Курстық жұмыс: Құқық | Айыпталушыдан жауап алу тактикасы

1995 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдылық қағидасы белгіленіп, оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының алдында тұрған мәселелерді шешудегі ең басты мақсаты болып табылады. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" - деп аталған, осыған сәйкес, барлық лауазымды тұлғалар мен азаматтар өзінің лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша заң және сот алдында тең. Заңдылық қағидасын орындамау, қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдардың қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасында дүние жүзіндегі қылмыстылықпен күрес ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес соңғы бес жылдың ішінде Республикамызда қылмыс саны екі-үш есеге өскен. Осы көрсеткіштерге сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың жасаган қылмыстарының саны үш-төрт есеге өскені ең басты мәселеге айналып отыр. Бұрын тек ересектерге ғана тән болған қылмыстар, айта кетсек қару-жарақ және наркотик сату, ұрланған заттарады сату, өз ортасында рэкет болу, қылмыс құрбандарымен қатыгез болу сияқты қылмыстар кәмелетке толмағандар арасында кең етек жая бастады.
Сол себепті де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстылықпен және өзге де құқ бұзушылықтармен шешімді түрде
күрес жүргізу, олардың алдын-алу, қазіргі кездегі шешуші, әрі негізгі мәселелердің біріне айналып отыр....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 110 м кедергімен жүгіретін жүйріктерге шыдамдылықтың роли мен мағынасы

Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Оқушыға мінездеме

Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі.
Білім
Толық
0 0