Күні кеше бұл екі колхоздың арасына жаяу жүгіріп кете беруші едік. Енді жұрт машинасыз бір адым аттамайды. Бұл күнде екі арадағы жалғыз аяқ суыртпақ жол да жоғалған.
Былай шыға бере шофер жігіт саусағын шошайтып:
— Бензин таусылды. Қайтар жолыма бензин тауып бермесеңіз, мен жолда қаламын, — деп зарлады.
Ықылық ата ішіп алғанын көріп отырмын. Онымен айтысып оңбайсың: — көрерміз, — дей салдым.
Машина оқалақтаған сиыр құсап ойқы-шойқы жортып келеді. Бензин орнына багына арақ құйылғандай.
— Директордың бұйрығы бар, — деді шофер рульден қолын ала беріп саусағын шошайтып, — көлік «налево» жүрілмесін деген. Білсе, мені жұмыстан қуады.
Елге келгенде осы Шоңқарадағы Әдия әпкеме жолықпасам, бірдеңе жоғалтып алғандай боламын да тұрамын. Келуін келемін-ақ, енді көрші колхозға қайтарда көлік қинайды.
"Досым Федор, Мына хат - соңғы хатым. Соңғы тыныс, Соңғы дем қалды жақын. Жайшылықта айырмас ақ, қараны Сыпсың сөздер бір сәтке тоқталады. Тоз-тоз болған.....
"Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік"-деп Абылай хан айтқандай елбасымыздың болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыз бұл тұрғыда болашаққа қадам басатынымызды және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы рухани жаңғыру мақаласында өз қөзқарасымен, алға қойылатын мақсатты айқындады. Ал осы айқын мақсаттардың орындалуы үшін жасалатын қадамдар асқан көрегенділікпен жасалалуы тиіс. Елбасымыз айтқандай " жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу ". . Себебі өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет. Елбасымыз бәсекелестіктің рухани жаңғыру үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шыныменде бәсекелестіксіз ешнәрсе болуы мүмкін емес. Елбасымыз айтқан тұжырымды ойлар ешқандай ешқандай дәлеледеуді қажет етпейтін тәжірбиеден өткен қатаң қағидалар. Тәтіпке бағынған құл болмас дегендей біз елбасымыздың қадап айтқан қатаң қағидаларын қолдана отырып, дамыған елдердің көшін бастауымыз керек. Рухани жаңғырудың маңызы қандай?
Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын,революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. " Рухани жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас үшін " тұжырымды ойлардан, тағылымды тәрбие алып, ісімізден нәтиже шығаруымыз керек!!!.....
СырымбетұлыХангелді - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі –Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Көнекөз кәриялардың, батырдың қазіргі ұрпақтарының айтуына қарағанда, оның аты Хангелді емес, Қангелді көрінеді. Бала анадан шыр етіп жерге түскенде.....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалар туралы жазу.Алаштың Әлиханы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру: 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау. Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу; мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру: негізгі, туынды зат есім / сын есім / етістікті анықтау......