Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?
![Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?](http://cs411724.vk.me/v411724718/313b/-AiOG-pbzRU.jpg)
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады.
Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш көрсететін киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады.
Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан.....
KZ