Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Айқайлап айтқан сөз

Бұл сөзді мен Парижге барып айтпақшы едім...

Біздің Жазушылар одағымыздың бірінші бастығы Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин айтты:

— Шераға, жолға дайындалыңыз, Парижге барасыз, — деді.

— Е, онда не болады екен?

— Шыңғыс Айтматовтың жетпіс жасқа толуына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында, ЮНЕСКО үлкен салтанаты симпозиум өткізеді. Соған барамыз. Қазақстаннан үш адам. Мен, Сіз және Қадыр Мырза Әли. Сонда бес-жеті минөттік сөз сөйлейсіз. Бірақ орысша дайындаңыз.

— Е, неге?

Өйткені Парижде қазақшадан французшаға аударатын тәржімашы жоқ.

Уақыты тым аз. Наурыз мейрамы өте салысымен, жиырма төртінде ұшуымыз керек.

- Тез құжаттарыңызды, екі суретіңізді еткізіңіз, — деп нығыздады Нұрлан мырза.

Айтты болды — орындау керек.

Құжат тапсыру қиын емес, ал сөзді қайттім? Өзіміздің Жазушылар одағының мінбесінен айта салатын сөз емес. Көз алдыма елестеттім: Париж. Салтанатты сарай. Дүние жүзінін түкпір - түкпірінен жиналған марқасқа жазушылар. Қарасы бар, ағы бар, сарысы бар. Шетінен сайрап тұр. Ал мен не айтамын? Және орысша.

Қиналған жерім осы болды. Бес-он минуттік сезді бес толғап әрең жаздым. Орысшадан соншалықты сорлы да емеспін. Бірақ өмір бойы қазақша жазып дағдыланған басым, орысшаға тосырқап қаламын.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18–ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р.Кантильонның атымен байланысты. М.Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В.Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И.Кирцнер, Ф.Мизес, Ф.Хайек, П.Дракер, Д.Макклеланд, Дж.Шэкль дамытты. Й.Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ хандығы ХVғасыр ортасы XVII ғасыр басы

1.Қaзaқ хандығының этномемлекeттік шекараларының өсуі.

2.Тәукe xан және оның “Жеті жарғысы”.

3. XV-XVII ғғ. Қазaқ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.

1. Моңғoл шaпқыншылығынан кeйін бapлық қазақ рyлаpы мен тaйпалары Жетісудa алғаш рет бір мемлекетке біpіктіpілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шeкарасы едәуір ұлғая түcті......
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Дастархан басында

Ұйымдастырылған іс - әрекет: Тіл дамыту
Лексикалық тақырып: Дастархан басында
Оқу қызметінің тақырыбы: Азық - түліктер
Мақсаты: Балаларға азық - түлік түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Азық - түліктердің қайда сатылатынын, қайда сақталатыны туралы мәлімет беру. Дастархан басындағы әдептілік туралы түсінік қалыптастыру. Тағамдарды қорлауға, оларды қадірлей білу керек екенін түсіндіру.
Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір - екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: азық - түлік бейнеленген суреттер, шынайы тағамдар
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Мотивациялық ынталандырушылық
Амандасу тренингі
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достарым!
Дөңгелене тұрып барлығы бірігіп қайталайды.

Тыныс алу жаттығуы
Мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығару.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдаршы?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Фонематикалық есту қабілетіне жұмыс
Құстар және желдің дыбысын тыңдау арқылы олардың атауын атап, буынға бөледі.
Артикуляциялық жаттығу
"Сағат", "Түтікше", "Тәтті тосап", "Ат шауып келеді", "Саңырауқұлақ", "Жылан" .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Ерхан Болатұлы | Бір кем дүние


Ақ пен қарасы таразыға тартылған, сынаптай сырғып қолда тұрмайтын уақыт қарымын кідірту пенде еншісіне бұйырмағын іс. Әр сағат алтынға парапар десек бір тәулік яки қолыңдағы жиырма төрт алтын іспетті. Бірінен – бірі алмасып заңдылыққа бағынған уақыт қанжары бір демде отыз күннің басын алып, он екі айды сергелдеңге салып селін сұлата тегінде сыры сан қатпар тарих қойнауына алалы – құлалы парақшасын алмастырады. Бір кем дүние десеңізші...

**** **** ****
Бірі – қуып - бірінен қашып, қанжілік кейіптегі дүниеде еш таусылмайтын ол - жанардың жасы екен. Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды. Самалалардай самсап барып жоқ болып кететін. Құламай - тұруды, жыламай – күлуді, тұраламай – ұғуды білмес едік. Егер егес – егізі болмаса. Бір кем дүние десеңізші...
https://www.zharar.com/engine/ajax/controller.php?mod=upload&area=full_story&author=araylym94&news_id=15691&wysiwyg=no&dle_theme=null#
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 11 зертханалық жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау» (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: № 11 зертханалық жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.14 – жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Қасқырдың тарамысы


Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.

Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.

Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды.

Интернаттың балалары демалысқа ауылдарына кеткенде, Нарбота күн ұзаққа ауладағы ас үйдің күншуағында кітаптан бас алмай отырады да, кешке өз төсегінен қашып менің қасыма келеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 — 18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың мазмұнын түсіну Оралхан Бөкей «Апамның астауы» (4 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың мазмұнын түсіну Оралхан Бөкей «Апамның астауы»
Оқу мақсаттары: 4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
Сабақ мақсаттары: - мәтінді түсініп оқиды;
- нақтылау сұрақтарын қояды;
- негізгі ойды анықтайды;
- кейіпкердің іс - әрекетін мәтіннен табады;
- кейіпкерді сипаттап, салыстырып бағалайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0