Реферат: Әдебиет | Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.
Сабақ тақырыбы: Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу 1-сабақ
Сабақтың оқу мақсаттары: 8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу
Сабақтың мақсаты: - Оксидтердің құрамын, жіктелуін, номенклатурасын білу
- Оксидтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Холинергиялық синапс құрылымы мен функциясының өзара байланысы. Синапстік берілу механизмі холинергиялық синапспен сипатталады. (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация и реттелу.
Сабақ тақырыбы: Холинергиялық синапс құрылымы мен функциясының өзара байланысы. Синапстік берілу механизмі холинергиялық синапспен сипатталады.
Оқу мақсаты: 10.1.7.2 синапс құрылымы мен функциялары арасындағы байланыс орнатады.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
• «синапс» түсінігін анықтап, жүйке импульсін жүргізудегі рөлді көрсетеді
Көптеген оқушылар:
• холинергиялық синапстың негізгі құрылымдық элементтерін атаңыз, олардың рөлін анықтаңыз
Кейбір оқушылар:
• синапстық берілу механизмін сипаттау үшін синапс құрылымы туралы ақпаратты пайдалану, тапсырмаларды шешу кезінде синапсты жұмыс істеуі туралы білімді пайдалану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?1-сабақ
Оқу мақсаты: Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
Сабақ мақсаты: Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Асылбек Боранбай Райханұлы (1972 жылы 9 қыркүйек)

Асылбек Райханұлы Боранбай (1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1993 жылдан).
Асылбек Райханұлы 1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
1994 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының актері.
2008 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының бас режиссері, көркемдік жетекшісі.
Гастрольдік сапармен Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ДНҚ репликациясы механизмі. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы механизмі. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.9 Чаргафф заңы арқылы ДНК репликациясы үрдісін сипаттау
Сабақтың мақсаттары:
- Чаргафф ережесін білу
- ДНК репликациясы механизмін түсіну - ДНК репликациясы үрдісін жазбаша сипаттай алу
- Мезелсон-Сталь экспериментінің ДНҚ-ның репликациясы теориясын зерттеуге қосқан үлесін бағалаңыз......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ковалентті байланыс. Оның қасиеті. Ковалентті байланыс түзілуінің донорлы - акцепторлы механизмі 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың қасиеттері
Сабақ тақырыбы: Ковалентті байланыс. Оның қасиеті. Ковалентті байланыс түзілуінің донорлы - акцепторлы механизмі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.1 ковалентті байланыс және донорлы-акцепторлы байланыс түзілуі мен механизмін түсіндіру,
10.1.4.2 ковалентті байланыс қасиетін сипаттау,;
10.1.4.3 H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын салу.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар ортақ жұп электрон арқылы түзілетін химиялық байланыс түрлерін біледі, оның түзілу механизмін және ковалентті байланысты сипаттайды. Льюис диаграммасын кейбір молекулар үшін көрсетеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Абылай ханның әлеуметтік саяси билігі

Абылай- қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп өз хандығы кезінде елдің саяси- экономикалық дамуына бірқатар елеулі өзгерістер енгізген атақты мемлекеттік қайраткер.
Орта жүздің сұлтаны Уалидің баласы Абылай (Әбілмансұр) «1711 жылы дүниеге келген. Атасы- Түркістан қаласының билеушісі әскери жорықтармен ерекше көзге түсіп, алайда озбырлығынан «қанышер» деген жағымсыз атқа ие болған. Абылай он үш жасында әкесінен айрылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан қашып құтылып, Түркістан жеріне келген. Осы кезден-ақ Абылайдың ойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастады. Ақылы мен ержүректігімен табандылығымен ерекше көзге түскен. Қашып жүргенде аты-жөнін жасырып «Сабалақ» атанған. Абылай орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады.
15 жасынан Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан. Абылай қазақ батырлары, билері және сұландары арасында белгілі болды. Бұл кезде Абылай қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтасыз етуді мақсат етіп қойған.
Қазақ халқының жадында тарихында Абылай ханның алатын орны ерекше. Абылай хан қазақ мемлекеттілігін орнатып,тәуелсіздігін сақтау жолында өзінің дипломатиялық, саяси-қоғамдық қызыметін жүргізді. Батыстан-Ресей, шығыстан-Жоңғар мен Қытай мемлекеттері қазақ даласының табиғи бойлығы мен ұлан ғұмыр әсеріне көз алартып, жаулап алу саясатын жүргізе бастаған кез болатын. Бұл кезеңді Шоқан Уалиханов «Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығы, ақылдылығы мен алғырлығын танытуға жағдай жасады» деп бағалады.
Абылайдың хандығы тұсында қазақ елінің әлеуметтік-саяси бейнесін Бұқар шығармашылығынан табуымыз анық.
Абылай ханның саяси көз қарасының негізгі түп-түйіні бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз, заңға негізделген мемлекет қалыптастыру болды. Ресей, Қытай сияқты ірі мемлекеттермен құқықты деңгейде тең қарым-қатынас жүргізіп, қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласпауды мойындатты. Абылай хан ішкі дүрдараз, алаусыздықты, сұлтандардың таққа таласу әрекеттерін тежеп, билер кеңесінің қызметін өз қолына шоғырландырды. Шоқан Уалиханов «Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі жоқ. Ол сөз өктемдігін асырып, ең алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын мұндай сұмдық шешім халық жиынының ұйғаруымен ғана жүзеге асыратын. Сөйтіп, ол ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылары мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйды»,-деп хан билігіне жоғары баға берді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Динозаврлар мен егеуқұйрықтар)

Динозавp алыптығы үшін ерте жойылды,
Сан мыңдаған майда сойыл оған қарсы қойылды.
Тарақандар динозаврлардан бұрын күн кешкен.
Әлі ғұмыр сүріп жатыр,
Тірлік-салты жүріп жатыр,
Алыптықтың неге қажет екендігін білместен.....
Өлеңдер
Толық
0 0