Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаевалар үйінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастаған. Кейуана бұл қадамға үйін бұздырмау үшін барған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап nur.kz.
Қайрат Нұртас әлемге танымал Dolce Gabanna брендінен сатып алған миллион тұратын киімдерімен мақтанды. Гәкку арнасына сұхбат берген әнші бір кештегі ақ көйлек, қара шалбар мен аяғындағы спорттық аяқ киімінің құны бір миллион екі жүз мың теңге екенін айтты, деп хабарлайды nur.kz.
Серік Ибрагимов қаралым жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен Ерке Есмаханның "Қайдасың" әніне жауап ретінде "Бар-бар" әнін шығарды. Әнші ол жерде Ерке сынды "жоғын" іздеген қыздарға елімізде лайықты жігіттердің көп екенін айтады. Аталған ән Instagam желісінде тарады, деп хабарлайды nur.kz.
Былтыр іш киімді жарнамалап, ел алдына жартылай жалаңаш күйінде шыққан қазақ моделі Қорлан Мәди елдің сынына ұшыраған еді. Оны көпшілік сөгіп, қазақ қызының мұндай жарнамаға түсуі ұят дегенді айтқан болатын. Қорлан ikerim.kz сайтында бұған қатысты пікір білдіріп, жауап берді деп хабарлайды nur.kz.
Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде ұлы және жақында дүниеге келген егіз балаларымен түскен суретін жариялады деп хабарлайды nur.kz, vesti.kz сілтеме жасап.
Түркістандық мұғалімдерді қаланың осы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болуына орай көше бойын сырлап, сурет салып шығуға міндеттеген. Сондай-ақ, әкім қалаға Наурыз мерекесіне келетін туристердің шығынын мұғалімдердің қалтасынан өтеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды nur.kz.