Реферат: Тарих | Қасым хан

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.
Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым билікті өз қолына алады.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Ол қауіпті көршісі Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның мемлекетінің құлауына себепші болады. Моғолстанның ханы Сұлтан Саид ханмен достық қатынас орнатады. Сондай ақ ол таяу көршілерімен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеу мемлекетімен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатып, орыстың сол кездегі кінәзі ІІІ Василиймен байланыста болған.
Қасым ханның ел басқарудағы кемеңгерлігіне, қол астындағы халқының қамын ойлар даналығына тәніт болған көрші елдердің тынымсыз қақтығыстан мезі болған ру-тайпа көсемдері әр кезеңде ақырын жылысып, мұның қарамағына еніп жатқан. «Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар араснда ерекше әйгілі болды» деп жазады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Салқам Жәңгір ханның баласы әз Тәуке хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Әбраханың Қағбаға жорығы


(Аңыз)

Шөл далада шөліркеп өмір кешкен,

Арабтарды жәһилия айырды естен.

Адам деген атауы қалса дағы,

Қараңғылық түнекте өніп-өскен.

Ада болған иманнан, рухтан да,

Адасқандар ақ жолдан мұны ұққан ба?

Күпірлік пен азғындық құныққанға.

Адам адам болудан қалған заман,

Шіріктің, надандықтың аулынан.

Малша өрген ояна сап тұрып таңда,

Ат басын бұрғызатын күпірліктен

Түбіне жететұғын сәулелі адам.

Туса деп тілесе де тілін тістеп,

Зорлық пенен қорлыққа өзін күштеп.

Көндірген құл да болған, күң де болған,

Күрсініп күңіренген тынып іштен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның түркітілдес елдерімен мәдени-рухани байланыстары

Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) құрылуы түркітілдес елдердің бауырлас мәдениеттерін біріктіру және тең құрметтеу мен Түркі әлемі шеңберінде жаңа мәдени кеңістікті құру идеясына негізделген.
ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 1-ші Кездесуі барысында қаланған. 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында Ұйымды құрушы және тұрақты мүшелері болып табылатын алты мемлекет - Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Түрікменстан, Түркия Республикасы және Өзбекістан Республикасы – «ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу Қағидаттары туралы» келісімге қол қойды.
ТҮРКСОЙ түркітілдес мемелекеттер арасында мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды дамытумен аймақтық басқаруын іске асырады, мәдени ынтымақтастық саласында мемлекеттік құрылымдарының саяси бағыт-бағдарына байланыссыз Достастық мүшелерінің тең құқығын қамтамасыз етеді. Қызмет түрі, мақсаты және жұмыс қағидаттары бойынша ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО құрылымына ұқсас болып келеді. Бүл ұйым түркітілдес аймақты біріктіруге және ортақ түрік мәдениетінің дүниежүзілік мәдени кеңістіктегі интеграциясын жеделдетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
ТҮРКСОЙ аясында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысатын ірі халықаралық шаралар өткізіліп отырылады. Олар: музыкалық және театр фестивальдары, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері , жарыстар, ерекше мәні бар күндерге арналған мерейтойлық шаралар, кітаптар және күнтізбелер басып шығару.
Бұл ұйым құрылған кезден бері оның аясында түркітілдес мемлекеттер басшылары деңгейінде 7 кездесу және Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 22 мәжілісі өткізілді. Аталған шаралар барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылған ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Жергілікті шаруашылықты басқарудың механизмдері

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген.
Осыған орай, елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсуде.
Қазіргі кезде экономикалық және қоғамдық–саяси жүйелерінің өзгерісі жергілікті басқару органдарының құрылуы мен дамуына тікелей байланысты. Қазақстанның соңғы жылдардағы тәжірибесі жергілікті шаруашылықты басқару бүгінгі күні экономикасы нарықтық, әлеуметтік бағытталған, құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуде және күрделі ішкі проблемаларды шешуде аймақтық және жергілікті деңгейлерде басқарудың маңызы зор екенін елде қалыптасқан жағдай дәлелдейді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Турбо Паскаль тілінің динамикалы байланысатын кітапханалары

Динамикалы байланысатын кітапханалар – Dinamically Linked Libraries (DLL) - Dos Windows режимдерімен жұмыс жасау кезінде енгізілге программаларға қосымша мүкіндіктер береді. Және де олар компютердың тек BP. EXE, BPC. EXE, BPW. EXE версияларымен ғана құралған болуы мүмкін.
Қазіргі таңда стандарттық динамикасы байланысатын кітапханалардың (DLL) программамен жабдықтауды программистерге келешекте стандартты программалармен қатар қолдануға мүмкіндік беретін өз динамикалы байланысатын кітапханаларын (ДИ) құруға мүмкіндік береді, сондай фирмалардың бірі – Borland Pascal With Object.
Алғашында динамикалы байланысатын кітапханалар Windows-тың бөлімдерінде қолданылған. Borland Object динамикалы байланысатын кітапханаларды Dos режимі үшін де жұмыс жасауға мүмкіндік жасады.
ДИ сияқты кітапханалардың құндылығы- олардың оперативті жадты жүктегеннен кейін де енгізілген программалармен қатар, олар Ди-дің Windows үшін жұмыс істеуімен бірдей болады. Бұл құрылым жұмыс жасаушыларға Dos-та қалай жұмыс істесе Windows-та да дәл солай жұмыс істеуге де программалар құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ДИ «көп тілді» проекттерді қолдайды,
яғни: Borland Pascal With Object тілінде жазылған программаларда басқа тілдерде жазылған ДИ, ал басқа тілдерде жазылған программаларда Borland Pascal With Object тіліндегі ДИ қолданылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
• Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тариы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А.XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 6.3.1.6 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау.
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастыру.Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XV-XVII ғғ. қазақ хандығы: халқы және шаруашылығы

Қазақ жерін отарлаудағы патша үкіметінің жүргізген іс-шаралары. ХVІІ – XVIII ғ.ғ. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс территорясын орта және кіші жүз қазақтары қоныстанды . Орта жүз рулары солтүстік-шығыс оңтүстік – шығыс және орталық қазақстан жерлерін мекендеген. Қазақстандағы өзендер бойынша Сарысу, Нұра, Есіл (Ишим), Тобыл, Торғай және башқұрттардың Оралдағы солтүстік батысындағы қонысы мен шекаралас болды. Ертіс ағысының орта жеріндегі батыс сібір. Кіші жүз қазақтары Қарақұмға дейінгі және Арал теңізі жағалауына Түркістанның шеті мен шектескен жерлерді және .....
Рефераттар
Толық
0 0