Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. Өмірбаяны Отбасы 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек....
Ар алдында, адал, ақпыз десек те Сан сұрақтар алар кейде жағадан. Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке, Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам. Алуан ұғым алуан жаққа тартады, Сан көңілдің тұйығына малтыдым. Ғашық болып көрмегендер бар тағы, Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным......
Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі: - Ұлым, дәретте отырғаныңда сөйлейтініңді байқадым. Мұның - жаман әдет, - дейді. - Онда тұрған не бар, әке? - дейді. - Әрбір сөзді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта "Кироман-Катибин" дейді. Періштелер - өте пәк жаратылыс. Адам әжетханаға кіргенде, олар лас жерге кірмей тыста тұрады. Сен әжетханада сөйлесең, періштелер сөздерді жазу үшін амалсыз шайтанның үйіне кіруге мәжбүр болады. Бұл - Құдайға ұнамайтын қылық, - деді әкесі. Бала жаман әдетінен тыйылыпты. "Әжетханада сөйлеуге болмайды" деген ырым осыдан қалыптасқан екен.......
Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып табылатын рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән өзін-өзі тану пәні болып табылады. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор. .....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар Сабақтың тақырыбы: Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру; Сабақтың мақсаты: Әртүрлі стильдегі мәтіндерді салыстыра білуге үйрету.....
Телестудияның тілшісі Бақтыбай Айнабеков деген жігіт телефон соқты.
— Аға, Тұрар Рысқұлов туралы жарты сағаттық хабар ұйымдастырсам ба деп едім. Бұл телебасшылардың ұйғарымы. Соған сіз өзіңіз және Тұрекеңді білетін кісілер қатысса... Тұрекеңді білетін кісілерді сіз білесіз ғой. Өзіңіз айтсаңыз.
Бұл 1984 жылдың желтоқсаны еді.
Хабарға өзім қатысуын қатысармын - ау. Білгенімді айтып бағармын - ау, ал Рысқұловты көрген - білген адамды қайдан табамын? Рысқұловты көрген, киын - қыстау заманның езінде қызғыштай қорғаған бір азамат бар еді, ода дүниеден өтіп кетті. Қарт журналист Рахмалы Байжасаров еді. 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып, 1955 жылы босанып еді. 1960 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне «Тұрар Рысқұлов» атты көлемді мақала жазып еді. Жазбақ тұрмақ, атын сыбырлап айтуға бата алмаған кез болатын. Ал Рахмалы сол соншалықты «қорқынышты» есімді қорғап, ақтап жазады. Оған бас редактор Қасым Шәріпов қол қойып, жарыққа шығарады. Сөйтіп, Тұрар Рысқұлов кайта тіріліп келгендей болады. Адамдар бір-бірінен сүйінші сұрап, қуанып қалады. .....