Бахаргүл Төлегенқызы – танымал топтамашы-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының бірден-бір жеке мұражайының иегері болып табылады. Қазақ ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай» компаниясының президенті.
Балалық шағы мен жастық шағы Қытай Халық Республикасында өткен Бахаргүл Төлеген бала кезіндегі арманын жүзеге асырды, 1994 жылы тарихи отанына оралды. Сол сәттен бастап Бахаргүл өмірін қазақ ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді сақтауға арнады.....
Құндылық-сізге бір заттың. маңыздылығымен пайдалылығы.Ал сіз құндылықты қалай түсінесіз?Әрине құнды заттар,құнды мәліметтер деп ойлауыныз мүмкін.Ия әр адамнын өз құндылығы болады .сіщ сол құндылығынызды білуіңіз қажет!Ата -ананыз ,туыстарыңыз,туған жеріңіз міне осының бәрі сіздің құнлылығыңыз.Ал ана үшін ең құндысы баласы. Құндылық мәдинетте.
Құндылық-мәдинеттің құрамдас бөлігі.Себебі:құндылық адамдардың өзін -өзі ұстауын реттейді.Мәдинет құндылықтары материялдық және рухани болып бөлінеді.Құнлылықтар мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шартастырылған. Жалпы адамзат бойындағы құндылықтар......
Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы санғасырлық күрес нәтижесі. Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік! Неткен керемет, шуақты ұғым! Осы бір сөз жаныңа жүрегіңнен де жақын, от жалынынан да ыстық, Алатаудан да асқақ, мұхиттан да терең сезіледі. Мына бір көрініске көз жүгіртіп қараңызшы...Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген, қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шаншылып, көкжиекке кеудесін тіреген асқар,алып шыңдар,тау төсін тауысша түрлендірген,сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, қыз-бозбала күлкісіндей сыңғырлай аққан бұлақтар,әсем әнімен жаныңды тербететұғын самал жел,сағымдай мұнартқан шөлдер. Дүние жүзінде мыңнан астам халық өмір сүруде.Олардың өзіндік халық болып қалыптасу тарихы да бар. Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, ана сүтін арда емген, ақпейіл қазақ баласы ықылым заманнан ата жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті-өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағыңды талай сындыртты. Біз тақымымызға бір тисе деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз,ноқта-жүгенсіз түсіп,жанына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды ұмытпақ емеспіз. Жұмыр жердің тыныстіршілігін, оның тағдырын, асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген-ұлы көне өмір көші.Осы көштің қарға тамырлы қазақ халқының қатпар-қатпар тарих қойнауына көз жүгіртсең, шулы ғасырдың, жұмыр басты пенденің шақшадай басын шарадай етіп, шаршы топты шырғалаңға тартқан шағында, етегін жаспен жуған қасіреті де, шаттанып күлген қуанышы да жеткілікті сияқты. .....
Сеңкібай Қабанбайұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда батырлық, ерлігімен даңқы ерте шыққан жас батыр әрі шешен. Ол шамамен 1712-1779 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Қазақтың төбе биі үйсін Төле бидің туыс, ет жақын бауыры. Төле бабамыз Әлібектің екінші әйелі Бүркіттен, ал бәйбішесі Молбикеден Тыныбек, Ақбота, Шора туған. Тыныбектен - Абыл, Қабыл тарайды. Сеңкібайдың әкесі Қабан да батыр кісі болған екен. Оны Майкөт ақынның мына бір өлең жолдары растай түседі, ақын былай деп жырлайды: Атасы Сеңкібайдың Қабан батыр. Бақ-дөулет ұрпағына қонып жатыр. Таластан тоған қазып, егін салып, Суландырған даласын о да батыр. Жастайынан Төле бидің тәлім-тәрбиесін алған .....
Сынау обьектісінің негізгі белгісі болып, сол обьект бойынша сынақ нәтижелерінің шешімі – яғни, оның ақаулығы мен жарамдылығы, ары қарай сынау мүмкішілігін ұсыну, сериялық шығару мүмкіншілігі және т.б. Өнімнің түріне және сынау бағдарламасына байланысты сынау обьектілері бірлік өнім немесе партиялы өнім түрінде болуы мумкін. Сынаудың техникалық базасына сынау құралдары жатады. Оларға техникалық құрылғылар, сынақ жүргізу үшін қажетті материалдар және т.б. Өлшеу құрадарымен бірге сынау құралдарының ең маңыздысы,ол сынау жабдықтары, яғни сынақ жүргізу үшін қолданатын құралдар. Оларға арнайы стендтар, сынау машиналары, климаттық камералар және т.б. Ол құрылғыларда сынаудың түрлі шаралары жүргізіледі: температура, ылғалдылық, қысым, электромагниттік және радияциялық әсерлер, механикалық күштер және т.б. Ерекше айта кететін жай, сынақ шараларының дұрыс жүруі сынақ жабдықтарының дәлдігіне байланысты. Олар міндетті турде бақыланып отырылуы керек. Сынау сапасының басты сипаты болып, қайта тексеру кезінде оның нәтижелерінің сәйкестігі. Сынақ нәтижелерінің дәлдігі деп – сынау кезінде анықталған параметрлер мен олардың шынайы сипат мәніне жақын болуы. Сынау кезінде бақылау нәтижелерінің дәлдігіне де көңіл бөлінеді – яғни нормативтік құжат талаптарына сәйкестігін анықтау. Сонымен қатар, сынау сипатының ең маңыздысы ол – нәтижелерді іске асыру. Осы сипаттың барлығы сынау сапасын құрады және оларды шартты түрде тура деп айтса болады, ол бірлігіне жетудің негізі. Сынау бірлігін қамтамасыздандыру талабына көрсеткіштердің дәлдігін бағалау, сынақ жүргізу әдісін орнатумен қатар аттестацияланған сынау құралдардың нормативтік дәлдігі бойынша жарамдылығы да ескеріледі. Ал мұндай нормативтік дәлдік бойынша жарамдылыққа жету үшін біз алдымен аттестациялау жұмыстарын жүргіземіз. Біздің бұл курстық жұмысымызда сынау жабдықтары туралы мәлімет пен қоса олардың түрлері, аттестация жүргізу тәртібі қарастырылады....
Табысты болу дегенде адамға келешекте өзің қалаған мамандығыңның зейнетін көру деп білемін. Ол бәсекелестік қабілетінің бір көрінісі болып саналады. Деректер арқылы таразылап көрсек, бәсеке –ол заманның сұранысына жауап беретін тауар өнімдері. Ал, мен сияқты болашағымды жазушылықпен байланыстырғым келетін жастар, не жазсақта заман ағымымен үндесіп, халықтың айтатын ойымен дәл келуі, халықтың жүрегінен шығатын тақырыпты таңдап алуымызда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»-деп айтпақшы, тақырыпты «Мәңгілік елдің» ұлттық құндылықтарын басқа әлемге атын жайып, ақпарат беру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жетік білуге, жаңа дәуір әдебиетін «Ұштұғырлық тілде» таратуға өзімді даярлаудамын. Мемлекеттік тілдің жаһандық жаңару әлемінде қазақ поэзиясымен прозасында болып жатқан ақын- жазушылардың шығармаларын үш тілде тарату, алдыға қойған мақсатым деп айтуға болады. Тіл арқылы осынау қоғамда насихатталуы тиіс, жақсы дәстүрлермен замануи адамшылық істер, кейде талас тудыратын, адами рухани жаңғыртатын көкейкесті мәселелерді ұсыну, адамның асыл мұраты екенін ұғындыруға тырысудамын. Мен, өзім тұратын Ақтөбе өлкесінің жаңалықтарын бүкіләлемге паш етуді, қарапайым еңбек адамдарын әңгімелеріме қосып, қазақ елінің қайсарлығын, бірбеткейлігін, намысқойлығын, ержүректілігін өз әңгімелеріме арқау етпекпін. Біздің батыста орналасқан облысымызда химиялық элементтер көп, бай жер. Мұнай өнімдерін, хром рудасын, мыс концентраты, алтын кендерін шығаратын екіжүзге жуық кәсіпорындарда әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштерін арттыруда, өңір халқы үлкен үлес қосуда. ....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам. Жер. Ғалам Сабақтың тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру 6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • жер бетіндегі үдерістермен мен құбылыстарды анықтайды; • жердің қасиеттерін түсіндіре алады.....
«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер). Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі: … Астында Шұбар секірді, Жазым болып кетер деп, Үстінде бала бекінді, Шынжыр арқан,темір тор, Жүн- жүн болған секілді. Тағы шұбар бұлқынды, Үстінде бала жұлқынды, Қамалап тұрған қалмаққа, Жалғыз бала ұмтылды. Енді қалмақ сасады, Қақпаның аузын ашады. Біріне бірі қарамай, Қақпаға құлып сала алмай, Бет бетімен қашады. Алдыңғы жағын қалмақтың Арт жағы келіп басады… …Көк орданың басында, Көк өзеннің қасында, Тайшық хандай ханына Алпамыс берен айқасты. Қарсыласып қалысты, Тайынбай найза салысты. Біріне бірі ылағып, Екі найза қағысты. Осы менен екеуі Біраз жерге барысты. Найзаларын тастасып, Қылышпенен салысты. Ат үстінен жүгіртіп, Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсыбір жекеленген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді. Оқыту мазмұны және психикалық, даму. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады.Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен совет психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі езгертуге бола-тынын дәлелдеп берді. Көптеген зерттеулерде (Л, А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық, мағынасында қолдана алмайды деді. Пиаже сипаттаған «санның сақталынбауы» деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зерттеулері көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар балалар арасында да болмайды екен. Пиаженің есебі бойынша 11 —12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалык операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулерден алынған деректер төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. ....