Аяулы менің анашым, асыл ұстазым - Дамира Абдуллаеваға!
Менің жүрегімнің бір бөлшегі, күніне алты сағат бойы жанымыздан табылар қамқоршымыз. Ешбір адам тең келмейтін, ешкім жете алмай жүрген биік шыңым. Сенің білімің бойымызға нәр беріп, азығымыз болады. Аспандағы айдай асыл ұстазым, көктегі күндей мейірімдім......
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде,еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің- ішкі – сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде аршаның міндеті – әдет - ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғарыт әрбиелі ұрпақты өсіру. Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды .Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс -қимылынан танылып , сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.......
Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.....
Алдымен сүй,ардақты-анаңды, Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. Бар жақсылық балаға бұл ғаламда, Мейірімінен ананың жасалады. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы, тіршілік ортасы үлкен маңызға ие. Ұрпақ адамгершілік , әдептілік, инабат үлгісін өскен ортасынан, отбасынан алады. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз», «Шешесін көріп қызын ал,ыдыс-аяғын көріп асын іш» деген мақалдар тегін айтылмаған. Әйелді отбасының құты деп, әспеттеп-құрметтеген. Қазақ ежелден ақылына келбеті сай аналарды ардақтап, басына көтерген, баланың ғана емес , елдің анасы болған ана-апалардың мысалы аз болмағаны да сондықтан. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі Ұлпан ана ел басқарған ақылды, сыпайы, мейірімді, ибалы, ізетті , қарапайым жан. Ыбырай Алтынсарин «Ананың сүюі» деген өлеңінде ананың балаға деген шексіз махаббатын, ынтызарлығын паш етеді.......
Менің елбасым Н.Ә.Назарбаев "Қазақ халқы алдында атқарған қызметі зор, еңбегі ерен"- деген президентіміз. Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, дүниежүзлік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған елі, мемлекеттеріміздің барлығының да......
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деген емес пе?! Ия, ұстаздар жайлы әңгіме айтылғанда, ең бірінші Мұрат ағай ойыма оралады. Яғни, тарих пәнінің мұғалімі Әшкеев Мұрат Жаманұлы.......
Мен бақыттымын! Себебі, мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан! Отан...Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным -......
"Қазақстан" деген ауыр сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған әр азамат сезінуі парыз. Қазақ жері, елі бізге ата-бабаларымыздан урпақтан-ұрпаққа келе жатқан асыл мұра. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама батыр аға-апаларымыздың жасаған ерліктері бізге......
Мұғалім – сенің екінші анаң. Мұғалім сенің тәрбиелеушің. Ол кісі бар білгенін бізге үйретеді. Мұғалімге біз ол кісінің баласы секілдіміз. «Ұстаз-ұлы тұлға» деп бекер айтпайды.......
Туған өлке туралы айтылғанда кең байтақ Қазақстан, оның ішінде әсем де көркем, ақынға жыр, халқына сыр болған Қызылорда өңірін мақтанышпен ойға аламын. Қарт Қаратаудың иегі мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр-ана сонау Аралға жетіп тыныс табады. Сыр өңірі тоғыз жолдың торабын түйістірген, жаугершілікте халқына қорған болған қасиетті өлке.......