Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының жетекшілері «Оңтүстік» баспасөз клубында жергілікті зиялылармен кездесу өткізді. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» аталған кездесудің негізгі түйіні – қазақстандық біртұтастық идеясын талқылау және қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салу. Кездесуде Әбілда Аймақ, Бақытжан Алдияр, Нармахан Бегалыұлы, Сәбит Жолдасов, Сағынғали Әбубәкіров сынды өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері сүбелі әңгіме өрбітті.