Өмірбаян: Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қараша 1976 жыл)

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Өмірбаяны
Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова. Жұбайы - Мархабат. Қазіргі таңда қыз бен ұл тәрбиелеуде....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әйгерім Рақыш (Ayree)

Жас әнші (шын есімі – Әйгерім Рақыш) Ayree 1992 жылы музыканттар отбасында дүниеге келген. Әйгерімнің әкесі саксофонда ойнайды, анасы вокалдан сабақ береді. Бауырларының бәрі де музыкаға жақын. Әйгерімнің өзі музыкалық мектепте 10 жыл бойы домбыра сыныбында сабақ алған. Одан кейін Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдады.
Ayree-ді көрермендер 2013 жылы өткен «Қазақстан даусы» жобасы арқылы таныды. Ол кезде Әйгерім финалға дейін жетіп, жоба соңында 2-орынға ие болған еді. Ал жеке әнші ретінде үлкен сахнаға 2016 жылы 1 наурызда «Шоу» әнімен (авторы – Бауыржан Бимахан) шықты. Сол аралықта жас әншінің алғашқы бейнебаяны да түсірілді. 2016 жылды жас орындаушы үшін толассыз ізденістер жылы болды деуге болады. Дәл осы жылы ол «ABU» телевизиялық әндер фестиваліне қатысып, Франция мен Қытайға гастрольдік сапармен барып келді. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Елімен етене Елбасы

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін, ол, шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін, ол, асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ.
Менің туған елім – Қазақстан. «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік қазақ халқы елестейді. Ғасырлар бойы батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған кең жері – менің мақтанышым, әрі әр қазақ баласының мақтанышы деп ойлаймын.Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіске тағзым етемін

Ұлы Жеңіс десек, ең алдымен сұрапыл соғыс есімізге түседі. Міне, сол ұлы Жеңіске 71 жыл толыпты. Бұл жеңіс ең алдымен ата – бабаларымыздың арқасы, төгілен қаны. Оларды ешқашан естен шығармауымыз керек. Сондай, ержүрек, батыл аға – апаларымыз болмағанда осылай бейбіт өмір кешер ме едік? Осы күнімізге Құдайға шүкір дейміз. Қазіргі таңда бұл Ұлы Жеңіс ЮНЕСКО көлемінде аталып жатыр. Соның ішінде біз қазақ елі «Ешкімді, еш нәрсені» естен шығармауымыз керек. Сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагер аталарымыз, апаларымыз бар. Біз оларды құрметтеп, рахмет айтуымыз керек. Ия, ұрпақтары, яғни, біз батырларымызды көзі тірісінде бағалайық. Өткен күндердің батырларын , ұрпақтары әрқашан біліп, ұмытпауы керек.
Біз кешегі қаһарман Бауыржанның ұрпағымыз, Мәскеуді кеудесімен жауып берген. Біз кешегі Рақымжанның ұрпағымыз тайсалмай, Рейхстагтың төбесіне ту тіккен. Соның ішінде қайсар Мәншүкпен Әлияның ұрпағымыз. Міне, апа – әпкелерімізде сұрапыл соғыстан тайсалмаған. Қаншама азап шегіп, біз үшін, ұрпақтары мен жері үшін кеудесін оққа тосқан. Біз осындай аға – апаларымызбен мақтанамыз. Халықтың ерлігі ғасырлар бойы есте сақталып, Жеңістің шежіресі сөнбеуі керек.
Адамдардың бейбіт өмірін соғыс келіп күл талқан етті. Халық Отанын қорғауға аттанды. Ел үлкен әскери лагерге айналды. Біздің аталарымыз , әкелеріміз, бозбалалар мен қыздар Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлер өз амандықтарын білдіру мақсатында ара – тұра елдегі жақын – туысқандарына, сүйіктілеріне жау шебінен үшбұрыш хаттар жазды. Бұндай хаттарды сарғая күтеді, қорқады да. Жау шебінен жеткен хаттарды аналарымыз, әкелеріміз өмірінің соңына дейін ең қадірлі затындай сақтады.
Сондай үшбұрышты хаттарды біздің мектебіміздегі «Жауынгерлік, ерлік мұражайынан» көруге болады. Біздің Төңкеріс негізгі мектебінде 2009 жылы «Жауынгерлік, ерлік» атты мұражайы ашылып, оған түрлі бұйымдар мен заттар қойылған. Тіпті жауынгерлер каскасы да, хаттар мен түрлі суреттер, соғыс әндері жинақталған альбомдар қойылған.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Роза Рымбаева Қуанышқызы (28 қазан 1957 ж)

Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан, 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ана қуанышы

Менің ең жақын досым анам... Мен анамды қатты жақсы көрем. Бұл дүниеде қай бала анасын жаман көреді. Осы анамыз шыр-пыр етіп, күндіз-түні жұмыс істеп, «Мен жемегенді балам жесін, мен кимегенді балам кисін» дейді ғой. Мүмкін біреулердің жаман жолға түсіп кеткеннен кейін шығар, жаман көретіндері.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиет | Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны шығармашылық жұмыстары

Кіріспе.
Өзектілігі: қарастырып отырған курстық жұмысымның өзектілігі Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы курстық жұмыстың тақырыбы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келуі үшінде бұл тақырып өзекті..
Мақсаты: Менің курыстық жұмысымның мақсаты Е. Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болуы, мысалы, қазақ мектептері үшін түңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық кұрал жасауға ат салысқаны, ол еңбектері 1938—1939 жылдары "Халық мұғалімі" (қазіргі "Қазақстан мектебі") журналында жариялануын паш ету. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Сен құрметте оны!

Отан үшін отқа түс- күймейсің.
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.... - деп, жерлес ақын жазушы Ә. Сәрсенбаев атамыз сонау сұрапыл соғыс жылдарынан аман оралған соғыс ардагерлерін құрметтеуге өз өлең жолдарында жырлаған болатын. Себебі жерлес Әбу атамыздың өзіде сол 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталардың бірі еді. Әбу атамыздың осы өлең жолдарын оқи отырып, мен де өз атамның әкесі менің атамды көз алдыма елесте аламын......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Көктем

Көктемде қар еріп, күн жылынып, барлық тіршілік атаулы тіріледі. Алғашқы күнінен бастап мерекеге толы бұл мезгілдің адамзат баласына қуаныш......
Шығармалар
Толық
0 0