Реферат: Халық педагогикасының ғылыми- теориялық негізі

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмасада, өз ұрпағыы бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлен-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмеседе, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
Мақсаты - бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық творчествалықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы студенттердің, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер маманды-ғына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал ету.
Халық педагогикасында баланың дамуына ықпал ететін тәрбие факторлары мыналар:
1. Табиғат. Оның әрбір бөлігі-тәрбиенің көзі.
Ол адамға көрінетін, көрінбейтін әсерлер арқылы беріледі. Халық табиғаттың тәрбиелік әсерін поэзия тілімен бейнелеген.
Табиғат - халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлардың бірі болып табылады. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде кемелдену ұғымы туды.
Табиғатпен объективті үйлесімділіктің субъективті де жағы бар:
Біріншіден, денсаулықтың нығаюына көмектеседі;
Екіншіден, балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер етеді.
Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу арқылы оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндағы қандайда бір құбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты мәліметтер алады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Марат Саршаев

Марат Аманғалиұлы - «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі, 1985 жылы туған.

Қазіргі таңда инсульт әлемдегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінше инсульт салдарынан жыл сайын 6,2 млн адам қайтыс болады. 2015 жылы Қазақстанда 41 мың адам инсульт алып, оның 24%-ы көз жұмған. «Денсаулық 2016-2020 жж.» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инсульттің алдын алу және оның көрсеткіштерін төмендету мақсатында, біздің бөлімшеде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетіледі. 2016 жылы біздің бөлімшеде бас миы және жұлынға жасалған оталар адам шығынысыз сәтті өткізілді. Біз инсультқа қарсы күрес жүргізіп жүрген алдыңғы қатарлы емханалардың бірі болып табыламыз.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Қазақтың Абайы

«...Жүрегімнің бойына терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.»

Бұл сөз ақын Абайдың сөзі, өзінің жүрек ақтарысы. Жанының айнасы. Абай болашаққа осылай хат жолдады. Бұл өткен ғасырлардан бүгінгі өмір сүріп жатқан біздерге арналған жолдауы. Сол кездегі қиыншылық торлаған заманда адамдарға өз жанының сәулесін төгіп, күн шығатын жақты көрсеткісі келді.

18 тіл білген әдебиетші, профессор Құдайберген Жұбанұлы «Абай қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында былай деп жазды: «Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, ақымыз кететін түрі жоқ.»

Оның үстіне Абайдың ірі болғаны, оның өлеңі болсын, қара сөзі болсын, бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындарынан да озып шығып, соны жол салғанын ескерсек Абайдай бейнелі сол кезде қазақ ақындарынан ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру қиын емес.».....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ағылшын құқығындағы сот және процесс

Зерттеудің өзектілігі: XVII ғасырдан бастап әділеттік соттар өзіне "жалпы құқық" қолданатын соттарды бағындырды. Сот прецеденті жалпы құқықтың және әділеттік құқықтың негізін қалады. Бірақ бұл құқықтың қайнар көзінен басқа корольдің, соңынан, парламенттің шығарған статуттары пайда болды. Олар Хартия, ассиздер, ордонанстар деп аталатын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті:XIII ғасырда парламент пайда болғаннан кейін бл құқықтың қайнар көздері жылдам дами бастады. Парламент шығарған актілер статут, ал корольдің заңдары ордонанс деп аталды. Парламент алған актілердің заңдылығын бірде бір сот талқылауға сала алмайтын.
Зерттеудің тарихнамасы:Парламенттің актілері алынған қаланың немесе басқа жердің атымен белгіленетін еді. Осыған сүйене отырып, олар бүкіл мемлекеттің аудандары қолданатын жалпы нормаларды шығарды. Бұл нормаларда жергілікті әдет-ғұрыптар жүйеге келтірілген еді. Осы нормалар Вестминстер сотында және кешпелі соттың қызметінде қолданылды. Бұл нормалар кебіне ерікті феодаддарды және олардың жер иеленушілерін қорғайтын Ағылшынның жалпы құқығы осылай пайда болды. Сотпен ант берген адамдардың арасында кызмет бабының белінуі айқындадды. Сот құқық мәселелерді шешеді, ал ант берушілер фактілерді дәлелдейді және қарайды. Жалпы құқықтың екінші түсінігі бүкіл корольдіктің құқығы. Сонымен, Вильгельм және оның Генрих деген баласы мен немересі бір жағынан-феодалдардың мүддесін қорғады. Ал екіншіден-жергілікті халықты феодалдардың заңсыздығынан қорғайтын жалпы құқық жүйесін енгізді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3)табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиками тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Геймерлер деген кімдер?

Қазірде компьютерлік ойындарға әбден әуестеніп алғандар,бүгінде өздерін «геймерлер» деп атайды , Ал геймерлердің көбі киберспортпен айналысатын командаларға мүше болып табылады. Осы ретте, «киберспорт» деген ұғымға түсінік берейік. Себебі, компьютерлік ойындар арқылы пайда болған бұл термин әлі күнге құлаққа тосын естіледі. Сондықтан, «гейлер» мен «геймерлерді» шатастыратындар әлемде жетерлік. Ғаламтордағы анықтамалықтарға....
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Тұрған жерімде қақайып тұрып қалдым...

Өмірде неше оқиға болады екен. Мен оны алғаш көргенде тұрған жерімде қақайып тұрып қалдым. Оның қастары, еріндері, күлгені, дауысы бәрі мені бірден баурап алды. Сол сәттен бастап мен оны күндіз-түні ойлаумен болдым. Бірде агент желісінде оған достық жібердім. Ол қабылдады. Жүрегім дүрсілдеп сала берді.

Сол күннен бастап екеуміз танысып сөйлесе бастадық арада 1 айдай уақыт өтті. Ол маған өз сезімін білдірді. Мен жоқ дедім, ал ол болса өкінбейсінба деді мен болсам маған барібір дедім. Ол менің сенен көнілім қалды деп хабарсыз кетті. Бір аптадан соң ол менің Гүлжан деген жан досыма сөз сап соны мен журді. Ал мен қызғандым. Неге олай істедін десем қызғандыру үшін деді. Сүйтіп ол қызбен қайта айырылысып маған қайта сөз салды. Мен келістім......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Кемеңгер, дана, данышпан, ойшыл

Кемеңгер келістіден шығар,
Қара байыр, желістіден шығар.

Хас кемеңгер қайғырса да, қуанса да, қалт етпес.

Кемеңгердің артынан көп ереді.

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

Ісмердің байлығы қолында,
Кемеңгердің байлығы жолында.

Кемеңгердiң артынан көп ередi.

Дана,
Дананы да туған ана.

Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
Мақал-мәтелдер
Толық
2 0

Реферат: Құқық | Құқық нормаларын іc жүзіне асыру

Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қаты¬настарды реттеудің тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік - құқықтық кесімдерді іс жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру ең күрделі мәселелердің бірі. Іс жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы органдардың қоғам¬дық қатынастарды реттеудегі алдына қойған мақсаттары орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып жатса, онда олардың әрекеті және қүші бар деген мағананы білдіреді. Ал, қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздіқ танытып жатса қағаз жүзінде қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор....
Рефераттар
Толық
0 0