Өлең: Фариза Оңғарсынова (Менің планетам)

Адам болса сезім мен сенім іздер,
келіңіздер, бері қарай еніңіздер.
Менің байтақ әлемім – планетамды
көріңіздер аралап, келіңіздер!
Бөгет те жоқ, кілт те жоқ осы арада,
(кіру қиын кей жерде шошалаға!)
есік те жоқ, алдыңнан арпылдайтын
есік баққан ит те жоқ босағада.
Қабырға жоқ итерер кеудеңізден ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаңырақ)

Бас қатырма баққа да, бұйымға да:
тірліктегі жұмағың үйің ғана.
Шатынап тұр, ал, менің шаңырағым –
келін жуас, қыз ойсыз, қиын бала.
Жабуға әзір қымтанып қақпаны ерте,
бірін-бірі менсінбей – жатқан ерке.
Бірлік жоқта байлық та берекесіз,
бауырмалдық болмаса, бақ та келте.
Атамыз да, деп жүрген жайда, мықты
пәтуасыз бір шалға айналыпты.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Достар әні» Фариза Оңғарсынова (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Достар әні» Фариза Оңғарсынова
Оқу мақсаты: 3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі /иллюстрация/ музыка (күй) /мультфильм нұсқасымен салыстыру
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен өлеңді музыка нұсқасымен салыстырып, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткізеді.
Көптеген оқушылар: өлең мен музыка нұсқасының нәтижелерін салыстырады және өз пікірлерін айтады.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, көркем-бейнелі сөздерді қолдана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ұрпаққа)

Жұртты ысырып өзіме жол да ашпадым,
басып өтіп басқаны төрге аспадым.
Жоқтау айтып, жібітіп ел көңілін,
сұрап, сығып алмадым көз жастарын.
Жең ұшынан ешкіммен жалғаспадым,
жалғандықпен алысып қан қақсадым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір құдірет бар дейді)

Бір құдірет бар дейді асқан дана,
қайда онысы Жерде ме, аспанда ма?
Құрығы ұзын деседі сол біреудің
дөп тиетін бұққанға, қашқанға да.
Қайда өзінің мекені? Ұлы ма анық?
Жарылқағыш адам ба нұры жарық?
Тірі жанға көрінбей отыр ма әлі
жалғыз өзі аспанға шығып алып?
Қүнге қызып жатыр ма, қарап Айға,
әлде бір кез жерді де аралай ма?!....
Өлеңдер
Толық
0 0