Реферат: СОТ БАЛЛИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА

Сот-сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке басына карсы, бейбітшілік пен адамзаттын қауіпсіздігіне қарсы, конституциялык құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне карсы, меншікке қарсы, қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондайақ әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.

Сот баллистикалық сараптаманың тақырыбы

—заттарды атыс қаруына, оқ-дәрілерге жатқызу фактісін;

—атыс қаруы данасының жарамдылығын (жарамсыздығын) және қарудың атуға жарамдылығын;

—атыс қаруы данасынын, дайындау тәсілін немесе онын күйінің өзгеруін;

—атыс қаруы данасының, оқ-дәрілердіңтүрі, моделі, маркісі, калибрін;

—атыс қаруы данасының жекелік тепе-теңдігін;

—атыс қаруы бөліктерінің оның нақты данасына катыстылығын;

—атыс қаруы мен оқ-дәрілердің шығу көзін;

—атыс қаруын пайдалану шарттарын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері

—бүтіндей атыс каруы және оның жеке бөліктері;

—оқ-дәрілер - оқтар, кәртеш, бытыра, гильзалар, тығындар, төсемдер, капсюльдер және басқалары;

—газды қару;

—қару мен оқ-дәрілерді қайтаратын заттар — атылған снарядтар (оқтар, бытыра, кәртеш), гильзалар, тығындар, төсемдер, сондай-ақ жәбірленушінің киімдерівдегі зақымдар және оқиға орнындағы заттар (тесіп өту жерлері, рикошет іздері);

—атыс қаруы мен патрондар жарақтары құрауыштарын дайындауға пайдаланылған күрал-саймандар;

—оқиға орнынын заттық күйінің элементтері;

—салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;

— сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы;....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Байғожа Баязитов (1929-1999)

Байғожа Баязитов (1929-1999) 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Ақынтоғай ауылында туған. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын Киров ауданындағы «Победа» мектебінде бастауыш сыныптарға мұғалім болып бастаған. Содан соң әр жылдарда Киров, Түркістан, Қызылқұм аудандарында, Арыс, Жетісай қалаларында орта мектептердің директоры, аудандық атқару комитеті жанындағы кәмелетке жасы толмаған балалар істері жөнінде комиссияның жауапты хатшысы болған. Медальдармен марапатталған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.

Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.

Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! –

деп толғайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ләйла Ақназарқызы (6 ақпан 1960 жылы)

Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (6 ақпан 1960 жылы Алматы қаласында туған) — актриса, театр педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).
Ләйла Ақназарқызы 1960 жылы Алматы қаласында туған. 1977-1981 жылдары Алматы көркем театр институтында КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқып. «Драмалық театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Сол жылы М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының құрамына алынды.
Әуезов театрындағы ойнаған рөлдері:
Қара шаңырақтағы алғашқы рольдері: Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Ғалия, С. Сматаев «Жұлдызым менің жоғары» – Шолпан, Б. Мұқай «Тоят түні» – Баян, М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, И. Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, «Шыңғыс хан» – Құлан, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, Б. Атабаев, А. Тасымбеков «Кебенек киген арулар» – Жания, Володин «Кесіртке» – Әнші, Е. Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» – Зарина, т.б.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мақпал Тажмағамбетова

Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса) – ақын

Мақпал Тәжмағамбетова – ақын, жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін" және "Аспантаудың көктемі" атты үш кітап авторы. Ақсу ауданының 80 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған республикалық байқауларда бірінші орын алған. Молықбай қобызшы, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері. Былтыр Ресей жазушылар Одағының шешімімен білікті аударма үшін балқар ақыны Керім Отаров атындағы алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Жұмабай Арман (Тәуелсіздік)

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Оны бізге ешкім тегін бермеді.
Желтоқсанның ызарында қиналып
Қазақ елі Тәуелсіз боп өрледі.

Талай боздақ жігіттер де қыздар да
Көз жұмды ғой сол бір....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – тұғырым!

Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Н.Назарбаев

Тəуелсіздік-қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі. Тəуелсіздікке жол ашқан ұлт-азаттық көтерілістің соңғы серпіні болды десек қателеспеспіз. Осылайша, Көкбөрідей киесі бар, көк түріктей иесі бар қазақ халқының сағы сынбады, бағы жанды. Тағдырымызға тəубе!

Небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген қазақ халқына Алланың мейірі түсіп, Егеменді ел атандық! 1991 жылы 16-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы қабылданғанына да, міне, биыл-28 жыл толмақ. Осынау жылдар аясында еңсеміз биіктеп, рухымыз шалқи түсті. Төрткүл дүниеге «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет танылды, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Шекарамыз айқындалып, жеріміз түгенделді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші

Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды
ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар оқиғасы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 71 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалыпты. Оларды теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз. 1941 жыл 22 маусым. Қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы ССРО-ға тажалдай төніп, тұтқиылдан тап берді. Бейғам, мамыражай тірлік кілт үзілді. Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұл-қызы Совет Армиясында шайқасты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді, қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдей білді. Қазақстандық жауынгерлердің осы жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды.
Табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш қайрат көрсеткен және сұрапыл шығындарға ұшыраған Совет Одағы фашистік Германияның қуатты әскери машинасын тас-талқан етті. Төрт жыл бойы соғыс қырғыны жауынгерлердің қатарын селдіреткені, ал мұның өзі қалалар мен ауыл, селоларға «қара қағаз» болып жетіп, жесірлердің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат. «Ерлік – елдіктің ескерткіші» деген дана халқымыз. Сұрапыл отты жылдары кеуделерін отқа тосып, бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін деп ұрандаған бар адамға «Жеңіс» деген сөз күш-қуат берді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

Қажеті жоқ...
Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып ізденейік.
Ги де Мопассон
Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Шығармалар
Толық
0 0