Ертегі: Қыз бен шал

Өткен заманда он сегізге келген бір ақын қыз ауыл-аймақ ішіндегі бозбала, жігіт-желеңге өлеңмен ұпай салып азар-ақырет берсе керек. Содан қызда есесі кеткен ел жігіттері алыс жердегі атақты ақын шалды ат-шапанын беріп қызбен айтыстырмақ болып алып келеді, қыз мұнан хабарсыз болады. Екеуіне арнайы қызойнақ істейді. Көпшілік жиналған соң, шал қызға «айтысалық» деп өлең айтады. Қыз: «Сізді шал демейін, айтысайын, бірақ та бір жұмбағым бар......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Шал мен келін

Баяғыда Қайыр деген шал болыпты. Шалдың Самет деген баласы болыпты. Шалдың кәсібі: базарға тоғыз серкені айдай барады екен, не сатпайды, не соймайды, тоғыз серкенің пұлына тоғыз нар түйенің жүгін әкеледі екен. Бір күні шал баласына айтады:

— Балам, мен қартайдым төрімнен көрім жақын. Сондықтан осы тоғыз серкені базарға айдап бар, не сатпа, не сойма, бірақ осы тоғыз серкенің пұлына тоғыз нар түйенің жүгін әкел, – депті. Баласы тоғыз серкені базарға айдап келіп сатайын десе, әкесі «сатпа» деген; сояйын десе, «сойма» деген......
Ертегілер
Толық
0 0

Концерт кезінде шпагатқа отырған Ернар Айдар жұртты таңғалдырды

Ернар Айдар концерті кезінде шпагатқа отырып, оның өнерін тамашалауға келген халықты таңғалдырды. Танымал әншінің өлең соңында мұндай ерекше қабілетін көрсететінін оның жанкүйерлері мүлде күтпеген деп жазады nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақ тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 1-сабақ
Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары:
8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
8.2.4.1 - шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Cабақ мақсаттары:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады;
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Шалма тастау

Шалма тастау — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе бұтағын жоғары қаратып, қу томар тасталады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа не томарлы бұтаңқа лаңтырады.

Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0