Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады. .....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін талдайды.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс. 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаты: 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру Сабақ мақсаттары: көлденең жолақ бұлшықет құрылысын сипаттау; миофибрилла құрылымы анықтау; бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру; жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының сипаттау.....
Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды. Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге нақты мүмкіндік береді. ....
Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан тұсында қаланды деуге толық негіз бар. Ұлттық тарихымызда ол Жәнібек хан деп жай аталмайды, Әз Жәнібек хан дегендей ерекше марапатқа ие болған. Біз 2002 жылдың алғашқы сандарынан бері қарай «Қазақ хандығының құрылуы» деген тақырыппен Қазақ мемлекетіне аса зор еңбек сіңірген Керей, Әз Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке және т.б. хандар туралы өмірбаяндық әрі тарихи деректерді үзбей жариялап келеміз. Қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1801 жылы бұрынғы Бөкей ордасында дүниеге келді. Сол Бөкей ордасы қалай құрылып еді? Осы орайда, Еділ-Жайық бойының арғы бергі тарихын айтпай кету және орынсыз. Жеті жұрт мекен еткен бұл атырапты біздің жыл санауымыздан бұрынғы VIII – III ғасырлар аралығында иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Кейіннен Угоро-фин тайпасы мен венгрлер, біздің дәуіріміздің IV – XIII ғасырында түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек, қыпшақтар, XIII – XV ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін баса кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды. ....
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.) Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс. Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс. Тауарлар мен қызметті көбейтуге мүмкіндік беретін және осы негізден орталықтандырылған қаражылық ресурстары қорларын құруға, оның ішінде мемлекттік бюджеттік қалыптастыру құралы болып табылатын мемлекеттің салық саясаты кәсіпккерлікте негізгі роль отқаратыны сөзсіз. Нарықтық экономика кезінде салық саясаты шаруашылық жүргізудің тиімді нысандарын ынталандырып отыру қажет және өндіріс деңгейін көтеруге, оның пайдалылығын жоғарылатуға жағдай жасауы шарт. Салық жүйесі салықтық қатынастар жиынтығынан және оны реттйтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалыпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі.Мемлекет салық жүйесі арқылы саяси,экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап ,өзінің ішкі сыртқы қызметтерін жүзеге асыру үшін жұмсалады. Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде ,қоғамдық экономикалық құрлымын қалыптастьыруда ,өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады.Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға ,мемлекеттік басқару апараты мен қорғанысқа,тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға ,сыртқы экономикалық қызметті тақаруға жұмсалады.....
Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді: - эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция; - эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді; - факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін; - триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді. Мутациялар – эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса, тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады. Табиғи және жасанды сұрыптаудан басқа тұқым қуалаушылық өзгергіштікті реттейтін ешқандай фактор жоқ. Тек қоршаған ортаның белгілі жағдайларындағы өзгерістер пайдалы болғанда, табиғи ортада сұрыпталады, немесе эволюция барысында олардың саналы түрде жасанды сұрыптауы арқылы іске асады. Эволюция және түрдің пайда болуы популяциялардың немесе кіші бір ғана қолайлы емес екені анықталған. Үлкен популяцияда тұқым қуалаушылық өзгерістердің пайда болуы зиян, ал кіші популяциядағы кездейсоқ әсерлердің ықпал етуі жиі кездеседі. Сондықтан особьтардың сандық құрамын тұрақты түрде өзгертіп отыратын орта мөлшердегі популяциялардың эволюцияға шын жаңа түрлер пайда болуына қалайды. Жаңа түр пайда болуы үшін бұрынғы организмдердің белгілі бір тобы ерекшеленуі қажет. Организмдердің белгілі бір тобының ерекшеленуі мен изоляциясы арқылы, олардың басқа түрлермен шағылыспа, яғни генетикалық информацияларымен алмаспауы үшін қажет екені дәлелденген. Табиғатта әртүрлі организмдер тобының изоляциясы, сол сияқты оның селекция практикасында қолданылуы да әртүрлі жолмен жүзеге асырылады, олардың мақсаты біреу ғана –түрлердің генетикалық информациялармен алмаспауын қадағалау.....
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. ....