Күн суық қыстың күні, даласы қар, Жол оңап жүргізбейді тағы да тар. Жүк салып арық атқа өлең айтып, Келеді ыққа қарай Кәрібай шал. Жүк тартып келе жатты Кәрібай шал, Жалғыздың бейнет көрсе жоқ қой амал. Жеткенде бір оқапқа.......
Шал ыңқылдап, жоқ шыдам, Ауырады ыңыранып. Кепкен дене, сіңір жан, Бірде суып, бір жанып. Шалда түнде жоқ дамыл, Тынбай сусын сұрайды. Жылап, зарлап, келін жүр, Көзінен жас бұлайды......
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. «Шалқан» ертегісін жазу. (2-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 5 Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптерді қолданады. Оқушылардың көпшілігі: Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Кейбір оқушылар: Жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілерді саналылықпен қолданып, ара жігін ажырата алады.......
«Басқа бәле тілден» деген рас екен. Кейін жаны мұрнының ұшына келгенде Тортай шал:
— Е, Құдай, маған тіл беріп қасқайтып қойғанша, неге мылқау қылып жаратпадың?! — деп жылаған көрінеді.
* * *
Шілденің ыстығына соғыстың от-жалынының қызуы қосыла ма екен, әйтеуір сол жаз қазан қайнатар ыстық болды.
Алапат аптапқа шыдай алмай ерні тілім-тілім жарылып, қанталап кеткен Тортай шал реңі қызыл шырайлы, негізі сары кісі еді. Сондықтан да аузын орамалмен таңып жүреді.
Тортай шал молотилканың тойымсыз өңешіне бидайды бау-бауымен лақтырады. Қарамай иісі аралас шаң-тозаң қарт кісінің қасы-көзін, аузы-мұрнын тұтып қалады.
Аузы-мұрнын танып алған ақ орамалды лезде тозаң тұтып, кіршең тартады.
Тортай шал бүгін Көк әңгіні қырманға өзі мініп кетіп еді. Дүниеде өзінің малы өзіне бұйырмағаны жанға қатты батады екен.
Көк әңгі, арам да болса, Тортайдың өз малы ғой. Сол есек мына егін орағы басталғалы бері иесінің тақымына тимейтін болды.
Ал ауыл мен қырманның арасы едәуір алыс жер. Қарт кісі жаяу жеткенше, кәдімгідей ентігіп қалады. Қисықбас бригатқа:
— Айналып кетейін Арқанбай-ау, мен жұмыстан қашпаймын ғой. Айтқаныңды істеп, айдауында жүрейін, тек менің есегіме тимеші, әкетай шырақ, жұмысқа жаяу жету маған тым ауырлау, – деп еді.
Қисық бас Арқанбай пұшық маңқылдап ала жөнелді: .....
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі: 1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен. 2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде. Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері: 1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын; 2) шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды; 3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, ком- мерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды; 4) республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік шоттарды; 5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады. Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады. Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді. Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері: 1. Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу. 2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету,....
Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік итж
Т – иммунитет жүйесінің таза ақауы сирек кездеседі. Көбінесе егер де Т – лимфоциттердің ақауы орын алса, онда В – лимфоциттердің дисфункциясы да байқалады, себебі барлық иммундық жауап үрдістерінде жасушаның 2 түрі бір – бірімен тығыз байланыста. Қазіргі кезде біріншілік ИТЖ Т – жасушалық түрлерінің екі таза түрі белгіленген – Ди Джорджи синдромы және созылмалы шырышты – терілік кандидоз. Олар біріншілік ИТЖ жалпы санының 5-10%-ын құрайды......
Өткен заманда бір мерген болыпты. Ол мергенді «Қарамерген» деп атайды екен. Қарамерген аң аулап, көп жүріп, ақырында жайылып жүрген екі маралға кездесіпті. Қарамерген мылтығын алып, маралдарды атқалы көздепті. Сол кезде маралдар: «Атпа бізді!» – депті. Қарамерген маралдың адамша сөйлеп, «атпа» дегеніне таңырқап тұрып: «Неге?» – деп сұрады. Маралдар: «Неге екенін Ағыбай шалдан сұра», – деп жауап қайырыпты. Қарамерген атуды қойып, Ағыбай шалды іздейді. Неше күн, неше түн жүріп, арып-талып, ақырында Ағыбай шалдың ауылын табады. Ағыбай шалдың үйіне келсе, жағын жібекпен таңған бір кәрі шал отыр екен. Ағыбаймен көрісіп амандасады. Ағыбай шал бұл жігіттің алыс жерден келгенін қалпынан сезіп, бәйбішесіне қымыз......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалар патшалықтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар патшалықтарына сипаттама беру Сабақ мақсаттары: Патшалықтарға бөліну себебін түсіну Патшалықтарға тән ерекшеліктерді анықтау Патшалықтар арасындағы ерекшеліктерді сипаттау.....
Қол бұлғайды мың үміт, мың сан арман, Құралатын сияқты жыл солардан. Жұлдыз біткен қонғанда жылтыр қарға, Жылдың иісі шығады шыршалардан. Шырша сатып алғандар оны құптар, Жатыр жермен жаңадан жолығып қар.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау Сабақтың тақырыбы: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз құрамы Оқу мақсаты: 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну Сабақтың мақсаттары: 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру .....