Сабақ жоспары (ұмж): Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия
Сабақ тақырыбы:Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.1.2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Әуеллі Алла әліптен.
Қисапсыз сөз жазылған,
Жиырма сегіз әріптен.
Бізді асырап, адам қып,
Жұртқа жөнін танытқан.
Сол атам хабар алғайсыз!
Біздей мұңлы ғарыптан.
Жетпіс үшке келгенде,
Жол тартты дүние—жарықтан.
Алтындай менің жүрегім,
Қайғы отына шалыққан.
Ақылды бізге кім айтар,
Сол атам құсап анықтан.
Өлгенде жерін айтайын,
Құсемшектің жағасы-ай.
Иманды болғыр ата-енем,
Жел жағымның панасы-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жер шары Күнді айнала қозғалады деген Коперник теориясы қаншалықты дұрыс? (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылыми төңкеріс
Сабақ тақырыбы: Жер шары Күнді айнала қозғалады деген Коперник теориясы қаншалықты дұрыс?
Сабақ мақсатына жетуге көмектесетін мақсаттар: 7.2.4.2 жаратылыстану ғылымдарының ары қарай дамуы үшін кейінгі орта ғасырдағы әлемнің жаратылысы туралы ғылыми ашылулардың мәнін түсіну
7.2.4.1 Қоршаған орта жайында білудің адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мақсаты: 16-17 ғасырлардағы Әлемнің құрылуы туралы жаңа көзқарастардың жайдан-жай пайда болмағанын дәлелдеу. Птоломеу мен Коперниктің әлем құрылысын салыстыру. Неліктен Коперниктің ғылыми жаңалығы ұлы ашылулардың бірі болып саналады?......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Байды алдаған шал

Бұрынғы өткен заманда бір шал, кемпір және бір қызы болыпты. Бұлардың мал дегенде бес-алты ешкісі болған. Әр күні шал ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып кетеді. Шал ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Шал қасқырдың інге әкеліп кіргізгенін білетін, қасқырды ұстап алмақшы болып, іннің аузында қапты қолына алып, аңдып тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шыға берген уақытта қасқырды қапқа салып алып, аулына қайтады. Өз үйіне жете алмай, жолда бір байдың үйіне келіп, қонады, үйге кіргеннен арқасындағы қапты керегенің басына ілдіріп қояды. Бір уақыттан кейін бай сұрайды шалдан «қабыңыздағы не?» – деп.
Шал айтады:

– Қаптағы тұқымы асыл бір көк қошқар еді, – дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Бақсы шал

Бір шаһарда бір кедей шал болыпты. Шалдың әйелі сондай сұлу болады екен. Бір күні бір байдың қыз ұзатқан тойы болып, соған барады. Әлгі шалдың әйелі барса, өзінен басқа әйелдің бәрі де жоғары отыр. Жалғыз төмен отырған осы – шалдың әйелі. Әйел ішінен итқұса болып отырып, той тарқаған соң үйіне келіп, шалға «Мен сенен кетемін», – дейді. Сорлы шал сасып:
– Ей... өзің не деп тұрсың? Кеткенің не? – деп сұрайды.
Сонда қатыны тұрып:
– Сен кедейсің, менен елдің қатынының бәрі жоғары, байлардың да әйелі, бақсының қатыны да артық, сенің түрің мынау, өзіңнің қолыңнан һеш нәрсе келмейді. Мен сенен басқа адамға тиемін, – дейді.
Сонда шал тұрып:
– Ей, қатын, сен кетпе, мен бір амал табайын, – деп, сол жерде ойланып, өтірік бақсы болмақшы болады. Бақсы болып, елдің тамырын ұстап, ойнап, сөйтіп жүріп, айла тауып, елге бақсы атанады.
Бір күні шал бір ауылдан бақсы болып, суды үрлеп, келе жатса, қаланың іші–тысы жиналған адам. Келіп, бір кісіден:
– Бұл не? – деп, сұраса, «Ханның бүгін екі есекпен артқан күмісі жоғалды, соған сұрау салып, бақсы-балгерді жинап жатыр», – дейді.
Шал:
– Ойбай, мені шақырар. Шақырса, түк білмеймін, – деп, қашып кетіп отырады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Сәлім байбатша мен Рахым байбатшалардың қалай шүрегей етінен құр қалғаны

Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты.
Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды.
Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты:
– Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Батпан шал

Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен – Батпан батыр.
«Бір-біріне соққан батырмын» деп, көшеге қағаз жапсырады.
Күндерден күн өткенде бір патшаның ат басындай алтыны жоғалып, соны бәрілері таба алмаған соң, Батпанды алдыртады.
Батпан батыр келген соң айтады:
– Маған мынау арадан үй салып бер, ішінде әртүрлі тағамдар болсын, – депті.
Айтқанының бәрін хан жасады. Батпан батыр, бір-біріне соққан батыр барып, әйтеуір, «Мен таба алмаймын, мен[і] хан өлтіреді. Одан да мына тұрған тағамға тойып алайын», – деп, жеп-жеп, іші ауырады.......
Ертегілер
Толық
0 0