Өмірбаян: Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазан)

Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарытау ауылында туған) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы. Құрмет Белгісі (1976) және Құрмет орденінің иегері (2014).
1959 - 1962 жылдары Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыды. 1962 - 1963 жылдыры Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1963 - 1990 жылдары Қарағанды облысы драма театры, ал 1991 жылдан Астана калалық музыка-драма театрында актриса. Оның ойнаған рольдері қатарында Еңлік, Шолпан, Ақбала, Текті, Мөржан, Сәруар (М.Әуезовтің "Еңлік- Кебек", "Айман - Шолпан", "Қарагөзі" мен "Түнгі сарынында"), Баян, Күнікей, Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Бәс-тес, Қалиса (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" бойынша), Майра (Ә.Тәжібаевтың осы аттас драмасында), Хадиша (С.Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдығында"), Салиха, Зейнеп (Д.Исабековтің "Мұрагерлері" мен "Ескі үйдегі екі кездесуінде"), Таңқа-бике (М.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Катерина (А.Н. Островскийдің "Найзағайында"; 1977), т.б. бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Бата-тілек: Қарасай батырдың Есімханнан алған батасы

Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай:
Аллаға қылығың жақсын,
Таңда машһар күніңде
Алдыңнан бүлақ ақсын!

Періштелер маңдайыңнан иіскеп
Жауырыныңнан қақсын,
Көкірегің ақ болсын!
Қара босағаңнан қыдыр кетпесін....
Баталар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.6 –көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау.
Сабақ мақсаттары: Көкжиекке бұрыш жасай тасталған дене қозғалысын сипаттайтын теңдеулерді білу.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Мусин Шахан Әлімханұлы ( 1913 - 1999 )

Мусин Шахан Әлімханұлы (27 желтоқсан 1913, қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылы. – 26 желтоқсан 1999, Алматы) – актер, Қазақстанның халық артисі (1966).
Өмірбаяны
1930 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды.
1931 – 1932 ж. Семей облысының Бесқарағай ауданы атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды.
Актерлік жолын 1934 ж. Семей облысы қазақ драма театрында (қазіргі Семей қазақ музыкалы драма театры) бастады. Мусин – осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі – І.Жансүгіровтің “Кек” (“Кек кетті”) пьесасындағы Бидахмет. Семей қазақ драма театрында Арыстан, Есен (М.Әуезов, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Әбіш (Б.Майлин, “Шұға”) бейнелерін жасады.
1954 – 1957 ж. қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды.
1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Абылайхан Жүсіпов

Бокстан 2013 жылғы жасөспірімдер арасында Азия және Әлем Чемпионы.

2014 жыл жастар арасында Азия және Әлем Чемпионы.

2014 жыл ІІ-ші жасөспірімдер Олимпиада ойындарының Чемпионы.

2016 жылы өткен Олимпиада Ойындарының қатысушысы.

2017 жылы Азия Чемпионатының күміс, Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2019 жылы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Моғол хандығының құрылуы

Кіріспе
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық жағынан алғанда біртұтас бола алмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егіншілік және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп, отырықшылыққа ауыса бастады . Жетісуда қалған монғолдар болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыр-шаруашылық күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігінің және түріктенген моңғол феодал үстем тобының наразылығын туғызды. ХІV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс және шығыс бөліктерге б-лінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының феодал шонжарлары 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты рольді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір территорияны алып жататын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының құрылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3C Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану
Сабақ мақсаты: Қазақ хандарының елді өркендетудегі рөліне баға береді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.
Сабақ тақырыбы: Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін ұғынады.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0