Шығарма: Тіл тағдыры — ел тағдыры

Тіл – қатынас құралы. Адам тыңдаушыға өз ойын емін–еркін жеткізіп, сондай–ақ тіл арқылы байланыс құрып, бұл қоғамда ілгері жылжу үшін белгілі бір ел болып, мәңгі өмір сүру мақсатында пайдаланылатын тіл – адамның дене мүшелерінің ішіндегі ең қажеттісі. Себебі, «Тілі өлген ел–тірі өлген ел».

Бүкіл әлемдегі елдерді алып қарайтын болсақ, әр елдің өзіне тән тілі, діні, салт–дәстүрі бар. Осы және тағы да басқа факторлар арқылы бір мемлекет өзге елдерден ерекшеленіп, әлем картасынан жеке қамтитын аумағын қалыптастырады. Дамыған елдердің қатарына кіріп немесе ғасырдан– ғасырға тарихи құндылығымызды жоғалтпай өрбу, қандай да болса мемлекеттің мақсаты. М.Әуезовтың «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» демекші «Тіл мәртебесі–ел мәртебесі».

Қазағым ойшыл, керемет халық қой. Өмірдегі кез келген жағдай, шешімін табар–таппас іске ақыл қосып, көмек сілтейтіндей өзінің оймақтай болса да ойлы мақал–мәтелдерін өз ұрпағына асыл рухани азық қорын мұра еткен. Ана дегенде толқымайтын теңіз, туламайтын жүрек болмайды деп көркем жазсақ, тіл дегенде бірден ойыма келетіні, жаныма жылу сыйлайтыны, ұлттық рухымды көтеретіні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі тілге арналған мына өлең шумақтары:

Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей–кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім........
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ИСЛАМТАНУ

Тәухид нанымы негiзiндегi ислам дiнi уә мәдениетiн, әдебиетi уә өркениетiн зерттейтiн ғылымдардың жыйынтық аты. «Аллаһ Тағалаға тәсiлiм болу, берiлу, мойынсұну; сәлеметтiлiкте һәм бейбiтшiлiкте болу» мағыналарындағы «ислам» сөзi Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда кезiгедi. Мәселен; «Аллаһтың хұзырындағы бiрегей хақ дiн – ислам-дүр» (3/19), «Бүгiн сендерге дiндерiңдi кәмiл қылдым, сендерге нығметiмдi тәмам еттiм және сендерге исламның ғана дiн болуына разы болдым» (5/3), «Аллаһ кiмдi тура жолға салғысы келсе, оның жүрегiн исламға ашады» (6/125)......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ұлтан оқиғасы


Сәрсебек жатақханаға қунаң қағып, күлімсіреген жүзбен кіріп келді. Шырайында бұрын-соңды болмаған көңілділік бар. Магазиннен жап-жаңа аппақ ақ жейде сатып әкелген екен. Онысының орауын жазды да «қане көріңдерші, қалай екен» деген адамша кереуетінің үстіне жарқыратып жайып тастады.

Және бір сұр шұбар галстук сатып әкеліпті.|Ақ көйлектің үстіне оны да шұбалта тастап қойды.

Жолдастары Сәрсебекке назар тіге қарасып:

— Сәкенді қара, ақ жейде сатып әкепті.

— Галстук сатып әкепті.

— Ой, сен ақ жейде әкелмеймін деуші едің ғой?

— Мынау бір жаңалық екен! — деген тәрізді сөздер aйтылып жатты.

Иә, Сәрсебекте әлгіндей оғаш мінездердің бір екені рас. «Өмірге жарасымы жоқ, кіршең» деп, ол ақ көйлек атаулыны ұнатпайтын. Галстукты түкке қажетсіз артық әурешілік деп қарайтын. Басқалардан бір бөлек томаға-тұйық жүріп тұратын. Жаңа жыл түгіл он мереке қабатынан келсе де бүйірі қызбайтын, сәнденіп бой түзеуді еш елемейтін. Қандай той -томалақ, кештерге де күнделік үйреншікті киімімен бара беретін.

Институтта бірге оқыған үш жылдың ішінде жолдастары Сәрсебектің бір қызбен көңіл қосуға талаптанбақ түгіл қиырдан көз салып, қырындамақ болған ниетін де байқаған емес-ті..

Қашанда қоңыр жүріп, қоңыр тұратын, оқудан өзге ештемені білмейтін осы Сәрсебек енді міне, аяқ астынан құбылып шыға келіпті. Бұрынғы көзқарастарынан айнып, ақ жейде, галстук сатып әкеліп отыр. Енді жігіттерден үтік сұрап тұр. Жыл бойы үтік тиіп көрмеген қоңыр костюмге істемегені қалмады. Әуелі есік алдына ауаға алып шығып, жарты сағат бойына щеткалап тазалады. Одан соң сабынды суға ақ шүберекті малғыштап отырып, әуелі шалбарын, одан соң педжагын мипаздап өтектеуге кірісті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Ертеңге - Елбасымен

«Ер- ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой. Ақтығында біздің батырларымыздың көзінің тірісінде, қайта құру дәуірінің бізге берген бақыты- Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы

Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:

Жалған атақтан арылып сәби болдым,
Алла атын айта-айта ашық болдым.
Аллаға бар жаныммен адал болдым,
“Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.

Сүндет емес кәпірге де берсе азар,
Көңілі қатты, діл азардан құдай безер.
Ондай құлға Алланың азабы даяр,
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].

Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады.
Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Хақназар хан


Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.

Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл

Мен Қазақстанда дүнеиеге келіп, тұрып келемін. Бұл менің Отаным, менің үйім. Адамның дүниеге келіп, өскен жері мәңгілікке әр адамның жүрегінде қалады. Ата-бабаларымыз бізге қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.Ұлттық әндерді тыңдай отырып біз қазақ елінің кең-байтақ жазықтарын, биік шыңды асқар тауларды көз алдымызға елестетеміз. Еліміз қазіргі біздің уақытымыздағыдай болуы үшін ата-бабаларымыз үшін көптеген ғасырлар қажет болды. Тарихымызға көз жүгіртсек, онда біз Қазақстанға тәуелсіздігін алу үшін екі жүзден астам жыл кеткенін байқаймыз. Ұлы Отан соғысы жылдарына Қазақстан үлкен үлес қосты. Он мыңға жуық адам Отанымыздың бостандығы мен болашағы үшін күрескен. Соғыс жылдары Қазақстан майданға қару-жарақпен, азық-түлікпен және барлық қажетті заттармен қолдау көрсеткен. Осы адамдардың арқасында біз еркін және тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Осы күннен бастап міне 25 жыл өтті. Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті.
Қазақстанның жеке мемлекеттік рәміздері бар, бұл – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар мемлекет тәуелсіздігін, бостандығын және ұлтын білдіреді. Қазақстан туы көк түсті – бұл бейбітшілік пен аман-саулықты білдіреді. Алтын күн – тыныштық пен байлықты білдіреді. Қалықтаған қыран – жомарттық, қырағылық пен ой биіктігін бейнелейді.
1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында осы уақытқа дейін қолданылатын еліміздің екінші Конституциясы қабылданды. Еліміздің әнұранның алғашқы мәтіні 1992 жылдың желтоқсан айында қабылданды. 2006 жылдың қаңтар айында қабылданған жаңа әнұран мәтінінің авторлары – Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев. 1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіздігіміздің тағы бір рәмізі пайда болды, бұл – ұлттық валюта. Қазақ халқының балалық шағынан бастап музыка өнеріне деген махаббаты ерекше етеді. Музыка – халық өмірі мен мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақстан әртүрлі бағытта дамып келеді. Заманауи Қазақстанда ұлттық мәдениетпен бірге кәсіптік мәдениеттің басқа да салалары дамып келеді, бұл: балет, кино өнері, театр, бейнелеу өнер және басқалары. Осы мәдениеттің ең маңызды жетістіктерінің бірі болып қазақ операсы танылады.Қазақстанда жыл сайын «Жас қанат», «Азия дауысы» атты жас орындаушылар байқауы өткізіледі.....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемес құқықтық негіздері құрылу ерекшеліктері

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулері оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады.
Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшаулану-шылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: «Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашы-лығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығкаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар-ақша және есеп айрысудың құралдарын шығарады».
Қорытындылай келіп, О.И.Лаврушин: «Сонымен, банк-ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі»-
дейді (1)
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзіреттеп отырады.
1989 жылдан бастап елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Түгендеу түсінігі

Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.
Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде түгендеудің қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда «түгендеу» ұғымы алғаш рет 1931 жылы «Вестник Академии наук» атты журналда пайда болған. Оған дейін түгендеудің орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау, қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған.
Жалпы түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы кіреді. Яғни түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен бағалануы анықталады.
Түгендеу маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазан)

Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарытау ауылында туған) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы. Құрмет Белгісі (1976) және Құрмет орденінің иегері (2014).
1959 - 1962 жылдары Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыды. 1962 - 1963 жылдыры Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1963 - 1990 жылдары Қарағанды облысы драма театры, ал 1991 жылдан Астана калалық музыка-драма театрында актриса. Оның ойнаған рольдері қатарында Еңлік, Шолпан, Ақбала, Текті, Мөржан, Сәруар (М.Әуезовтің "Еңлік- Кебек", "Айман - Шолпан", "Қарагөзі" мен "Түнгі сарынында"), Баян, Күнікей, Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Бәс-тес, Қалиса (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" бойынша), Майра (Ә.Тәжібаевтың осы аттас драмасында), Хадиша (С.Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдығында"), Салиха, Зейнеп (Д.Исабековтің "Мұрагерлері" мен "Ескі үйдегі екі кездесуінде"), Таңқа-бике (М.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Катерина (А.Н. Островскийдің "Найзағайында"; 1977), т.б. бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0