«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» Н.Ә. Назарбаев 1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. ....
Жаздың бір күнінде менің ішім пысып өзім интернет арқылы 1 мир ашып алдым.Оган өзімнің толық аты-жөнімді жазбадым.Фотоға интернеттен әдемі 1 қыздың суретін қойып қойдым.Басында өзіме ұнайтын баланың атын жазып поисктан іздеп көрдім.Оның атына ұқсайтын аттар көп шықты.Солардың ішінен 1 сүйкімді балаға дружба жібердім.Ол мени қабылдады.Мен ол кезде орыс тілін өте жақсы білмейтінмін.Ол бала маған көбіне орыс тілінде жазатын.Өзінің ұлты қазақ болсада орысша сөйлеп,орысша оқыған.Сонымен ол баламен күнде сөйлесіп жүретінмін.Күндердің күнінде оның достары маған дружба тастады. -Салем сұлу қыз деп бір баланың атынан хат келіпті.Мен оның авасына қарап түрін онша ұната қоймадым.Ол маған күнде смс жазатын.Мен оған кейде қолым тигенде,ішім пысқанда жауап қайтаратынмын.Ол маған мақтаншақ,өзімшіл боп көрінген.Ал ондайлар маған мүлде ұнамайтын.Ол маған күнде смс жазуын тоқтатпады. 1 айдай сөйлесіп ол жоқ боп кетті.Бір күні агентте отырсам сол жаннан хат келіпті.Салем,қалайсың... -сонымен екеуміз 2 күндей тағы сөйлестік.Келесі күні ол менен номерімді сұрады.Мен ол кезде басқа қалада болатынмын.Ішім пысып отырғаннан сөйлессем сөйлесіп көрейінші деп номерімді бердім.Ол маған телефоныма қоңырау шалып, күнде сөйлесіп телефонмен сөйлесіп тұрдық.Мен ол баламен басқа қыз боп сөйлесіп жүре бердім. 1 күні кешке ол маған звандап ұйықтардың алдында өлең айтып берді.(Қайырлы түн,жаным!)Мен ол балаға бауыр баса бастадым.Ол маған ертесі күні звандағанда оған маған енді хабарласпауын өтіндім.Ол Неге,не үшін деп таң қалды.Мен оны алдап жүргенімді айта салғым-ақ келді.Бірақ мен оған мен тез бауыр басып қалам,сондықтан сөйлеспегеніміз абзал дедім.Ол маған сол кезде телефонмен өз сезімін білдіріп,жауабын менен сұрады.Мен оған келісімімді бердім.1 күн сөйлестік.2-ші күні ар-намысым шыдатпай оған бар шындықты жайып салдым......
Оқу жылы аяқталысымен жұмыс істеуге жараған балалардың көпшілігі шабындықты алқапқа шалғы түсер күнді асыға күтеді. Жылдағы әдет бұл. Ақыры ол күн де келіп жетті. Балалар жағы Жазаға деп атап кеткен бригадир Жазубай Әбиев аға жылдағыдай әр балаға кімнің тіркемешесі болатынын айтып тұр. Міне ол менің есімімді атады.
– Сен, Игілік Шекебаев ағаңның тіркемешесі боласың, – деді . Мен Игілік ағаның «Беларусіне» қарай беттедім. Ол кісі шөп машинасын майлап жатыр еді. Мені көріп:
– Е, сен екеуміз тағы да бірге істейтін болдық па? Дұрыс-ақ, – дей келіп шөп машинасының қай жерін майлау керектігін тәтпіштеп түсіндірді. Іле іске кірістік. Тырнадай тізбектелген тракторлар... Шалғы ізінде қалып бара жатқан шабылған шөп. Күн көтерілген сайын ысып сала берген шабындықты алқап. Сол алқапта бітік өскен сан алуан шөптердің танауыңды қытықтаған жұпар исі көңілге әлдебір қуаныш сезімін ұялататындай. Жұмыс күні де аяқталды. Бригада машинасының қарасы көрінді. Ол тоқтаған тұста Жазубай ағаның: « Кәне шалғыларыңды кузовқа салыңдар!» – деген даусы естілетін. Бүгін олай болмады. Іле Жазағаңның машинасы сынып қалғаны белгілі болды. Сол сәт мен Байқожаға қалай жетер екенмін деп ойлаумен болдым. Шоманға келген тұста Игілік аға мені күнде бригадир Байқожаға апарып тастайтынын, үйім сонда тұратынын айтып көріп еді. Жүргізуші: «Мен ештеңе білмеймін», – деп түсіріп тастады. Күн қасқарайып бара жатты. Жүгіріп кеңсенің тұсынан өте бергенімде: «Тоқта, тоқта дедім ғой мен саған», – деген зілді дауыс еріксіз .....
Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсылықтықты айтады. Теориға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушлардың санына, сондай – ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады. Бірінші белгісі – капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы. Екіші белгісі - әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпарыттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды. Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бырыңғайлығы. Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды. Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді. Осыған байланысты банктік капиталы неғұрлым мол шоғырланған ақша нарығындағы қарыздар бойынша пайыздар, аз шоғырланған нарыққа қарағанда жоғары болуы тиіс, сөйтіп тиісінше банктің табысы да соғұрлым жоғары болады деген қорытынды туады. Әйтсе де, банк ісіндегі бәсекелестікті зерттеу нәтижесі мұндай болжамдардың болу мүмкіндігін сөзсіз құптамайды. ....
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін. Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі. ....
Күн энергиясы. Күн — Күн жүйесінің орталық және ең үлкен денесі. Күн массасы Жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлык, планеталардың жиынды массасынан 750 есе көп. Күн — энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектінің барлық бөлігінде — рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Сонымен қатар, Қүн — бізге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптын көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн — нағыз жұлдыз,. сондықтан оны зерттеу жалпы жұлдыз атаулының табиғатын түсінуге көмегін тигізеді. Жер орбитасының эллипстігіне байланысты Күннің көрінетін бұрыштық диаметрі едоуір өзгеріп тұрады. Орташа алғанда ол 32 немесе 1/107 радиан. Ендеше Күн диаметрі 1/107 а. б., яғни 1 400 000 км-ге жуық, Жер диаметрінен 109 есе артық деген сөз. Жер атмосферасының шегінен тысқарыда күн сәулелеріне перпендикуляр орналасқан 1 м2 ауданға Күннің 1,36 кВт сәулелік энергиясы сәйкес келеді. Осы санды радиусы Жерден Күнге дейінгі қашықтыққа тең шар бетінің ауданына көбейтіп, Күннің толык сәуле шығару куатын (оның жарқырауын) табамыз, ол 4 • 1023 кВт-қа жуық. 6 000 К (Күннің эффектілі температурасы) температураға шейін қыздырылған дене осындай куатты сәуле шығарады. Жердің Күннен алатын энергия ағыны шамамен оның толық энергиясынын, 1/2 000 000 000-іне тең.....
Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001).
Өмірбаяны 1996 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1998 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірді. 2000 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген. 2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы.....
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту»- деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан «Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті» тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып табылады.....
Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында туған) — Дос-Мұқасан ансамбльінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет орденінің иегері (2011). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2005). Ақжол Нұсқабекұлы 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Әкесі - Нұсқабек. Анасы - Айша. Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің түлегі. Мектептен соң Өзбекстанның Наманған қаласында Музыка училищесін бітірген. Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген (мамандығы аграном). Еңбек жолы....