Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп.......
Екінші, осы «Оғызнама» шығармасы қай дәуірде туған асыл мұра? Үшінші, «Оғызнама» дастанын бірсыпыра зерттеушілер «аңыздық дүние» деумен келеді. Неге бұлай бұрмаланып айтылады? Төртінші бұл дастан негізінен бүгінгі ұрпаққа ауызша жеткен бе, әлде жазбаша түрде түскен бе, кезінде хатқа түскен бе? Бесінші, сол дүниені эпостық шығарма деп айта аласыз ба? Алтыншы, «Оғызнама» дастанындағы Оғыз қаған деген кім, тарихи тұлға ма, әлде аңыздық кейіпкер ме? Жетінші, осы дастанның негізі арқауы – Оғыздар қайдан шыққан, олардың өмір сүрген жері, заманы қайсы? Міне, осылай тізбектелген өзекті сұрақтарды тіркей беруге болады. Бірақ, осы сауалдардың көбіне қазіргі таңға дейін әлі тұжырымды, толық жауап қайтарылған емес. Адалына көшсек, «Оғызнама» дастаны түркі тілдес халықтардың мұрасы екенін шет ел ғалымдары ашып, айтып берді. Осы зерттеу еңбекке ғылыми түрде жауап қайтаруды мақсат еттік......
Шүйінші, халқым, шүйінші! Шүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, ата-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке! (Т. Жароков) Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпіс екі жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Соғыс деген сөздің өзі қандай суық десеңші. Өйткені, соғыс адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. ......
Тақырыбы: Сыр сүлейлерінің шығармалары. Нұртуған жырау (презентация түрінде) Мақсаты: • Өз заманының шындығын, ақиқатын, сыншылдығын жырлап келген, қоғамның келеңсіз тұстарын өткір сынаған, сырдың сүлейі атанған Нұртуған жыраудың өресі биік құнды дүниелерін, тәрбиесі мен тағылымы мол шығармаларын келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету. Міндеттері: • Нұртуған жыраудың құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант, дарабоз дарын иесі екендігі туралы түсінік беру; • Талант иесінің туындыларының дүниеге келуі ұлт өнері үшін, оның келешегі, бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту. Зерттеу жұмысына қолданған әдіс - тәсілдерім: • Сұрақ - жауап • Талдау • Пікірлесу Жобаның жоспары: • Кіріспе Сырдың сүлейлері • Негізгі бөлім 1. Нұртуған жырау өмірі 2. Нұртуған жыраудың қасиеттері 3. Нұртуған жырау шығармалары 4. «Нұртуған мектебі» 5. Мен билетин - Нұртуған жырау ( сұхбат) • Қорытынды .....
Қазақ... Бұл сөздің түп қазығын қазбаласақ сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларға барып тіреледі. Сол заманда да еркіндікке жаны құмар халық. Ежелден есімі ел аузына еш кетпеген халық. Жаны жамандыққа қас, жақсылыққа бір табан жақын халық. Көңілін тапсаң,сол қазақтан жақсы халық жоқ ғаламда, мейірлене мейманын күтіп құрақ ұшады, ал сатқындықтың суынан дәм татар болса оңдырмай өзіңе әділдікпен дәріс беріп қасына жоламастай етеді. Қымызы мен қымыранын сапырған , қылышымен жауын қайырған бір өр халық.......
Батырдың балалық шағы Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді. Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен. "Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов. Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады. Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды....
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы далада қызғалдақтар құлпыра өсiп, қызылды-жасылды кiлем төселедi. Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.......
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. ....