Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Отты жылдар жадымызда

Өлген жоқсың,қатардасың,
Солдатсың сен, азамат!
Бүкіл әлем замандасың
Қадірлейтін адамзат.
Қ.Көпішев
Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ, яғни біздер, қазіргі таңда Қазақстанда алаңсыз өмір сүрудеміз. Бізге мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын соғыста қолына қару алып,қасық қаны қалғанша соғысқан аға ұрпақ сыйлады. Бейбіт жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасаған Германия Гитлердің «Барбаросса» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Гитлер Кеңестер одағына қарсы «Қауырт соғыс» ашып, 8-10 апта ішінде аяқталуға тиіс деп жоспарлады. Сөйтіп 1941 жылдың 22маусымында таңға жуық фашисті әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса-көктеп кірді. Германияның шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны,Белоруссияны басып алып,Ленинградты қоршады. Мәскеуге жақындады. Ленинград үшін болған шайқаста халық ақыны Ж.Жабаев жауынгерлерге «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Түйе, нар

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде...
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ тілінің қоғамдағы қолданысы

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз елдің патриотымын!

Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»«Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» «Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қасіретті жылдар

Тарихты таразылап отырсақ, қазақтың басынан өткен қиыншылықтар аз емес. Соның бірі – 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысы.
Соғыс... Мен үшін бұл өте қорқынышты сөз, өйткені елімізге көп қасірет алып келген азапты жылдар. Әрине, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ ол туралы естідік, кітаптардан оқып, фильмдерден білеміз. Бұл сұм соғыс әр отбасын шарпып өтті десек қателеспеспіз, сірә. Өйткені біздің кішкентай аулымыздың өзінде талай ана жолдасын, бауырын немесе баласын соғыс кезінде жер қойнауына тапсырғанын ауыл ақсақалдары талай әңгімелеген. Бізді қуантатыны – соғыстан аман қайтқан аталарымыз. Біздің ауылда соғыстан қайтқан ардагерлер көп еді. Қазір тек біреуі ғана арамызда. Ол - Мырзабаев Шәмші атамыз. Енді біз тек ол кісілердің айтқан әңгімелерін есте сақтап, жасаған істерін үлгі тұтудамыз.
Ардагер аталарымыз жайлы бірнеше таң асыра әңгімелеуге болады, олар туралы көптеген мәліметтер газет-журналдарда жазылды. Мен өз ойыммен бөлісіп, өзіме таныс жайларды ортаға салуды жөн көрдім. «Асылдың сынығы» дегендей, олардың әрқайсысының орны бөлек. Мен танитын Қалжанов Сарыбай атамыз соғыс жайлы айтуды ұнатпаушы еді. Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық кісі болатын. Алайда ол кісінің бағбандығы өзінше бір керемет болды. Еккен ағаштарының бірі қалмай көктеп, жайқалып шыға келетін. Ауыл тұрғындары өтініш айтып, бақшаларына жеміс ағаштарын ектіретін. Ойлап отырсам, мұның сыры, бәлкім, бейнеткештігі мен жасаған ісіне деген жауапкершілігінде ме екен? Кім біледі, бірақ ол кісідей жүрген жерін көктетіп, гүлге орап жүру көп адамның қолынан келмеді.....
Шығармалар
Толық
0 0

Баяндама: Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Көмекші мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік қажет етеді. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты.
Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптасақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Бүгінгінің тойындағы дарақылық...

Той – халықтың қазынасы. 30 күн ойын, 40 күн тойын тойлаған, жиған тергенін дүбірлі тойда ғана шашатын қазақпыз. Ұлттық тәрбие бесігі бола білген қазақтың тойында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сақталып, мазмұны мен маңызы ерекше болған. Ал қазір ше? Қазіргі тойлар – есепсіз ысырап пен мақтан үшін жасалып жүр десем артық......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен соғысты жек көрем

Ұлы Отан Соғысын еске алсақ, көзімізге жас келіп, қорқынышты және аянышты көрініс елестейді. Бұл оқиға тарихта қызыл әріптермен жазылады, өйткені сол жылдары қаншама адамның қаны төгілді. Жалпы қазақ халқы басынан қаншама қайғылы және ауыр жайттарды басынан кешірген. Бұл біздің, яғни қазақтардың өте шыдамды халық екенімізді дәлелдейді. Сондықтан ата-бабамыз бізге аманат етіп қалдырып кеткен жерді сақтауымыз керек. Жоғарыда айтылып кеткендей, Ұлы Отан соғысында қаншама адамның қаны төгіліп, қаншама бейкүнә адам өмірінен айырылды. Қаншама қазақтың жас жігіттері соғысқа барып, өмірімен қош айтысты. Ал оның ата-аналары балаларысыз қалды. Тек соғысқа барған жауынгерлердің кей біреулері ғана қайтып оралды.
Сол қайтып оралғандардың арасында менің нағашы атамМұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы да бар. Мұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы-1918 жылы 23 ақпанда, Қарқаралы уезі Нұркен ауылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының Сарытерек ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Талғар Ауылшаруашылық Техникумына түсіп, оны 1936 жылы мамандығы бойынша Ақтоғай ауданында жұмыс істей бастады. 1942 жылы 12 ақпанда қызыл әскер қатарына шақырылды. Сол шақта Ұлы Отан соғысы болып жатқан кез еді. 1 айлық дайындықтан өтіп, 95 артиллерия дивизия құрамына қатардағы жауынгер болып қабылданды. 1943 жылдың қарашасында Украина әскери округіне 95 артиллерия дивизиясы құрылды. Дивизия командирлері: ......
Шығармалар
Толық
0 0