Курстық жұмыс: Саясаттану | «Тұран» геосаяси бағыты түркі халықтарының бірлестігі
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысы «Тұран» геосаяси бағыты: түркі халықтарының бірлестігін құру идеясын зерттеуге арналған.
«Тұран» - ежелгі парсы сөзі. Алғаш рет «Тұран» ұғымы зороастрийлік – отқа табынушылылардың қасиетті мәтіндерінде пайда болады. Бұл ұғым парсылар үшін дұшпандық көшпелі түркілер әлемін білдіреді. Содан бері «Тұран» - түркілер үшін қасиетті ұғым. ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «… Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен…», - деп жырлайды.[1]
Уақыт өте келе «Тұран» ұғымы түркілердің саяси идеологиясының да орталық ұғымына айналады. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында Ресей империясында татар интеллигенциясының мәдени-ағарту қозғалысы ретінде пайда болған пантюркизм идеясының бастапқы көздеген мақсаты түркі халықтарын ағарту және олардың жалпы прогрессі болса, кейіннен ол барлық түркі әлемін Түркия басшылығымен бір мемлекетке біріктіру мақсатына дейін өсті. Пантюркизм идеясын жүзеге асырудың соңғы сатысы болып саналатын пантуранизм доктринасы түркі тектес халықтарды, сондай-ақ тұрандық халықтарды (венгр, фин, эстон, мари, мордва, монғол, т.б.) «Ұлы Тұран» федерациясына біріктіруды мақсат етеді. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әлемде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты пантюркизм әр қилы ағымдарға айналып отырды: біресе үстемдік етуші идеологияға айналса, біресе жай ғана теоретикалық зерттеулер нысаны болды.....

Курстық жұмыстар