Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббатты қорғау)

Бiз екеумiз жолықтық,
Бipaқ тым кеш жолықтық,
Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық.
Маған құйды жарығын сенiң көңiл-терезең,
Арқамызда - құзар шың,
Алдымызда - өр өзен.
Өр өзеннен өтуге кiм бередi қайықты,
Кiм бар бiздi түсiнер, қане, кiм бар байыпты?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Бұрқасын ханым

Бір жесір әйелдің туған қызы және өгей қызы болыпты. Өгей қызы көрер көзге көрікті, биязы екен де, өз қызының сырт пішіні ұсқынсыз, оның үстіне кержалқау болса керек. Жесір әйел туған қызын жанындай жақсы көріп, тамақтың тәтті-дәмдісін соның аузына тосып, сөкет қылықтарын да елемейді екен, ал өгей қызына күндіз-түні жұмыс істетіп, жарытып тамақ та бермепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Отбасы Емхана Дәріхана Әмбебап Шаштараз

Мақсаты: Балаларды желілі ойындардың жаңа түрлерімен таныстырып, ойнатып және өзіндік ойын барысында өз қатарластарының ойымен келісулеріне, ойын кезінде бір рөлден екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, диалогтік тілді дамыту. Бір ойын бірнеше түрге бөлініп, өрбитінін балаларға көрсету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: дәрігер, әмбебап, шаштараз, жүргізуші, отбасы, ұялы телефондар, жанармай бекеті ойындарына қажетті құрал жабдықтар.

Ойын барысы: (Қонақтармен амандасу)
Мынау - менің жүрегім,
Барлығы осыдан басталған.
Мынау – менің басым, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №2 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2 Сөздердің және тіркестерінің мағынасын түсіну
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау
1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды
Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және қолданады.Қарапайым айтылымдарды сөйлесуде қолданады.
Кейбірі: Күнделікті өмірде қолданылатын жаңа сөздердің мағынасын түсінеді........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
• Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиет | Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны шығармашылық жұмыстары

Кіріспе.
Өзектілігі: қарастырып отырған курстық жұмысымның өзектілігі Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы курстық жұмыстың тақырыбы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келуі үшінде бұл тақырып өзекті..
Мақсаты: Менің курыстық жұмысымның мақсаты Е. Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болуы, мысалы, қазақ мектептері үшін түңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық кұрал жасауға ат салысқаны, ол еңбектері 1938—1939 жылдары "Халық мұғалімі" (қазіргі "Қазақстан мектебі") журналында жариялануын паш ету. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары

Кіріспе

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпаратық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табыады.
ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі – кітапханада екені баршамызға анық.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды кітапханалардың алар орны ерекше.
Кіапхана қызметін дамытуда көпшілік кітапханалардың және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет-ақ.
Кітапханаларда жүйелі түрде ғылыми - практикалық конференциялар, байқаулар, семинар-тренинг, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістерін жарнамалау.
Жарнама біздің елімізге нарықтық экономикалық қатынастар мен бірге келіп кірді. Алайда жарнамаға өнер ен мәдениет саласында оның ішінде кітапханада ғылым туындысы емес, насихат құралы ретінде қарау пост кеңестік кеңістікте, соның ішінде республикамызда әлі де басым болып отыр.
Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы - несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметінде нақты дамып келеді.
Жарнама агенттіктері, сондай-ақ оларға тапсырыс беретін жеке фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындар, дайын жарнма өнімін наихаттайтын жарнаманы жоғары бұқаралық қпарат құралдары тек орыс тілінде жұмыс істейді.
Қазіргі таңда кітапханаларда жарнаманы кеңінен падалана алмайтындағы және арнайы бөлімінің жұмыс жасамайтындығы бізді қатты қынжылтады. Міне, мен сондықтанда осы тақырыпты таңдап кітапханалық жарнаманың кітапханада, оның орны ерекше екендігін атап өтіп, оны кітапханашылар мен студенттер арасында кеңінен насихаттау. Бұл дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының кітапханалық жарнамасының мәселелерін шешудің жолдарын, жарнама жасаудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, жарнаманың кітапханада кеңінен қолдану ерекшеліктерін атап көрсетіп, терең талдау жасап, ғылыми зерттеу жұмысын жүргіздім.
Сонымен проблеманың көкейтестілігі қазіргі кезеңдегі кітапхана ісін одан әрі дамыту және осы кезеңдердегі қағидаларды басшылыққа ала лотырып, кітапхана ісін жандандыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Семей Торғай Жетісу кітапханалары (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Семей, Торғай, Жетісу кітапханалары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Сабақтың мақсаттары:
Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Тұлпардың тұяғы

Емханада, палатада жалғыз езің жатқанда басында неше алуан ойлар келеді. Ұйықтасаң — әр түрлі түс кересің.

Таң, алдында осы Орталық емханада Нұрғиса көз жұмды.

Бұл түс емес. Кез көргендер, көңілдес, дос пейіл азаматтар дүниеден өткен сайын, әсіресе емханада, палатада жалғыз жатқанда өзіңнің де бұл фәниге небәрі бес күн қонақ екеніңді ойлайсың.

Алдымда — түрлі газеттер, теледидар сайрап тұр. Газеттерді ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да — қым-қуыт қиыншылық. Әсіресе КТК құтыртады. Бір жерде газ жарылып, үй өртеніп кетіпті, бір жерде — біреуді - біреу өлтіріп кетіпті. Қажыгелдинге «қастандық» жасалыпты. Ұрылар үйді тонап кетіпті. Әйелдерді былай қойғанда, еркектер де тәнін сататын болыпты...

Сұмдықтардан сүрініп, аяқ алып жүре алмайсың.

Жылт еткен жақсылық хабар бар ма? Үлкен қаланың түнгі аспанындағы жұлдыздардай жыламсырап әрең - мәрең көрінеді.

Сонда бұл дүние — өзің бес-ақ күн қонақ болсаң — несі қызық?

Қызық ету, сірә, сирек адамдардың ғана қолынан келетін болар, Мысалы, мына Нұрғиса сияқты жарқылдап өтсең дүниеден,

Бірақ ол қиыншылық көрмеп пе? Тағдыр қиыншылығының көкесін керген шығар. Оған мойымаған. Қайғысыз, мұңсыз адамнан анадай сұрапыл да сұлу күйлер, әуендер төгілер ме еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0