Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы теріп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттерді қолдану Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады Кейбір қушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды......
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д Қасенов Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады.....
Мақажан Жанель Тимурбекқызы - актриса 1987 ж. Алматы қаласында дүниеге келген. 1994-1996 жж. Алматы қаласы А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде, 1996-2005 жж. № 163 қазақ орта мектебінде білім алды. 2005-2009 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «драма театры және кино актері» мамандағы бойынша оқып бітірді. 2009-2015 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді. 2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Ғ.Мүсірепов театрында ойнаған рольдері:....
Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар. Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған. Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Атам менің - абыройым, мақтанышым, Атам менің – сән құрар салтанатым. Атам менің – ер жүрек, майдангерім, Атам менің – асылым, ардагерім. Авторы өзім Елімнің бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі өмірі қандай деген сұрақтар мені үнемі толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан өткізген жан түршігерлік өмірін естен шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер ұмытқан сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені сол кезеңді менің атам басынан өткерді. Атам үнемі сол кезең туралы айтқанда құйқа шашым шымырлап, үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешемін. Ойым сан жаққа жүгіреді. Сол бір «соғыс» деген сұмпайыны қаншама адамның өмірін алды, қаншасының өміріне балта шапты, қаншасын зар жылатты. Аталарымыз, аға – апаларымыз қан төгіп, өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін? Яғни келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, біздер үшін. Менің атам 1924 жылы 5 мамырда киелі Торғай өңіріндегі Қошалақ деген жерде өмірге келген. Әкесі Камал атам екі жасқа толғанда қайтыс болған. Анасы екеуі әкесінің інісі Мейрам отбасымен бірге тұрған. Қиыншылықты көп көрген. Ашаршылықты бастарынан өткізген. Соғыс басталғанда менің атам не бары он жеті жаста болған. Өз еркімен сұранып, елімізді жаудан қорғауға аттанған. Бір – екі ай «Катюшамен» қалай соғысу керектігін оқып, майдан шебінен бірақ шыққан.......
Сыбайлас жемқорлық деген сөздің өзінен денең түршігеді.Сыбайлас жемқорлықтың жақсы нәрсе емес екенін біле тұра ,соған қарамастан бұл жайт елімізде белең алып тұр.Бұл жағдайдың тоқтатылуына игі шаралар жасалынып жатқаны анық,бірақ бұдан шығаратын қорытынды қаншалықты көңіл көншітер екендігі белгісіз... ....
Бүгінде кез келген Қазақстан азаматы ауыз толтырып мақтанышпен айтатын мәселелер жетерлік. Ең бірінші мақтанышымыз – тәуелсіздігіміз. Оған ата-баба, аға ұрпақтарымыз қасық қандары қалғанша арпалысқан еді. Бүгінде бұл ерліктері бүкіл ел шеңберінде еске алынып, аталып өтуде. Шаңырағымыз шайқалмай, бүгінде бейбіт дамып келе жатқан ұлы еліміз - тәуелсіздігіміздің нышаны. Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, ......
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» неткен керемет, киелі ұғымдар! Біздің Отанымыз тәуелсіз, еркін мемлекетпіз. Бүгінде біз – қанатын кең жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне 28 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта осы егемен Қазақстанның 28 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен осы егемен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анаманың жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Біз 16 желтоқсанда еліміздің егемендігін жариялаған күн екенін білеміз. Сол күні 1991 жылы көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. .....
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы . Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.......