Шығарма: Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Құралай Анарбекова (1989 жылы 11 маусым)

Анарбекова Құралай - актриса, продюсер
1989 жылы 11 маусымда Ақтөбе қаласында туылған.
«Corich Production» продюсерлік орталығы 2014 жылы құрылған, соның бас продюсері және орталықтың негізін қалаушылардың бірі.
Кәсіби сәнбике. 2006 жылғы «Мисс Ақтөбе» сұлулық байқауының жеңімпазы. №40 Ақтөбе орта мектебін өте жақсы мағамен бітірді. 2005 жылы Ақтөбе политехникалық колледжінің бірінші курсына түсіп, 3 курсқа келгенде сол жақта ұйымдастыру мен тәрбиелік жағынан жұмыс істеді. 2009 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТА оқуға түседі. Бала кезінде хореография және гимнастикамен айналысқан. 2006 жылы қалалық сұлулық байқауына қатысып, «Мисс Ақтөбе» атауына ие болды. Құралай мәскеулік фотографтармен сәнбике ретінде бірнеше рет жұмыс істеді, түрлі жарнамалық роликтерге түскен.
2012 Жау жүрек Мың бала (Қазақстан) - актриса;
2012 Менің күнәлі періштем (Қазақстан) - актриса.
2014 Аманат (Қазақстан) - актриса;
2015 Дуэт (хикая, Қазақстан) - продюсер;
2015 Алтын ұя (хикая, Қазақстан) - продюсер;...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ана

Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Ана әлемдегі ең қайратты, жігерлі, әрі нәзік жандардың бірі. Барлық адам өз анасын жақсы көреді. Ананың балаға деген махаббаты тілмен айтып жеткізе алмайтын шексіз. Ол қанша шаршаса да балаларын ешқашан тыңдаусыз, қараусыз қалдырмаған. Мен анамды үлгі тұтамын. Әрқашанда атын өлеңдеріме, жазған шығармаларыма қосып жүргім келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Телефонға деген тәуелділіктен құтылу үшін...

Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал және оның тарихы 1973 жылдан басталғанын көпшілігіміз білеміз. Қазіргі таңда ұялы телефонды қолдану аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кеткені соншалық өмірдің барлық салаларында қолданудамыз. Бәріміз мойындайық, смартфондар адамның жанынан ажырамас бөлігіне әрі көмекшісіне айналды.
Белгілі сатирик Тұрсынбек Қабатов айтқандай, қазіргі қоғамның...
Шығармалар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау Ақселеу Сейдімбек “Табиғат” (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау Ақселеу Сейдімбек “Табиғат”
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады;
Көпшілік оқушылар: суретті пайдаланып, талдау ретінде эссе жаза алады;
Кейбір оқушылар: орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Біздің даңқты бабаларымыз

Отан! Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем
М. Мақатаев

Сан ғасырлық тарихында қазақ халқы өзінің қауіпсіздігі мен аумақтық
тұтастығын, ана тілі мен ділін және басқа құндылықтарын сақтап қалу үшін қилы кезеңді
бастан кешірді. Аттары аңызға айналған көшпенділер – сақтар, ғұндар мен көк
түркілердің ұрпағы ретінде біз басты байлығымыз – қазіргі Қазақстанның ұлан-байтақ
даласы.....
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы (1958 жылы 4 маусым)

Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева (4.6.1958 жылы туған, Түркістан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті (1996).
Өмірбаяны
1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық факультетін (профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша) бітірген.
Сол жылдан бастап Қазақ опера және балет театрының соло-әншісі....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерік Жолжақсынов Қалиұлы (15 мамыр 1959 жылы)

Ерік Қалиұлы Жолжақсынов (15 мамыр 1959 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қарақас ауылы) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Астана Циркінің директоры.
Өмірбаяны
1959 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жолжақсынов Қали, марқұм, ұжымшардың төрағасы болған. Анасы — Жолжақсынова Жазира, марқұм, мұғалім болған.
1977 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын тәмәмдаған. 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. 1989 жылдан бері Шә Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің актері (қазіргі — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Әскери атағы — капитан ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Платонның «Мемлекет» шығармасы

Платон диалогтарының ішінде ең маңызды және атақтыларының бірі «Мемлекет» болып табылады. «Мемлекет» шығармасын атақты жасаған оны баяндау шеберлігі, кітаптың мазмұны және шындыққа жақындығы.
«Мемлекеттің» қалған шығармалардан артықшылығы – философиялық ойдың көп жақты қолданылуы. Бұл шығарманың тақырыбы әділеттік және оның бір ұғымы этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтеді. Бұл шығарманы құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым қатынасы туралы, мемлекттің құрылуы және оның адамдарының сословиелер туралы және осы мемлектті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және оларға білім беру қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген мағынадағы термин болған жоқ.
«Мемлекет» өзінің көлемі мен мазмұны, қолданылған материал мен ой тереңдігі мен көпжақтығы, зерттеліп жатқан тақырыбы жағынан Платон шығармаларындағы ерекше роль алады. Сократ жанындағы адамдарға айтқысы келген «мұрат» (идеал) туралы ойлары, адам өмірінің барлық жағын қарастырады; адамның өзін, жануясын, тұратын еліннің барлық этникалық, эстетикалық жақтарынна қарастырады. Ол кітаптың бірінші бөлігі болып табылады, одан кейін «Тимей» космостағы идеалды құру, «Критий» идеаль қоғам құру мен оны іске асыру туралы жазды.
«Тимей» мен «Критий» Платонның өмірінің соңында жазса, «Мемлекет» IV ғасырдың 70-60 жылдары жазылған.
Бұл диалогтың мағынасын Кефальдың үйінде Сократ сөздерінен көреміз және оны ертесі достарына айтып береді. Бұл диалог бірнеше сағатқа созылған, Пиреяда Афинаға жақын жерде күндізгі құдайға арналған марш
пен кешкі факелмен жүгіру аралығында болды. Бұл диалогта жоғарғы орынды Сократ пен Платонның бауырлары Аристона Адамей мен Главкон
алады, екеуі де философияға қатысы жоқ, бірақ Платонның «Сократ
апалогиясы» мен «Парменидте» аттары кездеседі. ....
Рефераттар
Толық
0 0