Өмірбаян: Бибігүл Сүйіншәлина Ақтанқызы (1991 жылы 4 шілде)
Сүйіншәлина Бибігүл Ақтанқызы - актриса, кәсіби модель.
1991 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Мәскеуге қоныс аударған. Еңбектегі алғашқы тәжірибесі – 2 жаста теледидар жарнамасында кішкентай жапон баласының рөлін ойнаған. 9 жаста НурМур «Жұлдызым» тобының музыкалық клипіне түскен. 15 жасында келісімшарт жасап Сингапурде және Тайландта модель болып жұмыс істеген. 2006 жылы ресейлік белгілі «Громовтар. Үміт үйі» телевизиялық сериалында Файка рөлін ойнаған. Осы рөлден кейін Бибігүлді басқа жобаларға да шақыра бастады. 2007 жылы режиссер Олег Фесенконың «Сага о хантах» фильміндегі рөлде ойнады. 2009 жылы қатарынан 3 фильмде: «Трубадур» – Зарина басты рөлінде, «Астана – менің махаббатым» – Маржан басты рөлінде, Әмір Қарақұловтың «Виртуальная любовь» фильмінде – Эля басты рөлінде ойнады. 2013-2014 жылдары ресейлік «Выжить после» 12 сериялық телевизиялық фильмінде Айжан рөлінде, барлығы Бибігүл 12 кино және сериалдарда ойнаған. Қазіргі кезде ол ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде спорттық ат баптау мамандығы бойынша сырттай дәріс алуда. Сонымен бірге, Берлин қаласында неміс тілін үйренеді. Фотосуретке түсіру және сурет салу өнерімен шұғылданады. ....

Өмірбаян / Биография