Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен қыз үшін ұялдым)

Байқатпастан уақытты тез өткен,
Өнер толы өзекпен,
Жыр қанатын безеп кең,
Әмзе басты жиналғандар кезекпен.
Бірақ жұртқа зейін қоймай сыздана,
Ортамызда отырды бір қыз бала.
Miнe, ғажап, келбет қандай, көз қандай,
Сұлулығы қиялыңнан озғандай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Әуезханның қырық ұлы

Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен»,—деп
ойлайды екен.

Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге жаушы жіберіпті. Жаушы барып: «Бізді хан жіберді. Балаларына қызын берсін деп,—соған келдік»,—дейді. Бай айтты:

—Қыздарыма қалыңмал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне шейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағына бау-ағаш, түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұрсын,—депті. Осы айтқандарымды «бір жылдың беделінде бітіресің»,—депті.

Бұл сөзін жаушылар ханға айтып келіпті. Хан мақұл деп, қырық баласын шақырып алып, ең кенжесін алып қалып, отыз тоғыз баласын бірнеше нөкерімен әлгі жұмысты бітіріп келуге жіберіпті. Балалары бірнеше ай жүріп, бітіре алмай келеді. Онан кейін үйде қалған кенже баласы:

—Әке, мені жібер, мен бітіріп келейін!—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың немесе жеңіл арбашаның үдеуін есептеу.
Сабақ мақсаттары: - Зертханалық жұмыс барысында орын ауыстыру мен уақытты есептей алады;
- Формуланы қолданып, үдеуді есептей алады;
- Жасаған жұмысына қорытынды жаза алады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ормандағы оқиға)

Көргендер де,
Көрмеген де арманда,
Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда.
Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да,
Қара аю да, күшіген де, жылан да,
Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да,
Бас қосыпты сол маңда......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат)

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Хан кеңесі

Хан кеңесі - Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің ұйғарымымен 1827 жылы құрылған билер алқасы. Құрамына әр рудың беделді билері енген. Ресми құжаттарда «Ханның билер кеңесі» деп те аталады. Хан кеңесі орталықтандырылған жергілікті хандық билік жүйесіндегі ең жоғарғы орган болып саналған. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан)

– Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл, сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы)

Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...
Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Шыңғыс хан ( таңдана)
О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе?
Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Айбынды қазақ ханы Абылай

Тарих – бұл өткен өмір бейнесі. Сол тарих көшін басқа арнаға бұрып ,оның алдыңғы дамуына һзінше серпіліс, өзінше өрнек беретін ұлы тұлғалар баршылық. Оларсыз адамзат тарихын көз алдыға елестету мүмкін емес .Содан болар,әлем тарихынан аздаған хабары бар жандардың ішінде: Александр Македонский,Юлиий Цезарь, Шыңғыс хан, Наполеондар жайлы білмейтін жандар баршылық.
Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы, мемлекетіміздің символы, іспеттес аты аңызға айналған, қазақтың ұлы тұлғасы айбынды ханы - Абылай. Абылай туралы бүгінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Абылайдың мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметіне әр уақытта әр түрлі баға беріліп келді. Егер ол қазақтың дастандарында қысылғанда қол бастаған - батыр, қиналғанда ел бастаған көсем, шаршы топта сөз бастаған шешен, елі үшін еңіреп туған ер. Бүкіл ғұмырын қазақтың бсын қосуға арнаған ақылгөй дана айбынды хан ретінде көтерілсе төңкеріліске дейінгі зерттеулерде оның тұлғасына негізінен осы халықтық шындық тұрғысынан баға берңліп келді .
Абылай тұлғасына сыңаржақ көзқарас орын алып, оның мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметін сынап - мінеу тенденциясы орныға бастады. Тек қазақт елі шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана Абылайдың қазақ тарихындағы айбынды рөліне тиісті баға беріліп, тарих төрінен өзіне лайықты орын алды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0