Шығарма: Менің Отаным — Қазақстан

Отан – оттан да ыстық

Мен өзімнің Қазақстан жерінде туғаныма қуанамын. Менің Отаным – Қазақстан деп мақтанамын себебі, менің еліме, менің жеріме жететін ел де жоқ, жер де жоқ деп ойлаймын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Мархабат Байғұт шығармашылығы

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиетінің күрделі мәселелерінің бірі – жазушының шығармашылық лабораториясын зерттеу болып табылады. Ұлттық әдебиетімізде бұл сала ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарынан бастап қолға алынды.
Ақын - жазушылардың шығармаларында ел өмірі, оның қоғамдық құрылымдағы болмысын суреттеуі әрі қарызы, әрі парызы саналады. Көркем әдебиетте халықтың озық дәстүрінің ұлттық қасиетінің, мәдениетінің сипатталуы – қалың оқырман үшін рухани азық. Бұған көңіл бөліп отыру қаламгерлердің басты мұраты. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә.назарбаев биылғы жылғы жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - [1: 3] деп, азаматтық борышымызды нақтылап көрсетіп берді.
Ширек ғасыр ішінде, тап осы мәселені зерттеген іргелі еңбектер өмірге келді. Осындай еңбектерді өмірге әкелген: М.Әуезов, С.Мұқановтар соны соқпақ салған, бұл дәстүр қазіргі әдебиетімізде де, жан – жақты жанданып, аз ғана уақыт ішінде сыншылардың қатары бой көтерді. Бұған дәлел ретінде, Ш.Елеукенов, З.Серікқалиев, Б.Майтанов, С.Жұмабеков, Ж.Дәдебаевтың т.с.с. ақын – жазушылардың еңбектерін атауға болады. Әлі де, әдебиетімізде зерттеуді қажет ететін, өзіндік айтары бар ғылыми жүйеге объекті болатындай талантты жазушылардың бірі – М.Байғұт шығармашылығы болып табылады.
М.Байғұт қысқа жазудың шебері дейміз. Ал, «Шеберлік» дегеніміздің өзі – тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс - әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдар жасау үшін қажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу [2: 36].
Жазушы шеберлігі сол, екі бетке жүк болатын оқиғаны екі ауыз сөзбен көз алдыңа алып келеді. Оның әңгімесі болсын, повестері болсын оқыған сайын, оқығың келе береді. Қаламгеріміздің идеясы мен эстетикалық тұғыры ересектер мен балалар әлемінің бір тұтастығы мен өзара қатынасы, бірі – бірінсіз өз бетінше өмір сүруінің мүмкін еместігін айтады. Жазушының қай шығармасын алсақ та, көркемдік жағынан өзіндік бір мінезі, тақырыбы бар. Біз бұл тұжырымды оның «Доланай шахтасы», «Интернаттың баласы», «Жанымайдың жотасы», «Ақ орамалды қыз», «Жемелек» әңгімелерінен айқын сезінеміз.
Қаламгеріміздің өзге жазушылардан ерекшелігі өзіндік өрнегі – қосымша ат қою шеберлігі. Кез – келген шығармасын оқи қалсаңсыз, кейіпкерлердің қазіргі тілмен айтқанда, «кличкасына» кездесесіз. Өмірдегі әзілқой жазушының бұл да бір өзіне тән мінезі болса керек. Мәселен, қатын – дұшпан, Жезбалақ – Тілеміс, Светлана – Сәуле, Штирлиц – Кеуіртбек, Миссис Майра, Мистер Мамыр т.с.с.
Тәуелсіз елдің жаңа адамын, жаңа күрескерін, жаңа қайраткерін, жиырма сегіз жастағы жас мұғалімнің ұстаздық еңбегіндегі бәйшешек жаңалықты, елдік мақсаттағы бүршік атқан бәйшешек тіршіліктің трагедиясын, барша сырымен, барша арманымен, барша мұратымен, барша өкінішімен суреттеп шыққан.
Қазақ халқының мақтанышы мен ыстық махаббатына бөленіп жүрген қаламгеріміз, екі дүркін республикалық «Жалын» баспасының сыйлығына ие болды. 1996 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қоғам қайраткеріміз, Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды, облыстық партия комитетінде қызметтер атқарды. Қазіргі таңда, 2005 жылдан бері тілді дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарып келеді. «Тіл төңірегіндегі таза тіршіліктің түйесі мен биесі, ығай – сығай иесі болмаса да, киесі бар. Тіл бастыққанды емес, бас тіккенді тілейді» деп суреткердің өзі айтқандай, тілге табынып, елге жағынып еңбек еткенге не жетсін [3: 2].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: «О, туған жер! О, қасиетті атамекен!»

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
Әбу Сәрсенбаев.
Ес біліп етең жеңіңді жиған, балалық жастық шақ әркімнің есінен кетпейді . Асыр-салып ойнаған аңғал-саңғал балдәурен шағымыздың аспаны сағымға толы сағынышта қалары сөзсіз. Ол туған жер төсіндегі қиялымызға қанат бітірген туған өлке. Жазиралы дала, айдын шалқарлы көл, күркірей аққан өзені бәрі-бәрі де ыстық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Менің алғашқы ұстазым

Өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі.
Мағжан Жұмабаев

«Ұстаздық - ұлы құрмет». Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-алғашқы ұстаз. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Менің алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезімде, өз мейірімділігін көрсетіп, ең алғаш қолыма қалам ұстатты. Біздің білім алатын ұямыз- мектеп екенін түсіндіріп,мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатты. Енді оқушы болдыңдар дегенде өзімді ерекше сезіндім.

Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Нәзира Мұратжанқызы анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Нәзира апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Мен өз елімнің патриотымын!

«Патриотизм» әр адамның бойынан табылатын сезім! Кез-келген адамда туып-өскен жеріне, ана тіліне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі болуы керек. Сүйіспеншілікпен қатар елімізге еңбегі сіңуі қажет. Қазақ даламызды жаудан қорғап қалу үшін ата-бабаларымыз өз өмірін құрбан етті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан

Отан дегеніміз өзіңнің туып өмір сүрген жерің. Әр-бір адам өз отанын жақсы көреді. Отанды әр-бір жігіт қорғауы керек. Бұл әр-бір жігіттің міндеті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Баяндама: Математиканы оқыту арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу жолдары

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін,яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Айбек Қалиев (1978 жылы 19 сәуір)

Айбек Қалиев (19.4.1978 жылы туған, бұрынғы Торғай облысы Жангелді ауданында Тәуіш ауылында) - айтыскер ақын. Астанадағы Еуразия ұлттық университетін бітірген (1998). 1998 - 2001 жылдары Қазақ аграрлық университетінде оқытушы, 2001 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып қызмет етеді. Бірнеше айтыстардың жүлдегері.[1]
Қалиев Айбек Киікбайұлы 1978 жылы, 19 ақпанда Торғай облысы, Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қаратүбек орта мектебін, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін үздік бітірген.
1998-2001жылдары Қазақ Аграрлық университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы.
2001-2009 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы.
Кең байтақ сан ғасырлық тарихы бар біздің отанымыз – Қазақстан. Қазақстанды отаным дейтін себебім, бұл жерде ата бабаларымыз тұрған енді сол жерде біз тұрамыз. Әрбір адал адам отанын сүйеді, отан үшін отқа да түседі. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды,- деп ойлаймын. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» деген қазақтың мақалы осының дәлелі.......
Шығармалар
Толық
0 0