Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні Сабақ тақырыбы:Қалаға саяхат (2-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді және үлгі бойынша жауап береді Көптеген оқушылар: сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді және үлгі бойынша жауап береді Кейбір оқушылар: сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді және үлгі бойынша еркін жауап береді....
Пән:Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Сабақ тақырыбы: Ежелгі адамдардың өміріне саяхат Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) көрсету. Сабақ мақсаттары: Сабақта оқушылар алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін түсіндіреді. Оқушылар осы кезеңді шығармашылықтарын тарихи әңгімелеу, тарихи бейнелеу, тарихи көрініс және тарихи макет құрастыру арқылы көрсетеді.
Менің сізге төменде қол қойып, арыз жазу себебім мынау!
Мен өзім, шынымды айтайын, әдебиетті онша көп оқымаймын. Өйткені, біріншіден, оған қол тимейді. Ал екіншіден, мен болсам қазір лесхозда жұмыс істеймін. Яғни әдебиетпен ешқандай байланысым жоқ.
Бүгін бағана түскі тамақтан келе жатсам, біздің әлгі секретарь әйел: «Әбдіғали, сені журналға жазып қойыпты. Мә, мына әңгімені оқышы» дейді. Жүрегім су ете қалды. Ойпырмай, неге жазады, не қылмысым бар деп, оқи бастадым. Өзі сала құлаш ұзақ мақала әңгіме екен. Сонда да болса бас алмай отырып, оқып шықтым. Сөйтсем, Әбдіғали дейтін маскүнем біреу жайында екен. Тек атының ұқсастығы болмаса, бас - қасының бәрі де менің басымнан кешкен уақиғалар емес. Бұл қайтып мен туралы болады деп, біраз ойланып отырдым да, біле қойдым. Біріншіден, бұл мақала очерктің авторы Б. Сәрсенов жолдас «Н. ауданының орталығына барып түсе қалдым, мезгіл көз байланып қалаған кешкі уақыт еді» деп жазады. Мұндағы оның Н. деп, жасырып отырғаны ол, сөз жоқ, біздің Нарын ауданы. Өйткені біздің облыста Н. әрпімен басталатын басқа аудан атымен жоқ. Оны мен райсоветке барып, анықтап білдім.
Н. ауданы біздің Нарын ауданы болған соң ондағы маскүнем Әбдіғали ол, әрине, менмін. Менен басқа Әбдіғали дейтін мұнда ешкім де жоқ.
Содан соң, автобус біздің ауданға Алматыдан ылғи да күнде көз байлана келеді. Олай болса, сіздердің жазып отырған Әбдіғалиларыңыз менен басқа ешкім де емес.
Қымбатты жолдас редакция, әдебиетті мектепте біз де оқығанбыз. Оның қулық -сұмдығының біразын жақсы білеміз. Сіз бізді ештеңе білмейді, сезбейді екен деп ойламаңыз. Олай ойласаңыз қателесесіз. Жазушылардың өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып, ойдан қосып, болмағанды болғандай етіп жазатын әдеті бар. Miнe, сіздер де сөйтіпсіздер. Менің маскүнем екенімді образ қылып алыпсыздар да, оған неше түрлі өтірікті қисындырып қосып жазыпсыздар. Міне, бұл үшін мен сіздерге наразымын. Сіздер ойлайтын шығарсыздар; бізге қалай қисындырып жазсақ та бола береді. Ауылдағы оқымаған қара жұмысшы халық оған көне береді деп. Жоқ, жолдас редакция, олай ойласаңыздар сіздер қателесесіздер. Мақалада менің атымды өзгертпей тура атағаннан кейін бүйтіп өтірік қосып жазуға сіздерге кім права берді? Алдымен міне осыған жауап беріңіздерші?
Содан соң екінші айтарым, маған кездесетін Көкен деген адам ол кім? Meн бұндай адамды білмеймін ғой. Жоқ әлде сіздер Көдекті Көкен деп бұрмалап отырсыздар ма? Егер ол Көкен болмай, Көдек болатын болса, мен онымен бірігіп арақ ішпек, түгіл, міне, екі жылдай болып қалды бетіне тура қарап сөйлемеймін де. Бұрнағы жылы жайлауда Жұмағұлдың үйіндегі тойда төбелесіп қалғалы бері ол екеуміз ит пен мысықтай аразбыз. Бұны, жолдас редакция, жұрттың барлығы біледі.
Содан соң үшінші айтарым, сіздер әлгі мақала пілитондарыңызда менің әйелімнің образын да дұрыс көрсетпепсіздер. Оның аты Жәмила болса сіздер Күлбала деп бұрмалап жазыпсыздар. Қиысса, қиыспай қалсын - ау! Содан соң, әйелімнің түр-түсін, киімін де бұрмалап жазыпсыздар. Қашаннан бері ол сыриған сары келіншек бола қалды? Қатпа қараның нағыз өзі емес пе? Оның арық екеніне дейін жазыпсыздар. Сіздердің не мақсатпен бұлай деп жазып отырғандарыңызды мен білмеймін. Ал бар ғой, редакция жолдас, тап осыларыңыз ұят - ақ. Біреудің әйелі арық біреудікі семіз. Онда сіздердің не шаруаларыңыз бар? Немене, сонда мен әйелімді тамақ бермей аштан қатырып жүр демексіздер ме? .....
Мақсаты: Балаларға жазы ыстық, құрғақ болып келетін шөл дала туралы түсінік беру, шөл далада өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы алған білімдерін бекіту. Жүру және жүгіру түрлері, секіруге арналған жаттығулар арқылы белсенді қимыл - қозғалыстарын дамыту. Табиғатты сүюге және тәрбиелеу. Алдын - ала жүргізген жұмыс: Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары, құстары туралы түсінік берілді. Қажетті құралдар: Шөл дала өсімдіктері: қазжуа, жантақ, таспашөп, ағашы - сексеуіл; Жануарлар: қосаяқ, кесіртке, тасбақа, түйе; Құстары: бұлдырық, дуадақ суреттері Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: Балалар, мен сендермен саяхатқа шыққалы тұрмын. Қайда деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы) Ендеше мен жұмбақ жасырайын: Күні ыстық қапырық, Толқындай қозғалған. Айнала сап - сары құм басқан Бұл дала қай дала? (шөл дала) - Балалар, сендер шөл далаға барғыларың келе ме? Мен сендерді әлемдегі ең үлкен – Сахара шөліне апарғым келіп тұр. Немен баруға болады? Мен ұшақпен ұшуды жөн көріп тұрмын. Алдымен «жол сөмкесін» дайындап алайық. (балалар үстел үстіне рюкзакқа керекті заттарын салды. Стол үстінде: кепка, су, ойыншықтар, кітаптар, нан) - Ал, балалар, жолға дайынбыз ба? Не алдыңдар? Ендеше ұшақты дайындайық. (1 бала екі қолын жайып тұрады. Стюардесса жолаушылардың дайындығын тексереді) Белгі бергенде әуенмен «жыланша» жүгіреді.(Залға сары полотно жайылған) - Міне, ұшақ шөл далаға кеп қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері жерге түсейік. Міне, Сахараға да келдік. Қандай, шексіз, кең дала! Балалар, шөл далада қандай өлі табиғат патшалық етеді деп ойлайсыңдар? (құм).....
"Ол замандарда, біз xат жазушы едік, қазіргідей телефон деген жоқ," - деп бастады әңгімесін, Марат ағам. "Қателеспесем, 94 жылдың күзі. Мектептегі қатарласым, басқа сыныптағы Әлияға іштей ғашық болып жүрген кезім еді. Оныншы сынып оқып жатқан шағымыз. Мен де көркі өзіне сай жігіт болдым ау, шамасы. Себебі, оның да маған көңілі барын сезетінмін. Хат жазып көңілімді білдіруге бел будым. Бірінші xатты жазу мен үшін, сірә, "Абай жолын" жазып.....
«Жазира» ортаңғы тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы Тобы: Ортаңғы топ Білім беру саласы: Әлеумет, коммуникация, таным, шығармашылық, денсаулық Бөлімі: Кіріктірілген, Қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, ҚМҰҚ, сурет салу, дене шынықтыру. Тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат» Мақсаты: БМ: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету. ДМ: Танымдылық қабілетін дамыту ТМ: қарым - қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрету. Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: ертегі туралы әңгімелеу. Әдіс – тәсілдері: дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер, ролик арқылы түсіндіру, сұрақ – жауап. Қажетті құралдар: боялмаған әтештің суреті, бояу, бас киім, гуаш, қыл қалам, сүрткіш. Көрнекілік: Pinnacle бағдарламасы арқылы жасалған интерактивті тақта, этеш және бояулар ертегісі мен ғажайыпстанға саяхат ертегілері біріктірілген ролик, flash бағдарламасында жасалған дид. ойын: «Тығылған сандарды тап», Ару мен құбыжық ертегісі - пазласы, қорытынды презентация «Ой мен ойын». Билингвизм компоненті: әтеш - петух - cock, бір - один - one, екі - два - two, үш - три - three, төрт - four, бес - пять – five .....
Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға. Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...
Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз, жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді апарып, шешек ектірген қалай болады екен?
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады . 1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады. 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді. Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем» Сабақ тақырыбы:Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№3 Табиғи қорыққа саяхат Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. ....