім дүр-дүр соғып, елге, жерге деген нәзік сезім пайда болады.Осы патриоттық сезім әр адам үшін алтындай бағасыз, маңызды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен-тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағымын

Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың.
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Иә, осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, өз тарихымызбен алғаш рет, жалпақ дүниеге танылдық. Демократиялық, құқықтық мемлекет атанып, нарықтық эканомика жолына түстік.
Осы жылдарда халқымыз қазақ екендігін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есімізді, еншімізді, несібемізді білдік. Тәуелсіздік қазақ ұлтының өзін, ата-дәстүрін, салтын табуына жол ашты.
Қазақстан тәуелсіздігі дегенде, тарихтың бәрі ойға оралады. Сол кезде көз алдымызға ғасырлар бойы бодандықтың бұғауынан құтыла алмай жанталасқан еліміз, «Абылай», «Алаш» деп жауға қарсы шапқан батырлары келеді.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдіреден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз! деп Ақтамберді жырау «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсаған екен. Бірақ сол бостандыққа қазақ елінің ұзақ уақыт қолы жетпеді. Өйткені, азаттық үшін күрес ғасырлардан жалғасып, тіпті, кешегі кеңестік билік заманның сұрқия саясаты кезінде де жүріп жатты. Қазақтың бас көтерер азаматтарын баудай түсірген сол бір қысылтаяң шақта «ұлтым» деген азаматтар қара басын қорғамай, халқы үшін күресе білді. Ұзаққа созылған отаршылдық құрсауын бұзып, орталық алаңына шыққан қазақ жастары бұдан әрі ұлт намысын аяққа таптатпайтынын әлемге айғақтап, ұлтымыздың мақтанышына айналды. 1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге үнсіз шыдап келген халқымыздың қарсылығы лықсып келіп, жастар қозғалысына ұласты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы саналы күресі болып танылды.
Сонау бір өткен күндерде еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, жолбарыстай жортқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз егенмендік үшін күресті.
Аз ғұмырын ой мен арманға толтырып, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен осынау байтақ өлкеде оқу-білімді шырақтай маздап жандырған Ыбырай халықтың келешегі емес пе еді!
Атадан ұл туса-игі
Ата жолын қуса игі, - деген Төле би бабамыз. ХV ғасырда алғашқы хандарымыз Жәнібек пен Керей халқымыздың ұлан-ғайыр өлкесіне сұқтана қарағандардан атабабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, ұлтарақтай жерді ұрпағына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген жоқ па? Халқын соңынан ерткен ер Қасымның тұсында да ел тағдыры әрленді емес пе? Қазақты қалың малсыз қалыңдыққа, бағусыз байлыққа бағындырған, ірілік елдің басын қосып, жауын жеңген тұлға Абылай еді......
Шығармалар
Толық
0 0